Ерейментау ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 7С-37/2-22 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 желтоқсанда № 31058 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 8С-36/2-25 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 17.01.2025 № 8С-36/2-25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ерейментау ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы
М.Абжиков


  Ерейментау аудандық мәслихатының
2022 жылғы 9 желтоқсандағы
№7С-37/2-22 шешіміне
қосымша

Ерейментау ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері

Атауы

Есептік бiрлiк

Теңге (қосылған құн салығынсыз)

Жайлы үйлер

айына 1 тұрғынға

272,32

Жайлы емес үйлер

айына 1 тұрғынға

276,78

Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф

1 текше метр

2980,35


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады