Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi мен Қытай Халық Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi арасындағы денсаулық сақтау және медициналық ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы

Жаңа

Келісім, Астана қ., 2001 жылғы 12 қыркүйекте

________________
      * 2001 жылғы 12 қыркүйекте күшiне ендi.

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттігi мен Қытай Халық Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi денсаулық сақтау және медициналық ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге тiлек бiлдiре отырып, төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Тараптар Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық денсаулық сақтау жүйелерiн одан әрi жетiлдiру мүдделерi жолында денсаулық сақтау және медициналық ғылым саласындағы ынтымақтастықты теңдiк және өзара тиiмдiлiк негiзiнде дамытатын болады.

2-бап

      Тараптар Тараптар мемлекеттерiнiң денсаулық сақтау ұйымдарының, ғылыми-зерттеу және медициналық институттарының арасында тiкелей ынтымақтастық орнатуға ықпал етедi.

3-бап

      Тараптар денсаулық сақтау мен медицинаның мынадай салаларында ынтымақтастықты дамытатын болады:
      - дәстүрлi медицина;
      - денсаулық сақтаудың экономикасы;
      - ана мен нәресте денсаулығын сақтау;
      - фармация;
      - эпидемиология;
      - медициналық ғылым;
      - медициналық, оқытушылық және ғылыми кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн көтеру.
      Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарындағы жұқпалы аурулардың жай-күйi туралы, сондай-ақ карантиндiк жұқпалы аурулар тiркелген жағдайларда жедел ақпарат алмасатын болады.
      Тараптар Қазақстан-Қытай мемлекеттiк шекарасы арқылы эпидемиологиялық және радиациялық қауiптi жүктердi тасымалдау туралы, сондай-ақ жұқпалы аурулардың таралу қаупi жағдайларында бiр-бiрiн хабардар ететiн болады.
      Тараптар екiншi Тараптың аумағында жұқпалы аурулардың ауқымды таралулары, радиациялық апаттар және Тараптар мемлекеттерi халқының денсаулығына зиян келтiруге әкелiп соққан басқа да жағдайлар туындаған жағдайда Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамаларына сәйкес өзара көмек көрсетедi.

4-бап

      Тараптардың арасындағы ынтымақтастық мынадай нысандарда жүзеге асырылатын болады:
      - бiрлескен ғылыми зерттеулердi жүргiзу;
      - сарапшылармен және мамандармен алмасу;
      - Тараптардың заңнамаларында белгiленген тәртiппен берушi Тараптың мемлекеттiк және өзге де заңмен қорғалатын құпиясын құрайтын ақпараттарды есептемегенде, басқа ғылыми зерттеулер саласындағы ұсыныстарды, ғылым жетiстiктерi мен жаңа ашылымдарды қоса алғанда, денсаулық сақтау мен медицина саласындағы ақпарат алмасу;
      - өзара мүдделiлiк бiлдiрiлетiн тақырыптар бойынша ғылыми кеңестердi, семинарларды және жұмыс бабындағы кездесулердi бiрлесiп ұйымдастыру;
      - екiншi Тарап өткiзетiн халықаралық ғылыми кеңестерге сарапшылар жiберу.

5-бап

      Тараптар Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында олардың 15 аптаға дейiнгi жалпы кезеңде бiлiм алу курстарынан өтуi үшiн мамандармен және сарапшылармен алмасатын болады. Жiберушi Тарап екiншi Тарапқа мамандар мен сарапшыларды жiберерден 3 ай бұрын мамандардың жеке деректерiн, атқаратын қызметi туралы ақпаратты ұсынады, жiберiлгендiгi және шет тiлдерiн меңгергендiгi туралы ұсыныстардан хабардар етедi. Қабылдаушы Тарап курстардың ету уақыты мен орыны туралы хабарлайтын болады.

6-бап

      Тараптар екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамаларына сәйкес пациенттердi (науқастарды) консультациялар алу және емделу үшiн жiбере алады. Барлық шығыстарды жiберушi Тарап көтеретiн болады.

7-бап

      Тараптар өздерi қатысушылары болып табылатын Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдар өткiзетiн қызмет шеңберiнде ынтымақтасады.

8-бап

      Қабылдаушы Тарап осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес екiншi Тарап жiберетiн адамдарға, олар қабылдаушы Тарап мемлекетiнiң аумағында болатын кезеңде кенеттен ауырған немесе бақытсыздыққа ұшыраған жағдайда уақытша болатын мемлекеттiң заңнамасына сәйкес тегiн медициналық қажеттi қызмет көрсетудi қамтамасыз етедi.

9-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру мақсатында ынтымақтастықтың нақты бағыттары мен нысандарын белгiлеу, сондай-ақ осы Келiсiмнiң iске асырылуына бақылау жасау үшiн Тараптар сарапшылардың тұрақты жұмыс тобын құрады. Жұмыс тобы ара-тұра Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында алма-кезек мәжiлiстер өткiзетiн болады.

10-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде немесе қолдануда келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келiссөздер немесе консультациялар арқылы шешетiн болады.

11-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар жеке хаттамалармен ресiмделедi және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылады.

12-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған кезден бастап күшiне енедi. Осы Келiсiм бес жыл бойы қолданыста болады және егер Тараптардың бiрi осы Келiсiм қолданысының тиiстi кезеңi аяқталардан алты ай бұрын екiншi Тарапқа оның қолданысын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарламаса, келесi бесжылдық кезеңдерге өздiгiнен ұзартылатын болады.

      Астана қаласында 2001 жылдың 12 қыркүйегінде әрқайсысы қазақ, қытай, орыс және ағылшын тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.

                                                       (Қолдары)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады