Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Хорватия Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум

Жаңа

Меморандум, Загреб қ., 2001 жылғы 18 шілде

(Меморандум 2001 жылғы 18 шілдеде күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Хорватия Республикасы Сыртқы істер министрлігі, бұдан әрі Тараптар,
      екі мемлекет халықтары арасындағы достық қатынастарды, түсіністік пен сенімді дамыту және нығайтуды қалай отырып,
      мемлекет егемендікті сыйлау теңдік ішкі істеріне қол сұқпау принциптерін басшылыққа алып,
      БҰҰ Жарғысы, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық Кеңесінің Қорытынды Актісі, жаңа Еуропаға арналған Париж Жарғысы және ЕҚЫҰ шеңберіндегі қабылданған басқа да құжаттардың мақсаттары мен принциптеріне сәйкес,
      Тараптар арасында тұрақты консультация мен пікір алмасу пайдалы әрі маңызды деп қарай отырып,
      келесі мәселелер туралы келісті:
      Тараптар өздері мүдделі екі жақты және халықаралық қатынастардағы көп жақты мәселелер бойынша тұрақты консультациялар өткізеді.
      Консультациялар міндетті түрде Астана және Загреб қалаларында өткізіледі. Консультация сондай-ақ БҰҰ және Тараптар мемлекеттер мүше болып табылатын басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде өткізілуі мүмкін.
      Өкілдері деңгейі, күн тәртібі, күні және консультация өткізілетін жер дипломатиялық арналар бойынша Тараптардың өзара келісімімен белгіленеді.
      Осы Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Ол үш жыл бойына қызмет етіп, келесі үш жылға өздігінен ұзартылып отырылады, Тараптардың біреуі екіншісіне жазбаша түрде оның қызметін тоқтатуы туралы ниет білдірілгеннен кейінгі үш айдан кейін тоқтатылады.

      Загреб қаласында 2001 жылғы 18 шілдеде әрқайсысы қазақ, хорват, орыс және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа дана болып жасалды және де барлық мәтіннің күші бірдей. Осы Меморандум ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, ағылшын тіліндегі мәтін ұстанатын болады.

(Қолдары)  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады