Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен Peceй Фeдepaциясы Көлiк министрлігі арасындағы Ресей Федерациясының аумағы бойынша қазақстан жүктерiнiң және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша peceй жүктерiнiң транзитiне қолайлы тарифтік жaғдaйлap жacaу туралы Келісім

Жаңа

Келісім, Сочи қ., 2006 жылғы 15 тамыз

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi
мен Peceй Фeдepaциясы Көлiк министрлігі арасындағы Ресей
Федерациясының аумағы бойынша қазақстан жүктерiнiң және
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша peceй жүктерiнiң
транзитiне қолайлы тарифтік жaғдaйлap жacaу туралы
КЕЛІСІМ <*>

(2006 жылғы 15 тамызда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,
2006 ж., N 6, 45-құжат, СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен Ресей Федерациясы Көлiк министрлiгi,
      1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы Темiр жол көлiгi кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы  келiсiмдi негiзге ала отырып,
      1993 жылғы 17 ақпанда қол қойылған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Темiр жолдары әкiмшiлiктерiнiң (Темiр жолдардың) тарифтiк келiсiмiн (бұдан әрi - Тарифтiк келicім) басшылыққа ала отырып,
      Ресей Федерациясының аумағы бойынша қазақстан жүктерiнiң және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ресей жүктерiнiң транзитiне қолайлы тарифтiк жағдайлар жасау жөнiндегi үйлестiрiлген iс-қимылды жүзеге асыру мақсатында,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының транзит-көлiк  әлеуетін пайдаланудың тиімділігін арттыруға ұмтыла отырып,
      төмендегi туралы келiстi:

1-бап

      Осы Келiсiмде айрықша жағдайлар деп Тарифтiк келiсiм шеңберiнде жыл сайынғы Тарифтiк конференцияларда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы темiр жол желiлерiмен тасымалдауға қатысты бөлiгiнде тиiстi жалға алу жылына келiсiлген және бекiтiлген, халықаралық қатынаста жүк тасымалдарына арналған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер темiр жолдарының тарифтiк саясаты ережесiне (бұдан әрi - ТМД Тарифтiк саясаты) сәйкес белгiленген тарифтердi есептеу көзiнде қолданылатын коэффициенттер мен АҚШ долларымен көрсетiлген арнайы алымдар түсiнiледi.

2-бап

      Тараптар Ресей Федерациясының аумағы бойынша қазақстан жүктерiнiң транзитiне және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ресей жүктерiнiң транзитiне Тарифтiк келiсiмге қатысушы темiр жол әкiмшiлiктерiнiң Тарифтiк конференцияларында келiсiлген және бекiтiлген тиiстi жалға алу жылға сәйкес ТМД Тарифтiк саясат ставкалары және ережелерi бойынша есептелген тарифтерге айрықша жағдайларды, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына және Тараптар мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын халықаралық жағдайларға сәйкес тиiстi жылы қосымша айрықша анықталған шарттарды қолданады.

3-бап

      Айрықша жағдайларды белгілеу жөнiндегі ұсыныстар Тараптардың әрқайсысының экономикалық мүдделерi мен Тараптар мемлекеттерiнiң темiр жолдарына қосымша жүк тарту мүмкiндiктерi ескерiле отырып қаралады.

4-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсуi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар жеке хаттамалармен ресiмделедi және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.

5-бап

      Осы Келiсiмдi түсiндiруге және қолдануға байланысты дауларды Тараптар консультациялар мен келiссөздер арқылы шешетiн болады.

6-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және Тараптардың бipeуi оның қолданысын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлаған күннен бастап алты ай өткенге дейiн қолданылады.
      Сочи қаласында 2006 жылғы 15 тамызда әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды және де екi мәтiннiң күшi бiрдей болады.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда орыс тiлiндегi мәтiн пайдаланылады.

(Қолдары)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады