Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен Корея Республикасы Құрылыс және көлiк министрлiгi арасындағы көлiк саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум

Жаңа

Меморандум, Астана қ., 2006 жылғы 22 қыркүйек

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi
мен Корея Республикасы Құрылыс және көлiк министрлiгi
арасындағы көлiк саласындағы ынтымақтастық туралы
МЕМОРАНДУМ  <*>

(2006 жылғы 22 қыркүйекте күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,
2006 ж., N 6, 49-құжат)

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен Корея Республикасы Құрылыс және көлiк министрлiгi көлiк саласында өзара ынтымақтастықты кеңейту мақсатында төмендегi жөнiнде келiстi:

1-бап
Мақсаттар

      Осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның (бұдан әрi - Меморандум) мақсаттары мыналар болып табылады:
      а) көлiк саласындағы технологиялармен, тәжiрибемен алмасу арқылы өзара тиiмдi ынтымақтастықты кеңейту; және
      b) iшкi және халықаралық рыноктарда өзiнiң бәсекелестiгін көтеру үшiн Қазақстан және Корея көлiк ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту.

2-бап
Ынтымақтастық салалары

      Тараптар ынтымақтастықты келесi салаларда iске асырады:
      а) көлiк инфрақұрылымын дамыту;
      b) Тараптар бiрлесiп белгiлеген басқа да салалар.

3-бап
Ынтымақтастық нысандары

      Осы Меморандумның шеңберiнде ынтымақтастықтың мынадай нысандары көзделедi:
      а) көлiк саласында ақпаратпен алмасу;
      b) кадрларды даярлау, бiлiктiлiгiн жоғарылату және алмасу;
      с) Тараптар елдерiнiң кез келгенiнде немесе үшiншi елдерде жобаларды жобалауға және iске асыруға бiрлесiп қатысу (бiрлескен кәсiпорындар құруды қоса);
      d) техникалық семинарларға, көрмелерге және экспозицияларға қатысуға жәрдемдесу;
      e) көлiк саласында кадрлармен, жабдықпен және материалдық pecуpcтармен қамтамасыз етуге қатысты көмек көрсету;
      f) екi ел азаматтарына рынокқа кiру және басқа да мәселелерге қатысты қолдау көрсету; және
      g) ынтымақтастықтың екi Тарап өзара келiскен басқа да нысандары.

4-бап
Қолдану тәртiбi

      а) Тараптар барлық деңгейдегi ынтымақтастық жасап отырған ұйымдар арасында тiкелей байланыстарын дамытуға ықпалын тигiзедi және өзара қызығушылық көрсеткен мәселелер бойынша ақпарат және делегациялармен алмасады.
      Ынтымақтастық жасап отырған ұйымдар арасында тiкелей уағдаластықтарға қол жеткiзiлген жағдайда бiрлескен бағдарламалар өткiзiледi. Бағдарламалардан туындайтын мiндеттемелердi орындау жауапкершiлiгiн өткiзiп жатқан ынтымақтастық жасап отырған ұйымдар көтередi;
      b) Тараптар екi елдiң бизнесмендерi арасында тiкелей қарым-қатынастар орнатуды және олардың достық қарым-қатынастар орнатуға талпынысын қолдайды;
      с) Тараптар ынтымақтастықтың нысандары мен әдiстерiн талқылау және ақпарат алмасу үшiн сарапшылар деңгейiндегi жұмыс кездесулерiн бiрлесiп келiсiлген орында және келiсiлген уақытта өткiзуi мүмкiн;
      d) егер өзара өзге уағдаластыққа қол жеткiзiлмесе, Тараптар осы Меморандумның ережелерiн iске асыруға байланысты iс-шараларға қатысу бойынша шығыстарды дербес көтередi.

5-бап
Консультациялар

      Тараптар осы Меморандумның ережелерiн түсiндiру мен қолдану кезiнде дау мен келiспеушiлiктер пайда болған жағдайда консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiледi.

6-бап
Халықаралық мiндеттемелер

      Осы Меморандум Тараптар мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

7-бап
Өзгертулер мен толықтырулар енгiзу

      Осы Меморандумның айырмас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен әзiрленетiн Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Меморандумға өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

8-бап
Күшiне енуi және қолданылу мерзiмi

      Осы Меморандум қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және өзiнiң осы Меморандумның қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тараптың жазбаша хабарламасын Тараптардың бiреу алғаннан кейiн тоқсан күн өткенге дейiн қолданылады.
      Астана қаласында 2006 жылғы 22 қыркүйекте әрқайсысы қазақ, корей, орыс және ағылшын тiлдерiнде үш данада жасалды әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Меморандумның ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

(Қолдары)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады