Трансшекаралық өзендерде ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын дамыту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi және Қытай Халық Республикасының Су шаруашылығы министрлiгi арасындағы Келісім

Жаңа

Келісім, Пекин қ., 2006 жылғы 20 желтоқсан

Трансшекаралық өзендерде ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын
дамыту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгi және Қытай Халық Республикасының Су
шаруашылығы министрлiгi арасындағы
КЕЛIСIМ  <*>

(2006 жылғы 20 желтоқсанда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,
2007 ж., N 1, 7-құжат)

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қытай Халық Республикасының Су шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Тараптар) Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында көршiлес достық қарым-қатынастарды нығайту және одан әрi дамыту мақсатында,
      2001 жылғы 12 қыркүйектегi трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Yкiметi мен Қытай Халық Республикасы Yкiметi арасындағы  Келiсiмдi негiзге ала отырып,
      трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау аумағында бiрлескен ғылыми зерттеулер және техника алмасу жүргiзудiң қажеттiгiн атап көрсете отырып мыналар туралы келiстi:

1-бап

      Тараптар трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау саласында бiрлескен ғылыми зерттеулер мен техника алмасуды дамытуға келiсiм бердi.

2-бап

      Тараптар мынадай салаларда трансшекаралық өзендер бойынша ынтымақтастықты алмасу мен дамытады:
      1. Қыс мезгiлiнде бақылау және өлшеу нақтылығын арттыру әдiстерiн бiрлесе зерттеу, гидрологиялық бақылау өлшемдерiмен және техникамен дамыту.
      2. Су ресурстарының көлемiн бағалау және гидрологиялық талдау әдiстерiмен алмасуды дамыту.
      3. Су сапасын бағалаудың бiрыңғай әдiстерiн зерттеу, зертханалық жағдайда су сапасын зерттеу бойынша гидрохимиялық бақылау және техника алмасу жөнiндегi ынтымақтастықты дамыту.
      4. Судың сапасын және көлемiн өзгерту тенденцияларының зерттеулерiн өрiстету.
      5. Су экожүйелерiн эволюциялық зерттеулерiн дамыту.
      6. Тараптармен келісілген басқа зерттеулер.

3-бап

      Тараптар осы Келiсiм шеңберiнде ынтымақтастықтың мынадай нысандарын дамытады:
      1. Екi тараптың тиiстi ведомстволарының бiрлескен зерттеулерiн ұйымдастыру.
      2. Екi елдiң ғалымдары мен сарапшыларының өзара сапарлары және алмасуын ұйымдастыру.
      3. Ынтымақтастық салалары бойынша баспасөз басылымдарымен, техникалық құжаттамамен өзара алмасу.
      4. Тараптардың келiсiмi бойынша ынтымақтастықтың өзге де нысандары.

4-бап

      Бiрлескен комиссия Ғылыми-зерттеу ынтымақтастығы және Тараптардың техникалық алмасу бағдарламасын бекiткеннен кейiн Тараптардың тиiстi ведомстволары немесе мердiгерлiк ұйымдары арасында келiсiмге қол қою жүзеге асады.

5-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң жүзеге асырылуына байланысты тиiстi шығындарды жеке жұмсайды.

6-бап

      Бiрлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесiн, сондай-ақ ұсынылған ақпараттық материалдарды пайдалану Тараптармен қол қойылған Келiсiм шеңберiнде анықталатын болады. Тараптардың келiсiмiнсiз үшiншi Тарапқа кез келген материалдарды беруге немесе басқа жағдайларда пайдалануға жол берiлмейдi.

7-бап

      Осы Келiсiмнiң қайсыбiр ережесi Тараптардың ешқайсысының қорғанысы мен ұлттық қауiпсiздiгiне қатысты маңызды ақпаратты немесе деректердi беруге мiндеттемейдi.

8-бап

      Осы Келiсiм Тараптары қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық келiсiмдерден туындайтын құқықтар және мiндеттемелерге ықпал етпейдi.

9-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру және орындау кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар жолымен шешедi.

10-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн олар Тараптармен бекiтiлген хаттамалармен немесе құжаттардың басқада түрлерiмен рәсiмделедi. Бұл өзгерiстер мен толықтырулар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.

11-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм 2001 жылғы 12 қыркүйекте қол қойылған трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасы Үкiметiнiң арасындағы  Келiсiмнiң қызмет ету мерзiмi iшiнде күшi бар.
      Осы Келiсiм 2006 жылғы 20 желтоқсанда Пекин қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, бұл ретте барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.

(Қолдары)  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады