Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi және Қытай Халық Республикасының Су шаруашылығы министрлiгi арасындағы негiзгi трансшекаралық өзендердiң шекаралық гидробекеттерiнiң гидрологиялық және гидрохимиялық ақпараттарымен (мәлiметтермен) өзара алмасу жөнiндегi Келісім

Жаңа

Келісім, Пекин қ., 2006 жылғы 20 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
және Қытай Халық Республикасының Су шаруашылығы министрлiгi
арасындағы негiзгi трансшекаралық өзендердiң шекаралық
гидробекеттерiнiң гидрологиялық және гидрохимиялық
ақпараттарымен (мәлiметтермен) өзара алмасу жөнiндегi
КЕЛIСIМ  <*>

(2006 жылғы 20 желтоқсанда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,
2007 ж., N 1, 8-құжат)

      Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi және Қытай Халық Республикасының Су шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi Тараптар деп аталатын),
      2001 жылғы 12 қыркүйекте қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қытай Халық Республикасы Yкiметiнiң арасындағы трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы  келiсiм рухын басшылыққа ала отырып,
      трансшекаралық өзендердi бiрiгiп пайдалану және қорғау үшiн гидрологиялық және гидрохимиялық ақпараттармен өзара алмасудың маңыздылығын ескере отырып,
      Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы қазiргi достық қарым-қатынас және дәстүрлi ынтымақтастықты күшейтуге дайындықты бiлдiре отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Достық ынтымақтастық, өзара тиiмдiлiк, өзара сенiмдiлiк және теңдiк негiзiнде Тараптар негiзгi трансшекаралық өзендердiң гидрологиялық және гидрохимиялық ақпараттарымен өзара толық құқылы алмасуға келiстi.

2-бап

      Осы келiсiмде келесi түсiнiктер пайдаланылады:
      1. "Гидрологиялық ақпарат" - келiсiлген көрсеткiштер бойынша трансшекаралық өзендердiң сулық және физикалық сипаттамасы бойынша жүйелi бақылаулар нәтижесi.
      2. "Гидрохимиялық ақпарат" - келiсiлген ингредиенттер бойынша трансшекаралық өзендерi суының сапалық сипаттамасы бойынша жүйелi бақылаулар нәтижесi.

3-бап

      Трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау жөнiндегi Қазақстан-Қытай Бiрiккен комиссиясы, атқарушы органдармен орындалатын, негiзгi трансшекаралық өзендер бойынша ақпараттармен алмасудың тиiстi нақты Тәртiбiн құруға, Бiрiккен комиссия бекiткеннен  кейiн, сарапшылардың жұмыс тобын өкiлеттi етедi. Тәртiп өз iшiнен трансшекаралық өзендердiң, гидробекеттердiң, бақылау тұстамаларының тiзiмiн, ақпаратпен алмасудың техникалық нақтылығын, мәлiметтермен алмасудың әдiсiн, уақытын және өзге де тармақтарды қосады.

4-бап

      Қазақстандық Тараптан атқарушы орган: Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң "Қазгидромет" PMK.
      Қытай Тарапынан атқарушы орган: Қытай Халық Республикасының Су шаруашылығы министрлiгiнiң Гидрология бюросы.
      Тараптар дипломатиялық каналдар арқылы атқарушы органдардың аталуын өзгерту және оларды қайта тағайындау жөнiнде хабардар етедi.

5-бап

      Тараптар осы Келiсiмдi жүзеге асырумен байланысты тиiстi шығындарды жеке атқарады.

6-бап

      Осы Келiсiмдi түсiндiру немесе қолдану кезiнде таластар және келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар кеңестер және келiссөздер жолымен шешетiн болады.

7-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша, осы Келiсiмге Тараптармен айқындалған, хаттамалар немесе өзге құжаттар түрiнде ресiмделген өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, және ол осы Келiсiмнiң бөлiнбес бөлiгi болып табылады.

8-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Осы Келiсiм 2001 жылғы 12 қыркүйекте қол қойылған, Қазақстан Республикасының Yкiметi және Қытай Халық Республикасы Yкiметiнiң арасындағы трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы  келiсiмнiң қызмет ету мерзiмi аяқталғанға дейiн өз күшiнде қалады.
      Осы Келiсiм 2006 жылдың 20 желтоқсанында қол қойылды, екi дана, әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тiлдерiнде, барлық мәтiннiң бiрдей күшi бар.

(Қолдары)  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады