Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Словак Республикасының Мәдениет министрлігі арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы

Жаңа

Братислава қ., 2007 жылғы 21 қарашадағы Меморандумы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Словак Республикасының Мәдениет министрлігі арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы
МЕМОРАНДУМ*

(Меморандум қол қойылған күннен бастап күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Словак Республикасының Мәдениет министрлігі, бұдан әрі "Тараптар", өз мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға және тереңдетуге ұмтыла отырып, Тараптар мемлекеттерінің мәдениет, өнер және тарих салаларындағы өзара түсіністіктерін нығайтуға ниет білдіре отырып,
      төмендегілер туралы келісті:
      1. Тараптар мәдениет және өнер саласындағы ақпараттармен алмасуға ықпал етеді.
      2. Тараптар мемлекеттерінің түрлі мекемелері мен жеке тұлғалары арасында әдебиет, визуальды өнер, дизайн, музыка, би, аудиовизуальды қызмет, кино, мәдени ескерткіштер, мұражайлар, галереялар, кітапханалар және дәстүрлі фольклорлық өнер салаларындағы ынтымақтастықтың дамуына Тараптар ықпал етеді.
      3. Осы Меморандумға Тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
      Осы Меморандумның ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер немесе консультациялар жолымен шешеді.
      Осы Меморандум қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және шектеусіз мерзімге жасалады.
      Осы Меморандум Тараптардың бірінің осы Меморандумның қолданысын тоқтату туралы келесі Тараптың жазбаша хабарламасын алған күннен бастап өзінің қолданысын тоқтатады.
      2007 жылы қарашаның 21-де Братислава қаласында екі түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, словак және орыс тілдерінде жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Меморандумның ережелерін талдауда келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

(Қолдары) 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады