Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы МЕМОРАНДУМ

Жаңа

Меморандум, Пекин қ., 2009 жылғы 16 сәуір

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Меморандум 2009 жылғы 16 сәуірде күшіне енді.

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі,
      Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасын біріктіретін тығыз байланыстар мен достық қарым-қатынастарды назарға ала отырып,
      өзара тиімді негізде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы өзара ынтаны ескере отырып,
      экономиканы дамытуда және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығының жетекшілік рөлін түсіне отырып,
      елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін тәжірибе алмасудың және барлық деңгейдегі ынтымақтастықтың қажеттілігін тани отырып,
      мыналар жөнінде келісті:

1-бап

      Тараптар арасындағы ынтымақтастық мынадай ауыл шаруашылығы салаларда жүзеге асырылады:
      - мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы;
      - ауыл шаруашылығы өнімінің саудасы;
      - өсімдіктерді қорғау және карантин;
      - ветеринария;
      - ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;
      - ауыл шаруашылығы машиналарын жасау;
      - аграрлық ғылым;
      - инвестициялар, бірлескен кәсіпорындарын құру;
      - мамандарды оқыту.

2-бап

      Осы Меморандумның ережелерін іске асыру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
      өзара мүддені білдіретін ақпаратпен, материалдармен, өнімдердің үлгілерімен және ауыл шаруашылығы зерттеулердің нәтижелермен алмасу;
      Тараптар Мемлекеттері ауыл шаруашылығы саласында қабылданған нормативтік құқықтық актілермен және стандарттармен алмасу;
      Тараптар аумағында өткізілетін іс-шараларға (көрмелер, семинарлар, конференциялар және басқа да сол сияқты іс-шаралар) қатысу;
      Мамандармен алмасу және ортақ мүддеге қатысты мәселелер бойынша кездесулер ұйымдастыру;
      Тараптар мемлекеттерінің агроөнеркәсіптік кешенінің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында тікелей экономикалық байланыстар орнатуға жәрдем көрсету.

3-бап

      Егер әрбір нақты жағдайда басқаша тәртіп келісілмеген болса, өз елдерінің ұлттық заңнамаларында көзделген қаражат шегінде Тараптар осы Меморандумды олармен орындау барысында кездескен дербес шығыстар жұмсайды.

4-бап

      Осы Меморандумға, Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Меморандумның ажырамас бөліктері болып табылатын хаттамалармен рәсімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

5-бап

      Осы Меморандумның ережелерін түсіндіру немесе қолдану жөнінде даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер мен консультациялар жолымен шешеді.

6-бап

      Осы Меморандум қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның қолданысын тоқтату ниеті туралы екінші Тараптың жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы Тараптардың біреуі алғаннан кейін алты айға дейін қолданылады.
      Осы Меморандумның қолданылуын тоқтату осы Меморандумның шеңберінде іске асырылатын кез келген өзге іс-шараның қолданысына немесе ұзақтығына, аяқталғанға дейін әсер етпейді.

      2009 жылғы 16 сәуірде Пекин қаласында әрқайсысы қазақ, қытай, ағылшын және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің заңдық күші бірдей. Осы Меморандумның ережелерін түсіндіруде пікір алшақтықтары туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.

(Қолдары)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады