РҚАО-ның ескертпесі!
Келісім 2009 жылғы 10 маусымда күшіне енді.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Беларусь Республикасы Әділет министрлігі, бұдан әрі Тараптар деп аталып;
Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы бай тарихи-мәдени мұраға ие екендігін растай отырып;
Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы дәстүрлі достықты дамыту мен өзара тиімді ынтымақтастық олардың бір-біріндегі өзіндік ерекшеліктерді, тарихты, мәдениетті және қол жеткен табыстарды білу мен құрметтеу арқылы жүзеге асатынын, мемлекет Тараптарының мұрағаттық материалдарын зерттеп, қолдануды қажет екендігін ескеріп;
Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 1996 жылғы 17 қаңтардағы достықпен ынтымақтастық туралы келісіміне сәйкес;
Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы мұрағаттық мекемелер арасындағы байланысты нығайту ниетін басшылыққа алып,
төмендегілер туралы келісті;
1-бап
Тараптар ынтымақтастықты жалпыға бірдей халықаралық құқық нормалары мен принциптеріне, мұрағат ісі саласындағы тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес теңдік және түсіністік негізінде дамытады.
2-бап
Тараптар ұлттық заңдарына сәйкес мұрағат ісі мен құжаттама саласына байланысты нормативтік құқықтық актілермен, ақпараттармен және құжаттармен, мұрағаттану, археография және құжаттану мәселелері бойынша әдебиеттермен, сондай-ақ екі жақ мүдделеріне сәйкес мұрағаттық құжаттар жарияланымдарымен алмасады.
3-бап
Тараптар мұрағат ісі және құжаттама саласында тәжірибе алмасуды жүзеге асырады.
4-бап
Тараптар Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы зерттеушілеріне Тараптардың мемлекеттік мұрағаттарында сақтаудағы құжаттық мұраларды зерделеу ісінде көмек көрсетеді. Тараптардың әрқайсысы келісуші Тарап мемлекеті зерттеушілерінің тараптар мемлекетінің заңдарына сәйкес мұрағат қорлары мен ғылыми-анықтамалық аппаратқа, жарияланған және жарияланбаған анықтамалық материалдарға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
5-бап
Ұлттық мұрағат қорын Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасы халықтарының тарихы мен мәдениеті жөніндегі ақпараты бар құжаттармен толықтыру мақсатында Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңдарына сәйкес Тараптар мұрағат құжаттарын іздеп табу және олардың көшірмелерін алу ісінде бір-біріне жәрдемдеседі.
6-бап
Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңдарында белгіленген тәртіппен мұрағаттық құжаттар негізінде Тарап мемлекеттерінің азаматтары мен ұйымдарынан түскен әлеуметтік-құқықтық сұраныстарды орындауға көмектеседі.
7-бап
Осы Келісім негізінде алынған ақпарат, ақпарат беруші Тараптың жазбаша келісімінсіз, оны сұратқан немесе ұсынған мақсаттан басқа мақсатта қолданылмайды.
Осы Келісім негізінде ақпарат алған Тарап, ақпарат беруші Тараптың жазбаша келісімінсіз, алынған ақпаратты үшінші жаққа бермейді.
8-бап
Осы Келісімді орындау барысында, егерде әрбір нақты жағдайда басқаша тәртіп белгіленбесе, туындайтын шығындарды Тараптар мемлекеттердің ұлттық заңнамасында қарастырылған қаржы аясында көтеріп алады.
9-бап
Осы Келісім Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттар бойынша Тараптардың құқықтары мен міндеттемелеріне кедергі келтірмейді.
10-бап
Осы Келісімге Тараптар екі жақты келісім нәтижесінде хаттамалар арқылы толықтырулар мен өзгертулерді енгізе алады және ол өзгертулер Келісімнің бөлінбес бөлігі болып табылады.
11-бап
Осы Келісім ережелерін түсінуде және қолдануда қарама-қайшылықтар туындаған жағдайда, Тараптар оны екі жақты кеңесу және келіссөздер жүргізу арқылы шешеді.
12-бап
Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім Тараптың дипломатиялық арналар арқылы екінші Тараптан Келісімді тоқтату туралы хабарландыру хатын алған күннен бастап алты ай мерзімінен кейін күшін жояды.
Осы Келісім қолданылуының тоқтатылуы осы Келісімнің ережелері негізінде келісілген және оның қолданылуы тоқтаған сәтте аяқталмаған жобаларды, бағдарламаларды Тараптардың орындауына кері әсерін тигізбейді.
2009 жылы 10 маусымда Минск қаласында қазақ, белорус және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің заңды күші бірдей.
Осы Келісімді талдауда пікір өзгешеліктері туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
(Қолдары)