Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Қаржы нарығын реттеу мен қадағалау мемлекеттік қызметі арасындағы бағалы қағаздар, зейнетақы қызметі нарықтарындағы қадағалау және сақтандыруды қадағалау мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы МЕМОРАНДУМЫ

Жаңа

Меморандум, Алматы қ., 2010 жылғы 2 желтоқсан

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Меморандум 2010 жылғы 2 желтоқсанда күшіне енді.

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) және Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Қаржы нарығын реттеу мен қадағалау мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік қаржылық қадағалау), бұдан әрі Тараптар деп аталады да,
      теңдік, заңдылық, ашықтық, адал ниеттілік, сенімділік және пайдалылық негізінде бағалы қағаздар, зейнетақы қызметі нарықтарындағы, және сақтандыру нарығындағы қадағалау саласындағы ынтымақтастық арқылы өзара мүдделерін алға қою ынтасына сүйене отырып,
      осындай ынтымақтастық екі мемлекеттің арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа және достық қатынастарды күшейтуге мүмкіндік туғызатынын мақұлдай отырып,
      төмендегілер жайында келісті:

1-бап. Жалпы ережелер

      1. Осы Меморандумның мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) "еншілес ұйым", "еншілес қаржы ұйымы", "шетелдік қатысы бар қаржы ұйымы", "қаржы ұйымы", "филиал", "өкілдік" ұғымдары Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес қолданылады;
      2) "трансшекаралық мекеме" - басқа Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жататын басқа Тарап мемлекетінің аумағындағы Тараптар мемлекеттерінің қаржылық және басқа ұйымдары құрған "еншілес қаржы ұйымы", "шетелдік қатысы бар қаржы ұйымы", "қаржы ұйымы", "филиал", "өкілдік" ұғымдарын кеңейтуші ұғым ретінде қолданылады;
      3) филиал - бас ұйымның шыққан елде тіркелген бөлімшесі;
      Филиалдарды ашу және қызметін жүзеге асыру Тараптар мемлекеттері ұлттық заңнамаларының шектеулері мен талаптарын ескере отырып, жүзеге асырылады.
      4) еншілес қаржы ұйымы - тұрған мемлекетінің заңнамасына сәйкес қаржылық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын лицензиясы бар, тұрған мемлекетте қаржы ұйымы ретінде тіркелген және шыққан мемлекетте тіркелген бас ұйымның бақылауындағы заңды тұлға;
      5) өкілдік - бас ұйымның мүддесін білдіретін, бірақ қаржылық қызмет көрсетпейтін оқшауланған бөлімше.
      Өкілдіктерді ашу және қызметін жүзеге асыру Тараптар мемлекеттері ұлттық заңнамаларының шектеулері мен талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады;
      6) бас ұйым - шыққан елде тіркелген, шыққан мемлекеттің заңнамасына сәйкес қаржылық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия (рұқсат) алған, қарсы Тарап мемлекетінің құқықтық өкілеттігіндегі трансшекаралық мекемесі бар (еншілес ұйым, еншілес қаржы ұйымы, шетелдік қатысы бар қаржы ұйымы, филиал, өкілдік) заңды тұлға;
      7) шыққан мемлекет - бас ұйымы тіркелген мемлекет;
      8) тұрған мемлекет - трансшекаралық мекемені тіркеген мемлекет;
      9) сатып алу - тұрған мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес сатып алуды тұрған мемлекет Тарапымен алдын-ала келісуді талап ететін, нәтижесінде трансшекаралық мекеме акциялары сатып алынатын мәміле.
      2. Осы Меморандум Тараптар мемлекеттерінің нормативтік құқықтық актілерін өзгертпейді және ауыстырмайды. Осы Меморандум Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын қандай да бір ережелерін немесе келісулерді қозғамайды.

2-бап. Ынтымақтастық аясы

      1. Тараптар осы Меморандумға сәйкес қаржы ұйымдары мен трансшекаралық мекемелер жөніндегі мынадай қадағалау және өзге ақпаратты келісілген шарттар бойынша бір-біріне ұсынуды:
      бағалы қағаздар нарығындағы қадағалау мәселелері бойынша - кастодиандар, брокерлер және (немесе) дилерлер, тіркеушілер, инвестициялық портфельдерді басқарушылар, трансфер-агенттер, бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушылар, Қазақстан Республикасындағы зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар және жария эмитенттер, брокерлер және (немесе) дилерлер, тіркеушілер, инвестициялық портфельдерді басқарушылар, трансфер-агенттер, бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушылар, Қырғыз Республикасындағы ұйымдар;
      сақтандыруды қадағалау мәселелері бойынша - Қазақстан Республикасындағы және Қырғыз Республикасындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері;
      зейнетақы қызметі нарығындағы қадағалау мәселелері бойынша - Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы қорлары және Қырғыз Республикасындағы мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары;
      сондай-ақ шоғырландырылған қадағалаудың басқа мәселелері бойынша өзара негізінде жәрдемдесуді қамтамасыз етеді.
      2. Тараптар шоғырландырылған қадағалау аясындағы трансшекаралық мекемелері мен бас қаржы ұйымдарын тексеру нәтижелілігін арттыруды қоса алғанда Тараптардың өз қадағалау қызметін тиімді жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық негіздемелерді құруға ықпал етеді.
      3. Тараптар бағалы қағаздар, зейнетақы қызметтері нарықтарының және сақтандыру нарығының жай-күйі мен дамуы, аталған нарықтардағы қадағалау саласындағы негізгі нормалар мен талаптары және өз мемлекеттерінің заңнамаларында көзделген талаптар мен шектеулерге сәйкес олардың өзгерістері туралы ақпаратпен және тәжірибемен алмасады.
      4. Осы Меморандум аясындағы ынтымақтастық Тараптардың бірінің ұсынысы бойынша оның жәрдем көрсету жөніндегі сұратуы (бұдан әрі - сұрату) негізінде жүзеге асырылады.
      5. Сұрату жазбаша түрде жіберіледі. Сұратуды жіберу үшін кез-келген байланыс құралы пайдаланылуы мүмкін.
      6. Егер сұратуды алған Тарап сұратуды орындау оның мемлекетінің ұлттық заңнамасына немесе мемлекеттік мүдделеріне қарама-қайшы келеді деп санаса осы Меморандум аясындағы жәрдем көрсетуден толық немесе ішінара бас тартылуы мүмкін. Бұл жағдайда сұратушы Тарап бас тартудың себебін көрсете отырып, жазбаша хабардар етіледі.
      7. Әрбір Тарап басқа Тараптың сұратуына тез және толық жауапты қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды немесе соңғысын сұратудың орындалуына кедергі жасайтын немесе кешіктіріп отырған жағдайлар жөнінде хабардар етеді.

3-бап. Қаржы ұйымдарының, олармен байланысты тұлғалардың
құқықтық жағдайы және қадағалау органдарының өкілеттілігі

      1. Тараптар мемлекеттерінің аумағындағы қаржы ұйымдарының түрлері, құқықтық мәртебесі, құруының, қызметінің, қайта ұйымдастыруының және таратуының шарттары, қаржы ұйымдарының ірі қатысушысы ұғымы, еншілес қаржы ұйымдары мен қаржы ұйымдарымен аффилиирленген не онымен айрықша немесе өзге қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға, оның ішінде қаржылық бірлестіктерге (холдингтерге) және қаржы ұйымдарының қатысуымен басқа тұлғалар топтарына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мақсаттары үшін құқықтық жағдайы, сондай-ақ трансшекаралық мекемелерді құру, лицензиялау және қызметін реттеу ерекшеліктері, қаржы ұйымдарының клиенттері мен кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тәртібі Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларымен айқындалады.
      2. Тараптардың басқа елдердің қадағалау органдарымен халық-аралық ынтымақтастыққа қатысу және тиісті юрисдикция шегіндегі шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктері Тараптардың мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларында айқындалады.

4-бап. Ынтымақтастық және ақпарат алмасу

      1. Тараптар осы Меморандум аясында ақпаратты оған өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамалары тыйым салмаған жағдайда ұсынады.
      2. Осы Меморандум бойынша ынтымақтастық аясы Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес лицензиялауды, сондай-ақ трансшекаралық мекемелердің қадағалауын қамтиды.
      Шыққан елдің бас ұйымының тұрған мемлекеттегі Тарапқа трансшекаралық мекеме ашуға (акцияларды (үлесті) иеленуге) лицензия (рұқсат/келісім) беру жөнінде өтініш білдіруі (бұдан әрі - өтініш) тұрған мемлекеттің заңнамасы талаптарына сәйкес және мерзімдері шегінде қаралады.
      Өтінішті алған тұрған мемлекеттің Тарабы шыққан мемлекеттің Тарабын осы өтінішті қарау қорытындылары туралы хабардар етеді.
      Тұрған мемлекет Тарабының сұратуы бойынша шыққан мемлекеттің Тарабы өтініш бойынша шешім қабылдау үшін бас ұйым туралы мынадай ақпарат береді:
      1) мемлекеттік тіркеу күні туралы;
      2) қаржылық қызмет көрсету лицензиясында көзделген қызметі туралы;
      3) бас қаржы ұйымының ірі қатысушылары, бас қаржы ұйымының басқару органдары, акционерлері (қатысушылары), еншілес ұйымдары, бас қаржы ұйымының қатысуымен қаржылық бірлестіктері (холдингтер) және бас қаржы ұйымымен аффилиирленген не онымен ерекше және өзге қатынастар арқылы байланысы бар басқа тұлғалары туралы;
      4) басқару құрылымы мен ішкі бақылау жүйесі туралы;
      5) осы Меморандум аясында ұсынылуы мүмкін, трансшекаралық мекеме ашу (акцияларын (үлестерін) сатып алу) жөніндегі шешімді қабылдауға қажетті өзге де ақпаратты, оның ішінде бас ұйымның қаржылық жай-күйі туралы мәліметтерді.
      3. Тұрған мемлекеттің Тарабы өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес трансшекаралық мекеме қызметін қадағалауды жүзеге асырады.
      4. Тұрған мемлекеттің Тарабы трансшекаралық мекемелердің бас ұйымына қаржы ұйымдарының қызметіне шоғырландырылған негізде қадағалау жүргізу үшін және шыққан мемлекетте белгіленген нысандар бойынша шоғырландырылған есептілікті жасау үшін қажетті ақпарат беруіне кедергі жасамайды.
      5. Шыққан мемлекеттің Тарабы бас ұйымға қатысты және тұрған мемлекеттің Тарабы трансшекаралық мекемелерге қатысты тиісті сұратулар негізінде өзара негізде мынадай ақпаратты береді:
      1) бас ұйымдар мен олардың трансшекаралық мекемелерінің қаржылық жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштер туралы;
      2) трансшекаралық мекемелердің құрылымы мен трансшекаралық мекемелердің ірі (негізгі) қатысушыларының қызметі туралы;
      3) трансшекаралық мекемелердің басқару органдарының құрамы, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі туралы;
      4) реттелетін ұйымдардың қаржылық тұрақтылығына қауіп-қатер төндіруі мүмкін бас ұйымдар мен олардың трансшекаралық мекемелерінің қызметіндегі кез-келген маңызды фактілер мен оқиғалар туралы;
      5) бас ұйымдар мен олардың трансшекаралық мекемелерінің заңнаманы бұзуға жол беруі, Тараптардың бас ұйымдар мен олардың трансшекаралық мекемелеріне қолданған шаралары туралы;
      6) осы Меморандум аясында ұсынылуы мүмкін шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де ақпаратты.

5-бап. Тараптардың өзара іс-қимылы

      1. Тараптар өзара мүдделілікті білдіретін мәселелерді, сондай-ақ бас ұйымдар мен олардың трансшекаралық мекемелерінің қызметін қадағалауды жетілдіру мәселелерін талқылау үшін кездесулер жүргізеді.
      2. Кездесуді өткізу күні мен күн тәртібі болжамдалған кездесу өткізу күннен 30 (отыз) күн бұрын келісіледі.
      3. Қатысушылардың толық тізімі, сондай-ақ қатысушылар туралы ақпаратты Тараптар өткізілетін кездесу басталғанға дейінгі 20 (жиырма) күннен кешіктірмей береді.
      Әрбір Тарап кездесу және кеңесу мәселелері бойынша тиімді ынтымақтасу үшін байланыс жасайтын жауапты тұлғаны бекітеді.
      4. Тараптар өз мемлекеттерінің қор нарықтарын бірлесіп жеделдете дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында Тараптардың тиісті мамандарын тартуы мүмкін.

6-бап. Инспекциялау

      1. Тараптың трансшекаралық мекемелерді тексеруі трансшекаралық мекеменің тұрған мемлекетінің Тарабының уәкілетті тұлғаларымен шыққан мемлекет Тарабының тиісті жазбаша өтініші негізінде Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларында көзделген шектеулерді және талаптарды ескере отырып, кейіннен сұратушы Тарапқа тексерудің қорытындысы туралы ақпаратты жібере отырып, жүзеге асырылады.
      2. Шыққан мемлекеттің Тарабы трансшекаралық мекемеге тексеру жүргізу болжамдалған күнге дейінгі кем дегенде 2 (екі) ай бұрын тұрған мемлекеттің Тарабына трансшекаралық мекеменің атауын көрсете отырып, жазбаша өтінішін жібереді.
      3. Трансшекаралық мекеме орналасқан мемлекеттің Тарабы Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес осы баптың 2-тармағында көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде трансшекаралық мекемеге тексеру жүргізу мүмкіндігі (келісу не бас тарту) туралы жазбаша жауап береді.

7-бап. Шығыстар

      Әрбір Тарап осы Меморандумды іске асыру барысында туындайтын шығыстарды, егер өзге тәртібі келісілмесе, дербес көтереді.

8-бап. Ақпаратты қорғау

      1. Тараптар арасындағы ынтымақтастықтың қажетті шарты қызметкерлердің өз міндеттерін орындау барысында осы Меморандум аясында берілетін ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.
      2. Тараптар ақпаратты сақтаған кезде, бір-біріне кез-келген байланыс құралдары арқылы берген кезде оның қорғалуын қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдайды.
      3. Осы Меморандум аясында берілген барлық ақпарат оны берген Тараптың келісімінсіз оны сұратқан және берілген мақсаттардан өзге мақсаттарға пайдаланылуы тиіс емес. Үшінші тұлғаларға ақпаратты немесе құжаттарды ұсынуға Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларында ақпарат беру міндеті көзделген жағдайлардан басқа әрбір нақты жағдайда ақпарат берген Тараптың жазбаша келісімі негізінде жол беріледі.
      4. Осы баптың 1-3-тармақтарында көзделген міндеттемелер, тіпті осы Меморандумның қолданылуы тоқтатылған жағдайда да, өзінің күшінде болады.

9-бап. Қорытынды ережелер

      1. Осы Меморандум ережелерін түсіндіру, талқылау және/немесе орындау нәтижесінде пайда болатын барлық даулы мәселелер Тараптардың өзара кеңестері және келіссөздері арқылы шешіледі.
      2. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Меморандумға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жеке хаттамалармен ресімделеді және олар осы Меморандумның ажырамас бөлігі болып табылады.
      3. Осы Меморандум оған екі Тарап қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
      4. Осы Меморандум белгісіз мерзімге жасалады және бір Тараптың дипломатиялық арналар арқылы екіншісінің оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 6 (алты) ай өткенге дейін күшінде болады. Орындалуы көрсетілген мерзім біткенге дейін аяқталмаған жәрдем көрсету туралы сұратуларды Тараптар осы Меморандум талаптары бойынша орындауы тиіс. Осы Меморандумның қолданылуының тоқтатылуы Тараптарды оның қолданылу кезеңінде алынған ақпаратты жарияламау және қорғау міндеттемелерінен босатпайды.
      5. Осы Меморандум қолданылуының тоқтатылуы Меморандум тоқтатылғаннан кейін басталған осы Меморандум аясындағы жобалардың қолданылуына және қолданылу мерзіміне әсер етпейді.

10-бап. Басқа да ережелер

      1. Агенттік, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген қаржы ұйымдары жөніндегі ақпарат және Агенттіктің нормативтік құқықтық актілері Агенттіктің "Қаржы Хабаршысы - Финансовый вестник" ресми басылымында, сондай-ақ Интернет желісіндегі www.afn.kz сайтында орналастырылады.
      Мемлекеттік қаржылық қадағалау туралы, Мемлекеттік қаржылық қадағалаумен реттелетін банктік емес қаржы ұйымдары және Мемлекеттік қаржылық қадағалаудың нормативтік құқықтық актілері Интернет желісіндегі www.fsa.kg сайтта орналастырылады. Мемлекеттік қаржылық қадағалаудың толық нормативтік құқықтық базасы "Токтом" Ақпарат орталығында орналасқан.
      2. 2010 жылғы 2 желтоқсан күні Алматы қаласында қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі түпнұсқалық данадан жасалды, сонымен бірге барлық мәтіндердің бірдей заңдық күші бар.
      Осы Меморандумның ережелерін түсіндірген кезде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.

      Қазақстан Республикасы Қаржы     Қырғыз Республикасы Үкіметінің
      нарығы және қаржы ұйымдарын         жанындағы Қаржы нарығын
         реттеу мен қадағалау               реттеу мен қадағалау
           агенттігі үшін                 мемлекеттік қызметі үшін

                                                           (Қолдары)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады