(2011 жылғы 24 сәуірде күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2017 ж., № 3, 30-құжат)
2011 жылғы 21 ақпанда Пекин қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрлігі арасындағы өтеусіз әскери көмек көрсету туралы келісімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі қазақстан Тарапы деп аталатын) және Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі қытай Тарапы деп аталатын) достастық шеңберінде төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Қытай Тарапы Қазақстан тарапына 20 000 000 (жиырма миллион) қытай юані сомасында әскери-техникалық көмек көрсетеді.
Мүліктің атауы мен көлемі осы Атқару хаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшада көрсетілген.
2-бап
Қытай Тарапы осы Атқару хаттамасының Қосымшада көрсетілген барлық мүлікті Тараптардың уәкілетті адамдары арасында тиісті актіге қол қою арқылы оны қабылдау-беру жүзеге асырылатын Алашанькоу шекаралас пунктіне жеткізеді.
Алашанькоу шекаралас пунктіне дейін мүлікті жеткізумен байланысты барлық шығыстарды қытай Тарапы көтереді.
Қазақстан Тарапы Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес алынған мүлікті кедендік ресімдеу жөніндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша мүлікті тасымалдау жөніндегі шығыстарды өзі көтереді.
3-бап
Осы Атқару хаттамасы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және осы Атқару хаттамасының ережелерін іске асырған сәттен бастап өз қолданысын тоқтатады.
2011 жылғы 24 сәуірде Пекин қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі үшін |
Қытай Халық РеспубликасыныңҚорғаныс министрлігі үшін |
Министрдің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы |
Қытай Ұлт-азаттықАрмиясы Бас штабыныңбастығы |
(Қолдары) | |
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрлігі арасындағы Қытайдың Қазақстанға өтеусіз әскери көмек көрсету туралы атқару хаттамасына қосымша |
ТІЗБЕ
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Саны |
1. | Жүк көтерімділігі 40 тоннаға дейін ауыр жүк таситын тралмен “Цзефан” ершікті тартқыштары (пайдалы үстіңгі қабатының ұзындығы -13 метр) | бірл. | 18 |
2. | Жүк көтерімділігі 60 тоннаға дейін ауыр жүк таситын тралмен “Цзефан” ершікті тартқыштары (пайдалы үстіңгі қабатының ұзындығы -10 метр) | бірл. | 15 |