Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы салық, валюталық қылмыстар мен қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы күрес бойынша департаменті арасындағы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы әрекеттестік туралы меморандумға қол қою туралы

Жаңа

Меморандум, 2017 жылғы 21 ақпан

      (2017 жылғы 21 ақпанда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2017 ж., № 3, 34-құжат)

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы салық, валюталық қылмыстар мен қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы күрес бойынша департаменті бұдан әрі "Тараптар" деп аталатындар,

      қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында тиімді ынтымақтастықта өзара мүдделілікке сүйене отырып,

      мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар өзара іс-қимылды, оның ішінде оларға қатысты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен немесе онымен байланысты қылмыстық қызметпен байланысы бар деген күдік болған ақпаратты жинау, өңдеу және талдау сатыларында ақпарат алмасуды, сондай-ақ осы операцияларды жасауда қатысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпарат алмасу бойынша ұлттық заңнамалары мен халықаралық міндеттемелері шеңберінде өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

2-бап

      1. Ақпарат алмасу Тараптардың бастамасымен немесе сұрау салуларының негізінде жазбаша нысанда жүзеге асырылады.

      2. Сұрау салу мыналарды:

      1) сұрау салатын Тараптың атауын;

      2) сұрау салынатын Тараптың атауы;

      3) жүргізіліп жатқан тергеудің қысқаша мазмұны;

      4) осы Меморандумға сәйкес сұрау салу негіздері (сұрау салатын Тарап мәнінің сұрау салуды шұғыл деп санаса, онда ол мұндай шұғылдықтың қажеттілігін негіздеуі тиіс);

      5) сұрау салынған ақпараттың мазмұнының сипаттамасы;

      6) алынған ақпаратты пайдалану мақсаты;

      7) сұрау салуды орындау үшін қажет басқа да ақпарат.

3-бап

      1. Егер сұрау салуды орындау сұрау салынатын Тарап мемлекетінің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне немесе басқа мүдделеріне залал келтіретін болса, сұрау салынатын Тарап мемлекетінің заңнамасына және (немесе) халықаралық міндеттемелеріне қайшы келсе, сондай-ақ егер сұрау салуда көрсетілген фактілер бойынша сұрау салынатын Тарап мемлекетінде сот талқылауы жүріп жатса, оны орындаудан толығымен немесе ішінара бас тартылуы мүмкін.

      2. Егер сұрау салынатын Тарап сұрау салуды орындаудан бас тарту туралы шешім қабылдаса, ол бұл туралы мұндай шешім қабылдау себептерін көрсете отырып, сұрау салатын Тарапты хабардар етеді.

4-бап

      1. Осы Меморандум шеңберінде алынған ақпарат, оны беріп отырған Тараптың жазбаша рұқсатынсыз ол сұратылған және берілген мақсаттан өзге мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін емес.

      2. Осы Меморандум шеңберінде алынған ақпарат немесе құжаттар сұрау салынатын Тараптың алдын ала жазбаша рұқсатынсыз үшінші тараптарға жария етілмейді және әкімшілік, тергеу, қылмыстық немесе сот мақсаттарында пайдаланылмайды.

      3. Осы Меморандум шеңберінде алынған ақпараттар құпия болып табылады және оған ұлттық көздерден осыған ұқсас ақпаратқа қатысты алушы сұрау салынған Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасында көзделген қорғау режимі қолданылады.

5-бап

      Осы Меморандум шеңберінде Тараптар арасындағы өзара іс-қимыл мен ақпарат алмасу орыс немесе ағылшын тілдерінде жүзеге асырылады.

6-бап

      Тараптардың өзара келісімі бойынша, осы Меморандумның ажырамас бөлігі болып табылатын және қол қойылған күннен бастап күшіне енетін жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

7-бап

      Осы Меморандумның ережелері Тараптар қатысушыларының мемлекеттері болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.

8-бап

      Осы Меморандум қол қойылғаннан кейін күшіне енеді және Тараптардың біреуі екінші Тараптан осы Меморандумды бұзу ниеті туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап бір ай өткен соң бұзылған болып табылады. Осы Меморандумға сәйкес алынған ақпаратты қорғау бойынша 4-бапта белгіленген талаптар осы Меморандум бұзылғаннан кейін де заңды күші сақталып қалады.

      Париж қаласында 2017 жылы 21 ақпанда екі түпнұсқа данада, әрқайсысы теңтүпнұсқа мәтін қазақ, өзбек және орыс тілдерінде жасалды.

      Осы Меморандумның ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға қатысты келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтініне жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі үшін

қылмыстық кірістерді заңдастыруға
қарсы күрес бойынша департаменті
үшін
Өзбекстан РеспубликасыныңБас прокуратурасы жанындағысалық, валюталық қылмыстар мен

  (Қолдары)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады