Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы КEЛІСІМ

Жаңа

Келісім, 2017 жылғы 17 қазан

      (2017 жылғы 17 қазанда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2017 ж., № 6, 81-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Әзербайжан Республикасы Білім министрлігі,

      Тараптар мемлекеттері арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға ұмтыла отырып,

      Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасының нормаларына ескере отырып теңдік пен өзара тиімділік қағидаттарымен, білім беру саласындағы ынтымақтастықты орнату және дамыту тілегін басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар екі мемлекет арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес теңдік пен өзара тиімділік негізінде дамытады.

2-бап

      Білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Тараптар:

      Тараптар мемлекеттерінің білім беру ұйымдары/мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға;

      Тараптар мемлекеттерінің мүдделі білім беру ұйымдары/мекемелері арасындағы шарттар негізінде білім алушыларды, профессорлар мен оқытушылар құрамы өкілдерін алмастыруға;

      Тараптар мемлекеттері аумағында жүргізілетін ғылыми конференциялар мен басқа да форумдарға білім алушылардың өзара қатысуына;

      Тараптар мемлекеттерінің білім беру ұйымдары/мекемелері арасында оқулықтар мен басқа да оқу материалдарымен, мерзімді басылымдармен, білім беру қызметінің әртүрлі аспектілері туралы ақпаратпен алмасуға;

      білім беру ұйымдарын/мекемелерін аттестаттаудан және/немесе акредиттеуден өткізу және жоғары оқу орындарының академиялық, ғылыми дәрежелері мен атақтары туралы ақпаратпен алмасуға;

      білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсімдері туралы ақпаратпен алмасуға ықпал етеді.

3-бап

      Тараптар жыл сайын бакалавриат бағдарламасы бойынша - 5 адам, магистратура бағдарламасы бойынша - 5 адам санында білім алушылармен баламалы түрде алмасуды жүзеге асырады.

4-бап

      Қабылдаушы Тарап осы Келісімнің 3-бабына сәйкес алмасуға қатысушыларды оқу ақысын, оқу құралдарын, ғылыми-техникалық құжаттамаларды, зерттеу жабдықтарын пайдалану ақысын төлеуден босатады және оларды:

      Қабылдаушы Тарап мемлекетінде қолданыстағы стандарттар талаптарына сәйкес оқытумен, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен;

      мемлекет өз білім алушыларымен тең жағдайда жоғары оқу орнының жатақханасында тұрумен;

      ұлттық заңнама шеңберінде медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етеді.

      Қабылдаушы Тарап алмасудың қатысушыларына ұлттық заңнамаға сәйкес стипендия төлейді.

      Көлік шығыстарын төлеу алмасудың қатысушыларына немесе оларды жіберуші білім беру ұйымы/мекемесі немесе басқа да жіберуші Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес өзге де қаражат есебінен жүргізіледі.

5-бап

      Жіберуші Тарап жыл сайын 30 сәуірге дейінгі мерзімде қабылдаушы Тарапқа осы Келісімнің 3-бабында көзделген бағдарламалар бойынша үміткерлердің ұсыныстары мен қажетті құжаттарын ұсынады.

      Қабылдаушы Тарап жыл сайын 30 маусымға дейін жіберуші Тарапты үміткерлердің қабылдау мүмкіндігі, сондай-ақ қабылдаушы білім беретін ұйымдар/мекемелердің атаулары мен алмасуға қатысушылардың оқу мерзімі туралы хабардар етеді.

      Жіберуші Тарап қабылдаушы Тарапқа оқу уақытының басталуына екі апта қалған уақытта алмасуға қатысушылардың келуі үшін хабарлайды.

      Қабылдаушы Тарап жыл сайын 1 қыркүйекке дейін Жіберуші Тарапқа осы Келісім шеңберінде оқуға қабылданған білім алмасушылардың орналастырылғандығы туралы хабарлайды.

6-бап

      Тараптар өз мемлекетінің ұлттық заңнамаларына сәйкес білім мекемелері/ұйымдары берген мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттардың баламасын тануды және заңдастыруды қамтамасыз етеді.

7-бап

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

8-бап

      Осы Келісімді қолдануға және түсіндіруге қатысты даулы мәселелер Тараптар арасында консультациялар және келіссөздер арқылы шешіледі.

9-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Әзербайжан тарапының орындағаны туралы жазбаша хабарламаны Қазақстан тарапының дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап күшіне енеді.

      Егер Тараптардың ешқайсысы екінші Тарапқа осы Келісімнің қолдану мерзімінің аяқталуынан алты ай мерзім ішінде келесі бес жылдық кезеңнің аяқталуына дейін оның қолданысын ұзартпайтыны туралы өзінің ниетін жазбаша түрде дипломатиялық арналар арқылы хабарламаса, Келісімнің қолданысы келесі бес жылдық кезеңдерге автоматты түрде ұзартылады.

      Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, осы Келісімнің қолданысын тоқтату оның қолданысы тоқтатылғанға дейін басталып, бірақ аяқталмаған, өзіне сәйкес жүзеге асырылатын қызметті қозғамайды.

      2017 жылғы 3 сәуірде Баку қаласында әрқайсысы қазақ, әзербайжан және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндер тең түпнұсқалы болып табылады.

      Осы Келісім мәтіндерінің арасында айырмашылық болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
үшін
Әзербайжан РеспубликасыныңБілім министрлігіүшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады