Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Қырғыз Республикасы Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы арасындағы ынтымақтастық туралы
МЕМОРАНДУМ
(2017 жылғы 28 қыркүйекте күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2018 ж., № 1, 3-құжат)
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі және Қырғыз Республикасы Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы, бұдан әрі - Тараптар
дін саласындағы ынтымақтастықты және тәжірибе алмасуды нығайтуға ұмтыла отырып,
екі халықтың тарихи қалыптасқан тату мемлекетаралық байланыстарын ескере отырып,
төмендегі жөнінде келісті:
1-бап
Тараптар діни қызметті мемлекеттік реттеу саласындағы ынтымақтастықты өз ұлттық заңнамаларының аясында жүзеге асырады.
2-бап
Тараптар ынтымақтастықты өз құзыреттері шеңберінде мынадай бағыттарда жүзеге асырады:
дін саласында мемлекеттік саясатты жүргізу бойынша ақпаратпен, тәжірибемен және практикамен алмасу;
Тараптардың мемлекеттері аумағында өзара қызығушылық танытатын мәселелер бойынша өткізілетін кездесулерді, іс-шараларды (конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар) ұйымдастыру;
дін саласындағы кадрларды дайындау және мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқыту семинарларын өткізу және әдебиеттер алмасу;
дін саласындағы өзекті мәселелерді шешудегі азаматтық қоғам институттарының қатысуын кеңейту мақсатында консультативтік жұмыстарды қамтамасыз ету;
деструктивті дін атын жамылған идеологиялар мен діни экстремизм көріністерінің таралуының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Тараптардың келісімі бойынша өзара қызығушылық танытатын басқа да бағыттар.
3-бап
Тараптар өз ұлттық заңнамаларына сәйкес діни қызметті мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша бірлескен зерттеулер жүргізуге қатысты Тараптардың ғылыми-зерттеу ұйымдарының ынтымақтастығын дамытуға ықпал етеді.
4-бап
Әрбір нақты жағдайда өзге тәртіп келісілмеген жағдайда Тараптар өздерінің ұлттық заңнамаларымен белгіленген қаражат шеңберінде осы Меморандумды жүзеге асыру барысында пайда болатын шығындарды өздері көтереді.
5-бап
Осы Меморандумды жүзеге асыру ұлттық заңнамаларға және Тараптардың қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүргізіледі.
6-бап
Тараптардың өзара келісімімен осы Меморандумға оның ажырамас бөліктері болып табылатын және жеке хаттамалармен рәсімделетін өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.
7-бап
Аталған Меморандум ережелерін түсіндірумен немесе қолданумен байланысты келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер арқылы және консультациялар жүргізу жолымен шешеді.
8-бап
Осы Меморандум тараптармен қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Меморандум 5 жыл мерзімге бекітіледі және егер Тараптардың бірі екінші Тарапты ағымдағы бес жылдық кезең аяқталғанға дейінгі алты айдан кешіктірмей оның қолданысын тоқтату туралы ниетін дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда хабардар етпеген жағдайда, ол келесі бес жылдық кезеңге автоматты түрде ұзартылатын болады.
Осы Меморандум әрекетінің тоқтауы Тараптар басқа мәселелер бойынша келіспеген жағдайда осы Меморандум шеңберінде іске асырылатын бірлескен жобалар мен бағдарламаларға әсер етпейтін болады.
2017 жылғы 28 қыркүйекте Бішкек қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды, бұл ретте әр мәтіннің бірдей күші бар.
Осы Меморандум мәтіндерінің арасында сәйкессіздік туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі үшін |
Қырғыз РеспубликасыДін істері жөніндегімемлекеттік комиссиясы үшін |
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев |
Қырғыз РеспубликасыДін істері жөніндегі мемлекеттіккомиссиясының директорыЗайырбек Эргешов |
(Қолдары) |