Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Дін істері, ұлттық дәстүрлерді, салтанаттар мен ғұрыптарды реттеу жөніндегі комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМ

Жаңа

Меморандум, 2018 жылғы 14 наурыз

      (2018 жылғы 14 наурызда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2018 ж., № 3, 35-құжат)

      Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Дін істері, ұлттық дәстүрлерді, салтанаттар мен ғұрыптарды реттеу жөніндегі комитеті, бұдан әрі – "Тараптар",

      Дін саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және тәжірибе алмасуға ынта білдіре отырып,

      екі халықтың тарихи қалыптасқан достық мемлекетаралық байланыстарын ескере отырып,

      төмендегі туралы өзара келісімге қол жеткізді:

1-бап

      Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамалары шеңберінде дін саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады.

2-бап

      Тараптар ынтымақтастықты өз құзыреттері шеңберінде мынадай бағыттарда жүзеге асырады:

      Дін саласында мемлекеттік саясатты жүргізу бойынша тәжірибемен және практикамен, оның ішінде діни экстремизмнің алдын алу мәселелерімен алмасу;

      Тараптар мемлекеттері аумағында өзара қызығушылық танытатын мәселелер бойынша өткізілетін кездесулерді, іс-шараларды (конференциялар, “дөңгелек үстелдер” және басқа да іс-шаралар) ұйымдастыру;

      Деструктивті діни идеологиялар мен діни экстремизм көріністерінің таралуының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;

      Тараптардың келісімі бойынша өзара қызығушылық танытатын дін саласындағы өзге де бағыттар.

3-бап

      Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес діни мәселелер бойынша бірлескен зерттеулер жүргізуде Тараптардың ғылыми-зерттеу ұйымдарының ынтымақтастығын дамытуға ықпал етеді.

4-бап

      Тараптар осы Меморандумды іске асыруды Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына және олардың мемлекеттерінің қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес қамтамасыз етеді.

5-бап

      Тараптардың өзара келісімімен осы Меморандумға жеке хаттамалармен рәсімделетін және осы Меморандумның ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады және осы Меморандумның 8-бабына сәйкес күшіне енеді.

6-бап

      Осы Меморандум ережелерін түсіндіру немесе қолдану бойынша даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келіссөздер мен консультациялар арқылы шешеді.

7-бап

      Егер әрбір нақты жағдайда басқа тәртіп келісілмесе, Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларымен көзделген қаражат шеңберінде осы Меморандумның ережелерін орындау барысында туындаған шығыстарды өз есебінен жүргізеді.

8-бап

      Осы Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және белгіленбеген мерзімге жасалады.

      Осы Меморандум Тараптардың бірі дипломатиялық арналар арқылы екінші Тараптың оның қолданысын тоқтату туралы өзінің ниетін жазбаша хабарлауын алған күннен бастап үш ай өткеннен кейін қолданысын тоқтатады.

      Осы Меморандум қолданысын тоқтауы Тараптар басқа мәселелер бойынша уағдаласқан жағдайда осы Меморандумның қолданысы кезінде басталған бірлескен жобалар мен бағдарламаларға әсер етпейтін болады.

      Астана қаласында 2018 жылғы 14 наурызда әрқайсысы қазақ, тәжік және орыс тілдерінде бірдей күші бар екі данада жасалды.

      Осы Меморандум мәтіндерінің арасында сәйкессіздік туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасы
Дін істері және азаматтық
қоғам министрлігі үшін
Тәжікстан РеспубликасыныңҮкіметі жанындағы Дін істері,ұлттық дәстүрлерді, салтанаттар
      мен ғұрыптарды реттеу жөніндегі
      комитеті үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады