Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен Эстонияның Мемлекеттік аудит офисі (Riigikontroll) арасындағы дәрежесі бойынша тең тексеру жөніндегі өзара түсіністік туралы МЕМОРАНДУМ

Жаңа

Меморандум, 2018 жылғы 3 сәуір

      (2018 жылғы 3 сәуірде күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2018 ж., № 3, 39-құжат)

      Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және Эстонияның Мемлекеттік аудит офисі (бұдан әрі Тараптар деп аталады)

      2016 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен Эстонияның Мемлекеттік аудит офисінің арасындағы мемлекеттік сектор аудитіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумның ережелерін басшылыққа ала отырып,

      Тараптардың сыртқы мемлекеттік аудитін жетілдіруге өзара ұмтылысты білдіре отырып,

      өзара құрмет, сенім, тең құқықтық және өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарын негізге ала отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап. Осы Меморандумның мақсаты

      Осы Меморандум дәрежесі бойынша тең тексерудің (Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік аудит органы - Есеп комитетінің қызметін функционалдық тексерудің) барлық аспектілері мен шарттары бойынша келісушілікті қамтамасыз ету мақсатында жасалады.

      Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік аудит органы (бұдан әрі - ЖМАО) - Есеп комитетін функционалдық тексеруді Мемлекеттік аудит офисі Есеп комитетінде және Мемлекеттік аудит офисінде жүргізеді.

2-бап. Дәрежесі бойынша тең тексеру үшін негіз

      Дәрежесі бойынша тең тексеру жүргізу кезінде Тараптар 2016 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен Эстонияның Мемлекеттік аудит офисі арасындағы мемлекеттік сектор аудитіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумның ережелерін, сондай-ақ ЖМАО-ның ISSAI 5600 “Дәрежесі бойынша тең тексеру жүргізу жөніндегі басшылық” халықаралық стандартының қолайлы талаптарын басшылыққа алады.

      Дәрежесі бойынша тең тексерудің нәтижелері Тараптар өкілдерінің бірлескен отырысында қаралады, сондай-ақ қалың жұртшылыққа ұсынылады.

3-бап. Тексерудің мақсаты мен ауқымы

      Дәрежесі бойынша тең тексеруді немесе жоғары мемлекеттік аудит органы - Есеп комитетінің қызметін функционалдық тексеруді Мемлекеттік аудит офисі Есеп комитеті қызметінің ішкі және халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында жүргізеді.

      Дәрежесі бойынша тең тексеру мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі, мыналар:

      1) қызметті ұйымдастыру - Есеп комитетінің міндеттерін сапалы орындау мүмкіндігі тұрғысынан;

      2) әдіснама - Есеп комитетінің әдіснамалық қамтамасыз етілуі және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігі;

      3) Есеп комитетінің қызметін жоспарлау;

      4) аудиторлық іс-шараларды жүргізу, соның ішінде:

      a. аудитті жоспарлау,

      b. аудиторлық дәлелдемелерді жинау,

      c. аудиторлық есептер мен аудиторлық қорытындыларды қалыптастыру,

      d. аудиторлық процесті құжаттау;

      5) кәсіби даму және халықаралық ынтымақтастық;

      6) Президентке, Парламентке есеп беру және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс;

      7) ішкі бақылау;

      8) ақпараттық жүйелерді қолдану бағаланады.

4-бап. Тексерудің әдістері мен рәсімдері

      Дәрежесі бойынша тең тексеру Есеп комитетінде барлық файлдар мен жұмыс құжаттарының қолжетімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, дәрежесі бойынша тең тексерудің жалпыға бірдей қабылданған практикасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Дәрежесі бойынша тең тексеруді жүзеге асырудың кезеңдері:

      1) дәрежесі бойынша тең тексеруді жоспарлау;

      2) аудиторлық рәсімдер;

      3) Есеп комитетінің қызметі бойынша есептің Дәрежесі бойынша тең тексеру нәтижелері жөніндегі қорытынды есебін (бұдан әрі - Қорытынды есеп) қалыптастыру.

      Дәрежесі бойынша тең тексеру барысында Есеп комитетінің аудиторлық қызметінің барлық қажетті құжаттары зерделенеді.

5-бап. Тексерудің негізгі күтілетін нәтижелері

      Дәрежесі бойынша тең тексерудің қорытындылары бойынша Қорытынды есеп дайындалады және қажет болған жағдайда, Есеп комитетінің қызметін жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірленеді.

      Қорытынды есеп негізінде Есеп комитеті Дәрежесі бойынша тең тексерудің нәтижелері бойынша ұсынымдарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді.

6-бап. Тексеруді ұйымдастыру

6.1. Тексерудің мерзімдері мен тәртібі

      Дәрежесі бойынша тең тексеруді 2018 жыл ішінде дәрежесі бойынша тең тексеру кестесіне сәйкес Мемлекеттік аудит офисінің жұмыс тобы жүргізетін болады. Қорытынды есеп 2018 жылдың күзінде дайындалады. Есеп комитеті байланысушы адамды тағайындайды, Мемлекеттік аудит офисінің жұмыс тобына дәрежесі бойынша тең тексерудің мәселелері бойынша қажетті құжаттарды уақтылы және толық көлемде ұсынады, сондай-ақ сұхбат уақытында және жазбаша сауалнамаларды толтыру кезінде ақпараттың анық берілуіне жауапты болады. Осы Меморандумның ережелерін іске асыру мәселелері бойынша Тараптар арасындағы өзара іс-қимыл электрондық пошта және бейнеконференция арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

6.2. Тексерудің жұмыс тілі

      Дәрежесі бойынша тең тексерудің жұмыс тілі орыс тілі болып табылады.

      Тараптар арасындағы келісу бойынша дәрежесі бойынша тең тексерудің құжаттамалары INTOSAІ-дың Әлеуетті арттыру жөніндегі комитетінің 3-ші кіші комитетіне тиісті ақпаратты ұсыну мақсатында ағылшын тіліне аударылуы мүмкін.

      Есеп комитеті дәрежесі бойынша тең тексерудің құжаттамаларын қазақ тіліне аударуы мүмкін.

6.3. Ақпаратқа қол жеткізу

      Тараптар дәрежесі бойынша тең тексерудің мақсатында Қазақстан Республикасының және Эстонияның мемлекеттік құпиялар туралы заңнамаларының талаптарын және олардың заңнамалармен қорғалатын өзге де құпияларын сақтай отырып ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

6.4. Тексерудің жұмыс құжаттары

      Осы дәрежесі бойынша тең тексерудің жұмыс құжаттары:

      1) Осы Меморандум;

      2) Тараптар арасындағы хат-хабарлар;

      3) сауалнамалар;

      4) кездесу хаттамалары;

      5) жұмыс тобының жұмыс файлдары;

      6) Қорытынды есеп болып табылады.

6.5. Тексеруді қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстар

      Дәрежесі бойынша тең тексеруді жүзеге асырумен байланысты өз қызметкерлерінің еңбек шығыстарын Тараптардың келісуі бойынша әр Тарап дербес қамтамасыз етеді. Есеп комитеті 2018 жылға арналған 006 “Өкілдік шығындар” бюджеттік бағдарламасына сәйкес көзделген лимиттер шегінде Мемлекеттік аудит офисі өкілдерінің көлік және іссапар шығыстарын көтеруі мүмкін.

      Есеп комитеті қабылдаушы Тарап ретінде Мемлекеттік аудит офисі өкілдерінің Астанаға келіп-кетуіне жәрдем көрсетеді.

7-бап. Тексерудің нәтижелері бойынша қорытынды есеп

      Қорытынды есепті Мемлекеттік аудит офисінің жұмыс тобы қалыптастырады және оған Мемлекеттік аудит офисі жұмыс тобының жетекшісі қол қояды.

      Қорытынды есеп мыналарды:

      v қызметтің тексерілетін бағыттары бойынша Қазақстан ЖМАО-сы қызметінің Есеп комитетінің ішкі қағидаларының және стандарттарының талаптарына, сондай-ақ халықаралық стандарттар ережелеріне сәйкестігін растауды (жоққа шығару);

      v тексерілетін бағыттар бойынша Есеп комитеті қызметінің күшті жақтарын айқындауды және қажет болған жағдайда Қазақстан ЖМАО-сының қызметін жетілдіру үшін салаларды анықтауды;

      v тексеру бойынша әріптес - Мемлекеттік аудит офисінің Есеп комитетінің жұмысында қолдануға болатын ең озық практикасын айқындауды қамтиды.

      Түпкілікті Қорытынды есеп бұқаралық ақпарат құралдарына таратылуы мүмкін (Есеп комитеті есепті өзінің ресми веб-сайтында және басқа да ресми дереккөздерде жария етеді).

      Дәрежесі бойынша тең тексеру нәтижелері жөніндегі қорытынды есеп Есеп комитетінің меншігінде қалады.

8-бап. Тексерудің нәтижелері бойынша постшолу

      Дәрежесі бойынша тең тексерудің нәтижелері бойынша Тараптар арасындағы қосымша халықаралық шарт негізінде постшолу жүргізілуі мүмкін.

9-бап. Қорытынды ережелер

      Осы Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Меморандумға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жазбаша түрде ресімделеді және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      2018 жылғы 3 сәуірде Астана қаласында әрқайсысы қазақ, эстон және орыс тілдерінде екі данада жасалды, бұл ретте барлық мәтіндер теңтүпнұсқалы болып табылады. Мәтіндер арасында айырмашылықтар болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасы Эстонияның Мемлекеттік
      Республикалық бюджеттің атқарылуын аудит офисі үшін
      бақылау жөніндегі есеп комитеті үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады