Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Француз Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрлігі арасындағы “Абай-Верн” бағдарламасын іске асыру туралы КЕЛІСІМ

Жаңа

Келісім, 2018 жылғы 19 сәуір

      (2018 жылғы 19 сәуірде күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2018 ж., № 4, 47-құжат)

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Француз Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі әрқайсысы "Тарап" және бірге "Тараптар" деп аталады),

      2013 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сілтеме жасай отырып;

      екі ел арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму үшін білім берудің кәсіби дайындықтың және ғылымның бірінші деңгейдегі мағынасын жете түсіп;

      осы салалардағы ынтымақтастықты ретке келтіруге өзара қызығушылықты мойындай отырып;

      жас зерттеушілердің мобильділігін дамытуға жаңа серпін беруге ұмтыла отырып;

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісім жоғары білікті кадрлар даярлау, интернационалдандыру стратегиясын дамыту және қос дипломды білім беру мақсатында жоғары білім саласындағы қазақстандық-француздық әріптестікті нығайтуға бағытталған.

2-бап

      Осы Келісім шеңберінде Тараптар “Абай-Верн” бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады. Тараптар қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан магистранттар мен докторанттарды жіберуге және оқытуға көмек көрсететін болады.

3-бап

      Бағдарлама шеңберінде Францияның жоғары оқу орындарына қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан екінші жылғы білім алушы 90 магистрант пен 10 докторант жіберілетін болады.

      Бағдарламаны іске асыру мақсатында Француз тарапы Қазақстан тарапымен бірге конкурсты өткізу туралы хабарлап, Тараптардың ресми интернет сайтында іріктеу шарттарын жариялайды.

      Үміткерлерді іріктеуді француз тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақстандық сарапшыларды тарту арқылы келесі критерийлер бойынша жүзеге асыратын болады:

      - француз жоғары оқу орындарынан немесе ғылыми орталығынан магистратура немесе докторантура бағдарламалары бойынша оқуға алдына ала қабылдау туралы шақыру-хатының болуы;

      - уәждемелік хатының бар болуы (таңдалған бағдарламаның тіліне байланысты француз немесе ағылшын тілінде, орыс немесе қазақ тілдеріне аудармасымен бірге, 1 парақта);

      - қазақстандық-француздық бағдарламалары бойынша білім алған түлектердің немесе француз жоғары оқу орындарымен әріптестік шарттары бар жоғары оқу орындарында білім алып жатқан магистранттар мен докторанттардың басым құқығы болады.

      Үміткерлер бірлескен комиссияға қарастыру үшін келесі құжаттар тізбесін тапсыруы қажет;

      1) екі резюме (біріншісі таңдалған бағдарламаның тіліне байланысты француз немесе ағылшын тілінде, екіншісі - қазақ немесе орыс тілдерінде);

      2) уәждемелік хат: таңдалған оқыту бағдарламасының тіліне байланысты француз немесе ағылшын тілінде, сонымен қатар қазақ немесе орыс тілдерінде (1 парақ, тек алдыңғы жағында);

      3) төлқұжат көшірмесі;

      4) университеттен және (немесе) ғылыми орталықтан алдын ала оқуға қабылданғаны туралы хат;

      5) бакалавриаттан бастап дипломдар мен бағалары бар қосымшасымен бірге куәландырылған көшірмелері;

      6) француз тілінде оқу бағдарламасын таңдаған үміткерлерге: В1 (DЕLF, DАLF, ТСF) төмен емес француз тілін меңгергенін растайтын сертификат;

      Бұл критерий қабылдаушы тараптың жоғары оқу орындарындағы білім алу тілі болып табылатын тілде жоғары оқу орнын бітірген тұлғаларға қолданылмайды.

      7) ағылшын тілінде оқу бағдарламасын таңдаған үміткерлерге: В2 (ТОЕІС, ТОЕFL, ІЕLТS) төмен емес ағылшын тілін меңгергенін растайтын сертификат;

      Бұл қабылдаушы тараптың жоғары оқу орындарындағы білім алу тілі болып табылатын тілде жоғары оқу орнын бітірген тұлғаларға қатысты емес.

      8) докторанттарға: ғылыми жетекшінің пікірімен қоса 2 парақтағы (максимум) ғылыми жоба;

      9) үміткердің банктік реквизиттері.

      Бұйрықты шығару үшін және үміткерлерді оқуға жіберу процесін ұйымдастыру мақсатында Француз тарапы Қазақстан тарапына хаттамалық шешімді жолдайды.

4-бап

      Бағдарлама бойынша қаржыландыру тең дәрежеде жүзеге асырылады. Француз тарапы докторантураның үш жылы ішінде екінші жылғы білім алып жатқан магистранттарға (90) 10 ай мерзімге және докторанттарға (10) 6 ай мерзімге жылына әлеуметтік жеңілдіктер ұсынады. Бұл әлеуметтік жеңілдіктер келесі артықшылықтарды қамтамасыз етеді:

      - мемлекеттік жоғары оқу орындарында тіркеу жарнасын төлеуден босатылған француз үкіметінің стипендиаты мәртебесі;

      - француздық әлеуметтік сақтандырудың жалпы жүйесіне бекітілу;

      - тегін ұзақ мерзімді студенттік виза;

      - студенттер жатақханаларында орындарды бөлу кезіндегі басымдық;

      - тұрғын үйге ақы төлеу үшін көмек алу, сондай-ақ “сlе” жүйесін пайдалану мүмкіндігі (француз мемлекеті тұрғын үйді жалға алу кезінде кепілгер болады);

      - мәдени бағдарламалар мен іс-шараларға қатысу үшін жеңілдікті тарифтер.

      Осы білім беру гранттарына Франция Үкіметінің басқа да гранттарына қатысты бірдей нормалар қолданылады.

      Қазақстан тарапы тұру шығыстарын қаржыландырады, олар 3 жыл бойы магистранттар үшін 10 айға (қыркүйектен бастап маусымға дейін) айына 800 евроны және докторанттар үшін жылына 6 ай (қыркүйектен бастап ақпанға дейін) айына 1200 евроны құрайды.

      Көлік шығыстары білім алушылардың өз есебінен төленеді.

5-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша оның ажырамас бөлігі болып табылатын және жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

6-бап

      1. Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап және 2019 жылғы 30 маусымға дейін жасалады.

      2. Осы Келісім Тараптардың бірі оның қызметін тоқтату ниеті туралы екінші Тараптың тиісті жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар алған күннен бастап 90 (тоқсан) күн өткеннен кейін қолданысын тоқтатады.

      Астана қаласында 2018 жылы 19 сәуірде екі данада жасалды, әрқайсысы қазақ, орыс және француз тілдерінде, барлық мәтіндердің бірдей заңды күші бар.

      Қазақстан Республикасының Француз Республикасының Еуропа
      Білім және ғылым министрлігі және сыртқы істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады