Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті ережесіндегі шектеу және тартыну түсіндірмесінің Сиракуз принциптері

Жаңа

Біріккен Ұлттар Ұйымы. Экономикалық және әлеуметтік кеңес. ББҰ құжаты E/CN.4/1985/4, Қосымша (1985)

I. ҚҰҚЫҚТАРДЫ ШЕКТЕУ

A. Құқықтарды шектеу заңдылығына қатысты пакт ережесін түсіндірудің жалпы принциптері

      1. Пакті ережесінде қарастырылатын шектеулерді қоспағанда, Пактіде кепілдендірілетін құқықтар бойынша оларды қолдану үшін ешқандай шектеуге немесе негіздемеге рұқсат етілмейді.
      2. Тиісті құқықты қауіп-қатерге қою үшін шектеудің қолданылу аясын осылай түсіндіруге болмайды.
      3. Кез келген шектеудің түсіндірілуі нақты, айқын болуы керек және кез келген күмән қарастырылатын құқықтарды қорғау пайдасына шешілуі керек.
      4. Шектеуді түсіндіру шектелетін құқықтардың әрқайсысы қолданылатын сипат пен мән-мәтін бойынша болуы керек.
      5. Пактіде танылған барлық шектеулер ұлттық заңға сәйкес бекітілуі және Пакт мақсаттары мен міндеттеріне сай болуы керек.
      6. Пактіде көрсетілген шектеулер Пактіде сипатталған шектеулерге сай келмейтіндер үшін қолданылмайды.
      7. Шектеулерді өз бетімен қолдануға рұқсат етілмейді.
      8. Шағымдану мүмкіндігі және шектеулердің әрқайсысын заңсыз енгізу немесе қолдануды құқықтық қорғаудың тиімді жолдары заңмен қарастырылуы керек.
      9. Пактіде танылған шектеу құқықтарының біреуі де 2-баптың 1-тармағы бойынша кемсітілмеуі керек.
      10. Шектеудің «қажет» екендігі Пактіде белгіленген жағдайда, «қажет» термині шектеу дегеннің не екендігін білдіреді:
      (a) Пакті баптарының біреуіне сәйкес осындай шектеудің ұйғарынды болуы бойынша ережелердің біреуіне құрылу,
      (b) мемлекет пен қоғамның қажетті талабын орындау,
      (c) заңды мақсаттарды көздеу, сонымен бірге
      (d) осы мақсаттарға сай болуы.
      Аталған немесе басқа шектеу бойынша қажеттіліктің қандай да бір бағасы шынайы факторларға негізделуі керек.
      11. Шектеуді қолдану кезінде мемлекет шектеуді енгізу үшін қажет құқықтардың көп шектеуіне алып келетін шараларды қолданбауы керек.
      12. Пактіде кепілдендірілетін құқықтарды шектеу заңдылығын дәлелдеу міндеті.
      13. Кез келген шектеудің Пактіде танылған басқа құқықтармен қатар қолданылу керектігі туралы Пактінің 12-бабында айтылған талап Пактіде танылған басқа құқықтардың шектелуіне жатады.
      14. Сонымен үлкен көлемде мемлекеттің басқа халықаралық міндеттемелерімен кепілдендірілетін кез келген адам құқықтарының жүзеге асырылуын шектеу үшін Пактіде танылатын құқықтардың шектелуін түсіндіру рұқсат етілмейді.

B. Құқықтарды шектеу туралы жеке ережелерге қатысты түсіндіру
принциптері

i. «заңмен белгіленген»

      15. Адам құқығын жүзеге асырудың бір де бір шектеуі Пактіге қайшы келмейтін ортақ қолданылатын ұлттық заң сияқты басқаша енгізілмейді және шектеуді енгізу кезінде әрекет етеді.
      16. Адам құқықтарының пайдаланылуын шектеуді қарастыратын заңдар еркін және жүйесіз болмауы керек.
      17. Адам құқықтарының пайдаланылуын шектейтін құқықтық нормалар анық айтылуы және әр адамға түсінікті болуы керек.
      18. Адам құқықтарын шектеудің заңсыз немесе заңға қайшы енгізілуін немесе қолданылуын құқықтық қорғаудың кепілі мен тиімді жолы заңмен қарастыруы керек.

ii. «демократиялық қоғамда»

      «Демократиялық қоғамда» сөз тіркесі шектеуді қолдану үшін қосымша шарт енгізу деген мағынада түсіндіріледі.
      Шектеуді енгізуші мемлекет қоғамның демократиялық қызметіне осы шектеулердің кедергі келтірмейтінін көрсетуге міндетті.
      Демократиялық қоғамның бірыңғай үлгісі жоқ болса да, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында және адам құқығының Жалпыға бірдей декларациясында жарияланған адам құқықтарын құптайтын және құрметтейтін қоғамды аталған сипатқа сай деп қарастыруға болады.
      19. «Демократиялық қоғамда» сөз тіркесі осы талап кіретін шектеуді қолдану үшін қосымша шарттарды енгізу деген мағынада түсіндірілуі керек.
      20. Шектеу қолданылатын мемлекетте осы шектеулердің қоғамның демократиялық қызметіне кедергі келтірмейтіндігі көрсетілуі керек.
      21. Демократиялық қоғамның бірыңғай үлгісі жоқ болса да, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында және адам құқығының Жалпыға бірдей декларациясында жарияланған адам құқықтарын құптайтын және құрметтейтін қоғам аталған сипатқа сай деп қарастырылуы мүмкін.

iii. «қоғамдық тәртіп(ordre public)»

      22. «Қоғамдық тәртіп» сөз тіркесі Пактіде қолданылған мағынада, қоғамның өміршеңдігін қамтамасыз ететін нормалар жиынтығы ретінде немесе осы арқылы қоғам құрылған негізге алынушы принциптер қатары ретінде анықталуы мүмкін.
      23. Қоғамдық тәртіпті осы негізде шектелген нақты құқық міндетінің контексінде түсіндіру керек.
      24. Қоғамдық тәртіпті қолдауға жауапты мемлекеттік органдар мен өкілдер парламент, сот органдары немесе басқа құзырлы тәуелсіз құрылымдар тарапынан өз өкілеттілігін олармен жүзеге асыруда бақыланады.

iv. «халық денсаулығы»

      25. Халықтың немесе жеке тұлғалардың денсаулығына төнген қауіпті жою бойынша мемлекетке шаралар қолдану қажет болса, халық денсаулығын қорғауға ұмтылу белгілі құқықтарды шектеу үшін негіз бола алады. Осы шаралар ауруды немесе денсаулыққа төнген қауіпті жоюға немесе ауру не зардап шеккендер үшін күтімді қамтамасыз етуге тікелей бағытталуы мүмкін.
      26. Денсаулықтың дүниежүзілік ұйымымен қабылданған халықаралық денсаулық сақтау стандарттарына тиісті көңіл бөлінуі керек.

v. «халықтың адамгершілік құндылықтары»

      27. «Мораль» және «адамгершілік» түсініктерінің мазмұны уақыт өте келе өзгереді және әр мәдениетте әр түрлі, сондықтан мемлекетте адамгершілікті қорғау мақсатымен шектеуді қолдануда белгілі бір еркіндік бар, алайда бұл қоғамның негізін қалаушы құндылықтарға деген құрметті қолдау үшін қабылданатын шектеу маңызды болып табылатынын дәлелдеудің қажеттігін кемітпейді.
      28. Пактіде көрсетілген кемсітпеушілік принциптеріне қатысты «адамгершілік» ұғымын түсіндіруде белгілі еркіндік қолданылмайды.

vi. «ұлттық қауіпсіздік»

      29. Кейбір құқықтарды шектеу жөніндегі шараларды дәлелдеу үшін ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне сілтеме тек осындай шаралар мемлекеттің, оның аумақтық тұтастығының немесе күш қолданудың немесе оны қолданудың саяси тәуелсіздігінің болуын қорғау үшін қолданылған жағдайда болуы мүмкін.
      30. Жергілікті немесе жекеленген қатердің құқықтық тәртіпке қатысын жою мақсатында шектеуді енгізу үшін негіздеме ретінде ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне сүйенуге болмайды.
      31. Ұлттық қауіпсіздік мүдделері белгісіз немесе ықтиярлы шектеулерді енгізу үшін сылтау ретінде пайдаланылмайды, оларға тек адекватты кепіл мен құқықтың бұзылуынан қорғаудың тиімді жолдары болған кезде сүйенуге болады.
      32. Адам құқығының жүйелі бұзылуы нағыз мемлекеттік қауіпсіздікті бұзады және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер тудыруы мүмкін. Осындай құқық бұзушылыққа жауапты мемлекет аталған құқық бұзушылыққа қарсылық көрсетуді басуға немесе өз халқына қатысты жазалау саясатын жүргізуге бағытталған шараларды дәлелдеу ретінде мемлекеттік қауіпсіздік мүддесіне сүйенуге болмайды.

vii. «қоғамдық қауіпсіздік»

      33. Қоғамдық қауіпсіздік адамдардың қауіпсіздігіне, олардың өміріне немесе денсаулығына төнетін қауіптен, сонымен бірге олардың мүлкіне айтарлықтай шығынның келуінен қорғау дегенді білдіреді.
      34. Заңмен белгіленген шектеулер қоғамдық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігімен алдын ала келісілуі мүмкін. Қоғамдық қауіпсіздік мүддесі белгісіз немесе ықтиярлы шектеулерді енгізу үшін сылтау ретінде пайдаланылмайды, оларға тек адекватты кепіл мен құқықтың бұзылуынан қорғаудың тиімді жолдары болған кезде сүйенуге болады.

viii. «басқалардың құқықтары мен бостандықтары» немесе
«басқалардың құқықтары мен беделі»

      35. Пактіде жарияланған құқықтарды шектеуге негіз бола алатын басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қамту аясы Пактімен танылған құқықтар және бостандықтар шеңберінен шығады.
      36. Пактіде бекітілген құқықтар мен басқа құқықтар арасында дау болған жағдайда, Пактінің өте маңызды, күрделі құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғандығы туралы фактіге ерекше көңіл бөлінуі керек. Осыған байланысты Пактіге сәйкес шектеуге жатпайтын құқықтарға ерекше мән беру керек.
      37. Егер шектеу мемлекет пен ресми тұлғаларды қоғамдық пікір мен сыннан қорғау мақсатында қолданылған жағдайда, құқықтарды шектеу үшін басқалардың беделін қорғау себеп ретінде рұқсат етілмейді.

ix. «сотта істі жария түрде қарау құқығын шектеу»

      38. Сот ісінің қаралуы жария түрде өтуі керек, сот заңға сәйкес
      (a) тараптардың жеке өмірінің, олардың отбасының немесе кәмелетке толмағандардың мүддесіне байланысты жариялылықтың шектелгендігі көрсетілетін жариялау түрінде қабылданған сот қаулысында хабарланған нақты себептердің негізінде баспасөз және бұқара барлық сот ісінің қарауына немесе оның бір бөліміне жіберілмейтіндігін немесе
      (b) сот төрелігі процесінің біржақты қатынасына алып келетін үлкен мәліметтердің таралуын жоюға немесе моральдық, қоғамдық тәртіп жағынан немесе демократиялық қоғамдағы мемлекеттік қауіпсіздік бойынша жарияланудың шектелуі өте қажет екендігін шешетін жағдайды қоспағанда.

II. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚҰҚЫҚТАРДАН ТАРТЫНУ

A. «Ұлттың өміріне қауіп төндіретін төтенше жағдайлар»

      39. Қатысушы мемлекет ұлттың өміріне қауіп төндіретін тек төтенше және анық немесе болуы даусыз қауіптер жағдайында 4-бапта айтылған азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пакті бойынша өз міндеттемелерінен тартынуда шаралар қолдана алады. Ұлттың өміріне төнген қауіп бұл:
      (a)мемлекеттің барлық халқына немесе барлық аймағына, не бір бөлігіне төнетін қауіп, сонымен бірге
      (b) халықтың денсаулығы, мемлекеттің саяси тәуелсіздігі немесе аумақтық тұтастығы немесе Пактіде танылған құқықтарды қамтамасыз етуге және қорғауға қажет институттардың жеткілікті қызмет етуі үшін төнетін қауіп.
      40. Маңызды және сөзсіз болатын қауіптерді ұлт өміріне төндірмейтін Халықаралық даулар мен тәртіпсіздік 4-баптың ережесінен тартынуға негіз бола алмайды.
      41. Экономикалық қиындықтар өздігінен құқықтардан тартынуға негіз бола алмайды.

B. Төтенше жағдайлардың әрекетін хабарлау, ескерту және
тоқтату

      42. Пакт ережесінен тартыну құқығын пайдаланатын қатысушы мемлекет ұлт өмірінде қауіптің болуына байланысты төтенше жағдайлардың енуі туралы ресми хабарлауы керек.
      43. Ұлттық заңнамада төтенше жағдайларды хабарлау процедурасы алдын ала қарастырылған болуы керек.
      44. Пакт ережесінен тартыну құқығын пайдаланатын қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы арқылы осы Пактінің басқа қатысушы мемлекеттеріне дереу тартынған ережелері мен осындай шешімге түрткі болған себептері туралы хабарлауы керек.
      45. Осындай ескерту басқа қатысушы мемлекеттердің Пакт шеңберінде өз құқықтарын пайдалануы және міндеттемелерін орындауы үшін жеткілікті мәліметтерден тұруы керек. Ескерту сонымен қатар
      (a) қатысушы мемлекет тартынған Пакт ережелерінің атап өтілуін;
      (b) төтенше жағдайларды хабарлау туралы құжаттың көшірмесін,сонымен бірге конституциялық ережелерді, заңдарды немесе қатысушы мемлекеттердің Пакт ережесінен тартыну деңгейін бағалай алуы үшін төтенше жағдайлар енгізілетін жарлықтарды;
      (c) төтенше жағдайлардың әрекет етуінің басталу және аяқталу мерзімін;
      (d) төтенше жағдайларды енгізуге алып келген фактілер мен жағдайлардың қысқаша сипаттамасымен қоса, үкіметтің тартынуға баруды шешкендігі бойынша себептердің түсіндірілуін;
      (e) ескертуге дейін қабылданған осы құқықтардан тартыну туралы шешімнің көшірмесімен қоса, Пакт ережесінен тартынғанда қандай зардап келтірілетіндігі және олардың Пактіде кепілдендірілген құқықтарға қандай ықпал ететіндігі туралы қысқаша сипаттаманы енгізуі керек.
      46. Қатысушы мемлекеттер Пакт бойынша өз міндеттерін орындау үшін қажет қосымша мәліметтердің Бас хатшы арқылы берілуін талап ете алады.
      47. Қатысушы мемлекет тартыну туралы ескертуді жылдам тиісті үлгіде жібермеген жағдайда, ол мемлекеттің басқа қатысушылар алдында өз міндеттері бұзылады және Пакт ережелерімен қарастырылған құқықтық қорғаудан айырылуы мүмкін.
      48. 4баптың ережелері бойынша тартыну құқығын пайдаланатын қатысушы мемлекет ұлттың өміріне қауіп төндіретін төтенше жағдайларды тоқтату үшін ең қысқа мерзімде тартыну әрекетін тоқтатуға талпыну керек.
      49. Қатысушы мемлекет осындай тартынуды тоқтатқан күні ол тоқтау фактісі туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарлау арқылы басқа мемлекеттерге ескертуі керек.
      50. 4-бапқа сәйкес тартыну тоқталғаннан кейін Пактіде кепілдендірілген барлық құқықтар мен бостандықтар толықтай қайтарылуы тиіс. Тез арада тартынуды қолдану салдарын бағалау керек. Тартыну әрекеті кезінде немесе тартынуды қолдану нәтижесінде зардап шеккендерге әділетсіздікке қарсы тұру және өтемақы бойынша шаралар қолдану керек.

C. «тек жағдайдың шиеленісуі бойынша талап етілетін деңгейде»

      51. Пакті ережелерінен тартынуда барлық шаралар ұлт өміріне төнген қауіпті жою үшін өте қажет деңгейде ерекше қолданылуы және қажетті мерзім мен географиялық аймаққа енгізілуі керек. Бұл шамалар табиғатқа сәйкес және ұлт өмірі үшін қауіп өлшемі болу керек.
      52. Құзырлы мемлекеттік органдар төтенше жағдай туғызған нақты қауіпті жою үшін ұсынылған немесе қабылданған әрбір тартынудың қажеттілігін анықтау керек.
      53. Ұлт өмірінің қаупін жою үшін Пактінің жеке ережесінде қарастырылатын құқықтарды шектеу жеткілікті болғанда, құқықтардан тартыну жағдайдың шиеленісуінде лайық болып табылмайды.
      54. Қатты қажеттіліктің принципі әділ түрде қолданылуы керек. Құқықтардан әрбір тартыну елеулі, анық, нағыз немесе сөзсіз болатын қауіпсіздікті жоюға бағытталуы тиіс және тек ықтимал оқиғаны күтуге байланысты қолданылмайды.
      55. Елдің конституциясы мен төтенше жағдайлар туралы заңдарында Пактіден тартыну қажеттілігі жөніндегі ережелерді дербес тәртіпте заңнамалармен жылдам және кезеңдік қарау мүмкіндігі қарастырылуы керек.
      56. Жағдайдың шиеленісуіне байланысты қажет болып табылмаған Пакт ережесінен тартыну нәтижесінде зардап шеккендігін растайтын тұлғалар үшін мемлекет құқықтық қорғаудың тиімді жолдарын қамтамасыз етуі тиіс.
      57. Жағдайдың шиеленісуіне сәйкес тартынудың қаншалықты қажет екендігін анықтау кезінде ел биліктерінің пікірі анықтаушы болып есептелінбейді.

D. Тартынуға жатпайтын құқықтар

      58. Ұлт өміріне қауіп төндіретін төтенше жағдайлар кезінде де бірдебір қатысушы мемлекет өмір сүру құқығын, азаптан немесе қатал, рақымсыз не намысты қорлайтын қарымқатынас не жазалау түрінен, сонымен бірге келісімсіз медициналық немесе ғылыми тәжірибеден азат ету құқығын, құлдықтан, құлдық саудадан және бағынышты күйде ұстаудан азат ету құқығын, қабілетсіздік салдарынан қандай да бір келісілген міндеттемелерді орындаудан азат ету құқығын, кейін қабылданған заңнаманың жеңілдеу жазаны белгілеу жағдайын қоспағанда, қылмыстық жауапкершіліктің тек істі жасау немесе жіберіп алу сәтінде әрекет еткен және қолданылған заңнама ережелерімен анықтау құқығын, адамның құқық субъектілерін тану құқығын және ой, ар-намыс және дін бостандығы құқығын кепілдендіретін Пакті баптарынан тартыну құқығына ие емес. Қандай жағдай болса да, тіпті ұлт өмірін сақтаудың қуатталған мақсаты кезінде де, осы ережелерде бекітілген құқықтар тартыну құқығына жатпайды.
      59. Пактінің қатысушы мемлекеттері өздерінің заңды құзыретіндегі (2(1)бап), барлық тұлғаларға осы құқықтарды қамтамасыз етуге және құқықтар бұзылған жағдайда(2(3)бап), құқықтық қорғаудың тиімді жолдарын қамтамасыз етуге міндетті. Төтенше жағдайлар кезінде ресми тұлғалардың немесе олардың атынан әрекет ететін тұлғалардың ерікті және сот шешімінсіз адам өлтіруді немесе адам ұрлауды ұйымдастыруға қатыспауын қамтамасыз ету үшін мемлекеттер ерекше шаралар қолдануы тиіс. Сонымен қатар олар ұсталғандар мен қамауда отырғандардың азаптаулар мен басқа да қатыгездік, адамгершілікке жатпайтын және адам намысын қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен қорғалуын және істің жасалған сәтіне әрекет етпеген заңдар мен жарлықтар негізінде айыптау үкімінің шығарылмауын және жазаның тағайындалмауын қамтамасыз етуі тиіс.
      60. Азаматтық соттың заңды құзыреті тартынуға рұқсат етілмейтін құқықтардың бұзылуы туралы кез келген шағым бойынша соттың шешім шығаруы үшін төтенше жағдайлар кезінде де сақталуы керек.

E. Төтенше жағдайларды енгізудің және қолданудың кейбір жалпы принциптері және Пакті ережесінен тартынуды қарастыратын тиісті шаралар

      61. Ұлт өміріне төнген қауіпке байланысты халықаралық құқықпен танылған құқықтан тартыну құқықтық емес вакуумда өтеді. Тартынуға заңмен рұқсат етіледі, сондықтан оған құқықтың бірнеше жалпы принциптерін қолдануға болады.
      62. Төтенше жағдайларды хабарлау дұрыс хабарлануы тиіс және жағдай ұлт өмірі үшін қауіп төндіреді ме, егер төндірсе, қандай деңгейде төндіретіндігін анықтау үшін жағдайдың объективті талдауына негізделуі керек. Төтенше жағдайларды хабарлау және кейінгі тартыну дұрыс болмаған жағдайда, олар халықаралық құқықты бұзған болып есептеледі.
      63. Төтенше жағдайлар кезінде белгілі бір тартынуға рұқсат етілетін Пактінің ережелері шектеулі түрде түсіндірілуі керек.
      64. Заңның үстемдік құру принципінің әрекеті төтенше жағдайлар кезінде сақталуы тиіс. Тек шектеулі жағдайда, яғни ұлт өміріне төнген қауіпке тиісті әрекет ету талап етілгенде, осы принциптен тартынуға рұқсат етіледі. Мемлекетке осындай тартынулардың заңдылығын дәлелдеу керек.
      65. Пакті бойынша барлық әрекеттер адам құқығын сақтаудың негізгі міндетіне бағынады. Пактінің 5(1)бабы Пакті шеңберінде қолданылатын әрекеттер үшін шекті айқын көрсетеді:
      Осы Пактіде қандай да бір мемлекеттің, қандай да бір топтың немесе қандай да бір тұлғаның қандай қызмет болса да онымен айналысуға немесе осы Пактіде танылған кез келген құқықты немесе бостандықты жоюға немесе оларды осы Пактіде қарастырылғаннан артық шектеуге бағытталған қандай әрекет болса да, оны жасауға құқылы екендігін білдіретіндігі сияқты ештеңе түсіндірілмейді.
      Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 29(2)бабы құқықтың соңғы міндетін анықтайды:
      Өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру кезінде әрбір адам тек басқалардың құқықтары мен бостандықтарын ардақтау мен құрметтеуді және адамгершіліктің әділ талаптарын, қоғамдық тәртіпті және демократиялық қоғамдағы жалпы әлауқатты қанағаттандыруды қамтамасыз ету мақсатында заңмен ерекше белгіленген шектеулерге түсуі тиіс.
      Аталған немесе басқа жағдайлардың ұлт өміріне қауіп төндіретіндігі туралы мәлімдемеге осы ережелер толық қолданылады, сондықтан биліктер Пакті ережесінен ауытқуына болады.
      66. Вona fide төтенше жағдайларды хабарлау аталған Пакті шеңберінде белгіленген міндеттемелерден тартынуға мүмкіндік береді, бірақ жалпы халықаралық міндеттемелерді ескермеуге рұқсат бермейді. Пактінің 4(1)бабы мен 5(2)бабында халықаралық құқық бойынша мемлекеттің басқа міндеттемелерімен үйлеспейтін тартынуларға тыйым салынады. Осы көзқарас жағынан Женева конвенциясы мен ХЕҰ конвенциясы шеңберінде төтенше жағдайларға қолданылатын халықаралық міндеттемелерге ерекше көңіл бөлінуі керек.
      67. Ішкі әскери қақтығыс жағдайында соғыс құрбандарын қорғау туралы 1949 жылы Женева конвенциясына қатысушы мемлекет ешбір жағдайда да азаматты тиісті түрде құрылған сот қатысуымен және соттың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы негізге алынатын кепілді қамтамасыз етумен істі сот қарауына беру құқығынан айыра алмайды (1949 жылғы барлық Конвенциялар үшін ортақ ереженің 3бабы). 1977 жылғы қосымша хаттама бойынша қатысушы мемлекеттер кез келген жағдайда қылмыстық қудалау аясында келесі құқықтарды сақтауы керек:
      (а) процедура айыпталушының өзіне тағылған кінәсі мен құқық бұзушылықтың егжейтегжейі туралы кешіктірілмей хабардар болуын қарастыруы және сотқа дейін және сот кезінде айыпталушыға барлық қажетті құқықтар мен қорғану амалдарын ұсынуы керек;
      (b) негіздемедегі сияқты жеке бастың қылмыстық жауапкершілігінен басқа құқық бұзушылық үшін бір де бір тұлға айыпталуы мүмкін емес;
      (c) бір де бір тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда айыпталуы немесе ол үшін осындай әрекетті немесе қателікті жасау кезінде осы тұлғаға таратылған әрекеттер, ұлттық заңнама не халықаралық құқық нормаларына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық болып көрсетілмеген кез келген әрекет немесе қателік негізінде оған айып тағылуы мүмкін емес;
      (d) кінәсіздіктің аныққанығына жету;
      (e) айыпталушының қатысуымен, істің сотта қаралуына құқығы;
      (f) бір де бір тұлғаның өзіне қарсы түсінік беруіне немесе өзін кінәлі деп тануға мәжбүр етуі мүмкін емес;
      (g) сотталушыға үкім шығару кезінде оның сот немесе басқа тәртіппен шағым беру құқығы туралы, сонымен бірге осы құқықты пайдалану мерзімі туралы хабарлануы керек.
      68. Адам құқықтары бойынша ХЕҰ негізгі конвенциялары еріксіз еңбек, жиналыс бостандығына құқық, тең еңбек жағдайы және кәсіподақтар мен жұмысшылардың құқықтары сияқты мәселелерге қатысты құқықтар қатарын қарастырады, төтенше жағдайлардың әрекет ету кезеңінде жол берілмейтіндерден тартынуды, жағдайдың шиеленісуіне байланысты тек қажет деңгейде басқа құқықтардан тартынуға болады.
      69. Пактінің қатысушылары болып табылмайтын елдерді қоса, бір де бір мемлекет қандай жағдай болса да, төтенше жағдайларды қоса, әрекетті тоқтата алмайды немесе келесі құқықтарды бұза алмайды:
      (a) өмір сүру құқығын;
      (b) азаптан немесе қатал, рақымсыз не намысты қорлайтын қарымқатынас не жазалау түрінен, сонымен бірге келісімсіз медициналық немесе ғылыми тәжірибеден азат ету құқығын;
      (c) құлдықтан, құлдық саудадан және бағынышты күйде ұстаудан азат ету құқығын және
      (d) қылмыстық жауапкершіліктің Пактідегі осы құқықты анықтауға сәйкес тек әрекетті жасау кезінде әрекет еткен және қолданылған заңнама ережелерімен анықталуына құқық.
      Халықаралық құқық барлық жағдайда осы басты құқықтарды беруден бас тартуға тыйым салады.
      70. Ұстаудан және тұтқындаудан азат ету құқығы (9-бап) және сотта қылмыстық істі әділ және жария түрде қарау құқығы (14-бап) төтенше жағдайлардағы қажеттіліктің шиеленісу жағдайында заңды түрде шектелуі мүмкін, адамдардың адами тұлғаға тән абыройды құрметтеудің негізгі құқықтарынан бас тартуы қажет төтенше жағдайларды іс жүзінде елестету мүмкін емес. Осындай басты құқықтарды құрметтеу осы құқықтардың бұзылуына қарсы құқықтық қорғау үшін қажет және олардан тартынуға рұқсат етілмейтін құқықтарды қамтамасыз етудің ажырамас шарты болып табылады. Атап айтқанда:
      (a) барлық тұтқындау мен ұстау және қамауда ұстау орындары туралы жазба жүргізілуі керек, олар кешеуілдемей көпшілікке жетуі тиіс орталықтандырылған бір орында сақталуы тиіс;
      (b) ешкім айып тағылмай тұрып, сот болғанға дейін алдынала ұстау немесе қамауда ұстау түрінде белгісіз мерзімге ұсталмауы керек;
      (c) бірнеше күннен асатын, мысалы, үш күннен жеті күнге дейінгі мерзім ішінде ешкім отбасымен, жақындарымен немесе қорғаушысымен сөйлесу құқығынсыз оқшауланып ұсталуға тиіс емес;
      (d) егер тұлға айып тағылмай тұрып ұсталған болса, қамауда ұстау мерзімін ұзарту үшін осындай ұстаудың қажеттігі тәуелсіз сотпен қаралуы талап етіледі;
      (e) әрбір адам өзіне кез келген айып тағылған кезде, заң негізінде құрылған құзырлы, тәуелсіз және бейтарап соттың істі әділ және жария түрде қарауына құқылы;
      (f) азаматтық тұлғаларға қатысты істер азаматтық тұлғалардың соты үшін әскери трибуналдарды немесе арнаулы соттарды белгілеу аса қажет болатын жерлерде кәдімгі соттармен қаралуы керек, аталған соттардың құзырлы, тәуелсіз және бейтарап болуын, ал олардың өкілеттілігі құзыреті бар биліктермен қаралып отыруын қамтамасыз ету өте маңызды;
      3. Қылмыстық күнәда айыпталушының қылмысты екендігі заңға сәйкес дәлелденбейінше, ол кінәсіз деп есептелуге құқылы және соттың істі әділ қарауының келесі шартына ие бола алады:
      — айыпталушы өзінің түсінетін тілінде оған тағылған айыптың сипаты мен негізі туралы шұғыл түрде және толық хабардар болу,
      — өзін қорғауды дайындау үшін жеткілікті уақыт пен мүмкіндікке ие болу,
      — қорғаушыға төлеу үшін жеткілікті қаражаты болмағанда, ақысыз өздері таңдап алған қорғаушы арқылы өздерін қорғау;
      — оның қатысуымен сотты болу,
      — өзіне қарсы түсінік беруге немесе өзін кінәлі деп табуға мәжбүр болмау,
      — куәгерлерді шақыруға және жауап алуға құқылы болу,
      — қауіпсіздікті және қиянат етушіліктен жеткілікті қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігі негізінде істі жабық отырыста қарау туралы сот шешім шығарған жағдайды қоспағанда, істің жария түрде қаралуына құқық,
      — оның айыпталуы мен жазасын жоғарғы сот орындарына қайта қарату құқығы;
      (h) барлық жағдайда сот отырысының барысы туралы тиісті жазба жүргізілуі тиіс;
      (i) біржола айыпталған немесе ақталған қылмыс үшін ешкім екінші рет сотталмауы немесе жаза тартпауы тиіс.

F. БҰҰ органдары мен адамдардың құқықтары жөніндегі Комитеттің қызметі және міндеттеріне қатысты ұсыныстар

      71. Мәлімдемелерді қарау, таныстыру бойынша өз өкілеттігін және Пактінің 40-бабы бойынша қатысушы мемлекеттердің баяндамасы туралы ескертулерді жүзеге асыру кезінде адам құқықтары жөніндегі комитет қатысушы мемлекеттердің 4-бапты ұстануы үшін олардың іс-тәжірибесі мен заңнамасына қадағалау жүргізе алады және оны жүзеге асыруға міндетті. Сонымен қатар Комитет 41-бап және Факультативті хаттама бойынша өз құзыреті шегінде мемлекеттің және жеке тұлғалардың хабарламаларын қарау кезінде Пакті ережелерінің сақталуын бақылай алады және оны жүзеге асыруға міндетті.
      72. 4-бап(1) және (2)тармақтарының ережесі сақталғандығын не сақталмағандығын анықтау үшін және қатысушы мемлекеттердің мәлімдемелерінде баяндалған мәліметтерді растау үшін адам құқықтары бойынша құзыреттілігі бар адам құқықтары жөніндегі Комитеттің мүшелері олардың ойы бойынша нақты деп танылған басқа үкіметаралық органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және жеке тұлғалардың мәліметтерін қарай алады және оны қарауға міндетті.
      73. Адам құқықтары жөніндегі комитет 40(1)баптың ережелерін басшылыққа ала отырып, процедураны дайындауы керек, 4(3)бапқа сәйкес тартыну туралы хабарлаған қатысушы мемлекеттерден немесе 4-бапқа шектеу қолданылуы керек төтенше жағдайларды енгізгендігі туралы жорамалдауға негіз бар мемлекеттен Комитет қосымша мәлімдемелерді талап ете алады.
      4. Қосымша мәлімдемелер Пакті ережелерін қолдану үшін оның әрекет ету көзқарасы бойынша төтенше жағдайларды енгізуге байланысты мәселелерден тұруы тиіс.Комитет осындай мәлімдемелерді мейлінше жылдам қарастыруы керек.
      74. Адам құқықтары жөніндегі комитет өзінің қадағалау қызметтерін тиімді орындауы үшін Комитет хабарлама иелері мен куәгерлерді ауызша тыңдауға мүмкіндік туғызатыны туралы Факультативтік хаттама бойынша хабарламаларды қарау процедурасын дайындауы керек. Сонымен бірге олардың Пакті ережелерін бұзу туралы айыптың болуына қатысты Комитет мемлекетке бару практикасын қабылдауы керек. Қажет кезінде Факультативтік хаттаманың қатысушы мемлекеттері оған тиісті өзгертулер енгізу мүмкіндігін қарастыруы керек.
      75. БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комиссия өзінің Кемсітушілікті болдырмау және азшылықтарды қорғау жөніндегі шағын комиссиясының жыл сайын Пактіге қатысушы мемлекеттер мен бір жыл ішінде төтенше жағдайлардың әрекет етуін тоқтату туралы хабарлаған, қолдаған немесе мәлімдеген мемлекеттердің тізімін дайындауын қамтамасыз ету керек. Осы тізімде келесі мәліметтер:
      (а) қатысушы мемлекеттер жөнінде – хабарландыру мен ескерту, ал
      (b) басқа мемлекеттер жөнінде – төтенше жағдайларды хабарлау, ұлт өмірінің қаупі, тартынуға болмайтын құқықтардан тартыну, олардың шарасы,үйлесімділігі, құқықтарды кемсітпеушілік және құрметтеу туралы түсінікті және мүмкіндігінше нақты мәлімет болуы керек.
      76. Адам құқықтары жөніндегі комиссия және оның шағын комиссиясы төтенше жағдайлардың ұзақ кезеңіне қатысты фактілерді анықтау бойынша арнайы баяндамашылар мен міндеттерді белгілеу тәжірибесін қолдануды жалғастыруы керек.

      АУДАРМА НҰСҚАСЫ

АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ҚҰҚЫҚТАР ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПАКТІДЕГІ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ШЕКТЕУГЕ ЖӘНЕ КЕМІТУГЕ ҚАТЫСТЫ ЕРЕЖЕЛЕР ТУРАЛЫ СИРАКУЗ ПРИНЦИПТЕРІ

      Кіріспе

      i) Халықаралық заңгерлер комиссиясымен,қылмыстық құқықтың халықаралық ассоциациясымен, Халықаралық заңгерлер комиссиясын қолдайтын Халықаралық ассоциациямен, Адам құқықтарының Урбан Морган институтымен және криминалистика саласында жоғарғы зерттеудің Халықаралық институтымен шақыртылған халықаралық құқық саласында еңбегі сіңген 31 сарапшыдан тұратын топ Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіде құқықтарды шектеу және кеміту туралы ережелерді қарау үшін 1984 жылдың сәуір–мамыр айларында Сиракузде (Сицилия аралы) мәжіліс өткізді. Конференция жұмысына Бразилия, Венгрия, Греция, Египет,Үндістан, Ирландия, Канада, Кувейт, Нидерланды, Норвегия, Польша, Біріккен Әмірлік, Америка Құрама Штаты, Түркия, Франция, Чили, Швейцария елдерінің, Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі Орталығының, Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) және аталған Конференцияны дайындайтын ұйымдардың өкілдері қатысты.
      ii) Қатысушылар Пактіде жарияланған құқықтарды ұйғарынды шектеу мен кеміту үшін жағдайларды және негіздерді мұқият зерттеу, құқықтың осы нормаларын өмірде тиімді жүзеге асыруға жету қажеттігіне қосылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жиі атап көрсеткендей, Пактіде тіркелген құқықтарды шектеудің біркелкі түсіндірілуіне жету өте маңызды.
      iii) Құқықтардың шектелуі мен кемітілуін зерттеу кезінде қатысушылар төмендегілерді анықтауға тырысты:
      олардың заңды мақсаттарын, олардың енгізілуі мен қолданылуын реттейтін түсіндіру принциптерін және құқықтарды шектеу мен кеміту негіздемесіне тән кейбір негізгі ерекшеліктерді.
      iv) Пактіде тіркелген құқықтардың әрекет ету аясының басқа белгілермен, мысалы озбырлық концепциясымен анықталатындығы танылды, алайда осы белгілерді зерттеу үшін уақыт жеткіліксіз болды. Болашақта осындай қарастырылмаған шектеулерді зерттеу мүмкіндігі әлі де болатыны туралы үміт көрсетілген.
      v) Қатысушылар төмендегілерге:
      а) адам құқықтарын құрметтеу және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау арасындағы өзара тығыз байланыстың бар екендігіне; адам құқығының үнемі бұзылуы мемлекеттік қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті бұзады және халықаралық бейбітшілікке қауіп тудыруы мүмкін;
      b) әр түрлі мемлекеттердің экономикалық даму деңгейінің ерекшелігіне қарамастан адам құқықтарын жүзеге асыру осы сөздің кең мағынасында дамытуға қажетті жағдай болып табылады.
      vi) Қатысушылар бұл принциптерді мәтіннің осы шақтағы етістігінің орнына міндеттеу етістігін пайдалануға арналған кейбір ұсыныстардан басқа, халықаралық құқықтың алдыңғы жағдайын көрсету түрінде қарастырады.

I БӨЛІМ. ПАКТІДЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ШЕКТЕУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

А. Шектеулер заңдылығына қатысты түсіндірудің жалпы принциптері*

      1. Пактімен кепілдендірілген/құқықтарға оларды қолдану үшін сол Пактінің ережелеріндегіден басқа шектеулердің немесе негіздердің ешқайсысы ұйғарынды болып табылмайды.
      2. Пактіде атап өтілген шектеулердің әрекет ету аясы тиісті құқықты бұзу үшін осындай жағдайда түсіндірілмейді.
      3. Шектеулер туралы барлық ережелер қарастырылатын құқықтарға қарай дәлме-дәл және ыңғайлы түрде түсіндіріледі.

      ________________________________
      * «limitations» (шектеу)термині бұл принциптерде «restrictions» (Пактіде қолданылатын шектеулер) терминін қамтиды.

      4. Барлық шектеулер нақты құқық тұрғысы мен контексте түсіндіріледі.
      5. Пактімен танылған құқықтардың барлық шектеуі заңнамамен қарастырылады және Пактінің мақсаты мен міндеттеріне сай келеді.
      6. Пактіде атап көрсетілген шектеулердің ешқайсысы осы шектеу белгіленіп көрсетілген мақсаттан басқа, қандай да бір мақсат үшін қолданылмайды.
      7. Ешқандай шектеу еркін түрде қолданылмайды.
      8. Әрбір қосылатын шектеуге сәйкес осы шектеулерді теріс пайдаланған жағдайда, келіспеу және сот қорғауы қарастырылады.
      9. Пактімен танылған ешқандай құқықтық шектеу 2-баптың 1-тармағына қайшы келмейді.
      10. Пакті ережелерінде шектеу әрқашан «қажетті» түрінде қарастырылғанда, бұл термин аталған шектеудің:
      a) Пактінің тиісті бабымен танылған шектеулерді ақтаушы себептердің біріне негізделетінін,
      b) маңызды қоғамдық немесе әлеуметтік қажеттілікке сай келетіндігін,
      c) заңды мақсатты көздейтіндігін және
      d) осы мақсатқа сай келетіндігін тұспалдайды.
      Шектеудің қажеттілігіне қатысты кез келген пайымдау объективті ойға негізделеді.
      11. Мемлекет шектеулерді қолдана отырып, аталған шектеу мақсатына жету үшін қанша қажет болса, тек сонша шек қоятын құралдарды пайдаланады.
      12. Пактімен кепілдендірілетін құқықты шектеу дәйектемесінің ауыртпалығы мемлекетке түседі.
      13. Кез келген шектеулер осы Пактіде танылған басқа құқықтармен бірге қосылуы керек екендігі туралы Пактінің 12-бабында көрсетілген талап Пактіде танылған басқа құқықтарға қойылған шектеулерде тұспалданады.
      14. Пактінің шектеу ережелері көп жағдайда мемлекеттерді байланыстыратын басқа халықаралық міндеттемелермен қорғалған адамның кез келген құқықтарын шектеулі жүзеге асыру ретінде түсіндірілмейді.

В. Нақты шектеу ережелеріне қатысты түсіндіру принциптері

      «Заңмен белгіленген»

      15. Пактімен қосылатын және шектеуді қолдану кезінде күшінде болатын жалпы Қолданудың ұлттық заңымен қарастырылатын жағдайды қоспағанда, ешқандай шектеулер адам құқықтарын жүзеге асыруға қосарланбайды.
      16. Адам құқығын жүзеге асыруға шектеу енгізетін заңдар негізсіз немесе қисынсыз болмауы керек.
      17. Адам құқықтарын жүзеге асыруды шектейтін құқықтық нормалар әр адамға анық және түсінікті болуы керек.
      18. Тиісті кепілдер және адам құқықтарын шектеуді заңға қайшы немесе қорлау арқылы енгізу немесе қолдану заңмен қарастырылады.

      «Демократиялық қоғамда»

      19. «Демократиялық қоғамда» сөз тіркесі өзі анықтайтын шектеу ережелерін одан да көп шектеуші ретінде түсіндіріледі.
      20. Белгілі шектеуді осылай енгізетін мемлекет қоғамның демократиялық қызмет етуіне осы шектеулердің зиян келтірмейтіндігін көрсетеді.
      21. Демократиялық қоғамның бірыңғай үлгісі болмағанмен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында және адам құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясымен қарастырылған адам құқықтарын мойындайтын, құрметтейтін және қорғайтын қоғам осы анықтамаға сай ретінде қарастырылуы мүмкін. 

      «Қоғамдық тәртіп (fordre public)»

      22. «Қоғамдық тәртіп (ordre public)» сөз тіркесі, Пактіде қалай қолданылса, қоғамның қызметін етуін қамтамасыз ететін нормалар сомасы немесе қоғамның құрылуына негіз болатын принциптер қатары ретінде анықталуы мүмкін. Адам құқықтарын құрметтеу қоғам тәртібінің бір бөлігі болып есептеледі (ordre public).
      23. Қоғамдық тәртіп (ordre public) осы негізде шектелетін нақты адам құқықтарының мән-мәтінінде түсіндіріледі.
      24. Қоғамдық тәртіпті (ordre public) қолдауға жауапты мемлекеттік органдар немесе мекемелер парламент, соттар немесе құзырлы тәуелсіз органдар арқылы олардың өкілеттігін жүзеге асыру бойынша бақылануы керек.

      «Халық денсаулығы»

      25. Халықтың немесе халықтың жеке тұлғаларының денсаулығына төнетін қауіпке қатысты мемлекеттің шараларды қолдануына мүмкіндік жасау үшін кейбір құқықтарды шектеуге халық денсаулығы негіз ретінде пайдалануы мүмкін. Осы шаралар аурулардың немесе жарақаттанушылықтың алдын алуға немесе ауру және жарақаттанған адамдарды күтуді қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
      26. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының Халықаралық медикалық-санитарлық ережелеріне көңіл бөлінуі керек.

      «Халықтың адамгершілік құндылықтары»

      27. Уақыттың кез келген кезеңінде және әр түрлі мәдениетте халықтың адамгершілік құндылықтары әр түрлі болғандықтан, адам құқықтарын шектеу үшін негіз ретінде халықтың адамгершілік құндылықтарын пайдаланатын мемлекет саналылықтың белгілі деңгейін көрсете отырып, қарастырылатын шектеулер қоғам негізін қалайтын құндылықтарды сақтап қалуы үшін қажет болып табылатындығын көрсетеді.
      28. Мемлекетпен берілетін саналылық деңгейі Пактіде белгіленген кемсітпеушілік ережесіне қолданылмайды.

      «Мемлекеттік қауіпсіздік»

      29. Мемлекеттік қауіпсіздік тек мемлекеттің болуын, оның аумақтық тұтастығын немесе күшке немесе күш қолдану қаупіне қарсы саяси тәуелсіздікті қорғау үшін қолданылған жағдайда, белгілі құқықтарды шектейтін өлшемдерді дәлелдеу үшін пайдаланылуы мүмкін.
      30. Құқықтық тәртіп үшін жергілікті төтенше немесе біршама жекеленген қауіптерді жою мақсатында шектеулерді енгізу сияқты мемлекеттік қауіпсіздік түсінігіне сілтеме берілмеуі керек.
      31. Мемлекеттік қауіпсіздік түсінігін жалпы немесе ерікті шектеулерді енгізу үшін сылтау ретінде қолдануға болмайды және тиісті кепілдер мен теріс пайдаланушылықтан тиімді қорғау құралдары бар болған жағдайда ғана оларға сілтеме жасауға болады.
      32. Адам құқықтарының жиі бұзылуы мемлекеттік қауіпсіздікті бұзады және халықаралық әлем мен қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін. Мұндай бұзушылыққа кінәлі мемлекет осындай бұзушылыққа қарсы әрекетті басады немесе өзінің тұрғындарына қатысты жазалау әрекеттерін жүзеге асыруға бағытталған шараларды қабылдауды дәлелдеу ретінде мемлекеттік қауіпсіздік түсінігіне сілтеме жасалмайды. 

      «Қоғамдық қауіпсіздік»

      33. Қоғамдық қауіпсіздік тұрғындар, олардың өмірі немесе денсаулығы қауіпсіздігінің қатерінен немесе оның мүлкін айтарлықтай шығыннан қорғау дегенді білдіреді.
      34. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі заңмен қарастырылатын шектеулерді дәлелдей алады. Оны жалпы немесе ерікті шектеулерді енгізу үшін қолдануға болмайды және оған тиісті кепілдер мен теріс пайдаланушылықтан құқықтық қорғаудың тиімді құралдары бар болған жағдайда сілтеме жасауға болады. 

      «Басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандығы» немесе «басқа
      тұлғалардың құқықтары немесе беделі»

      35. Пактідегі құқықтарды шектей алатын басқа тұлға құқықтарының және бостандықтарының көлемі Пактіде танылған құқықтар мен бостандықтар шеңберінен асады.
      36. Пактімен қорғалатын қандай да бір құқықтың және онда қорғалмайтын құқық арасында қайшылық туындаған жағдайда, Пактінің негізгі құқықтар мен бостандықтарды қорғауға бағытталғандығы туралы фактіні мойындау және ескеру қажет. Бұл мәнмәтінде Пактінің 4-бабына сәйкес одан тартынуға болмайтын құқықтарға ерекше көңіл бөлу керек.
      37. Басқа тұлғалардың беделін құрметтеуге негізделген адамның қандай да бір құқығын шектеу қоғамдық пікірден немесе сыннан мемлекетті және оның ресми тұлғаларын қорғау үшін қолданылмайды. 

      Сот ісінің жариялылығын шектеу

      38. Егер сот заңға сәйкес:
      соттың ашық отырысында хабарланған және тараптардың немесе олардың отбасының жеке өмірінің мүддесі немесе кәмелетке толмағандар мүддесі осыны талап ететінін куаландыратын ерекше жағдайлар кезінде барлық сот ісінің қаралуына немесе оның бір бөлігіне баспасөз бен бұқара жіберілмеуі керек; немесе (а) сот төрелігінің мүддесін бұзатын немесе (б)халықтың адамгершілік құндылықтарына, қоғамдық тәртіпке (ordre public) немесе демократиялық қоғамда мемлекеттік қауіпсіздікке қауіп төндіретін жариялылықты болдырмау үшін сот ісі жабық отырыста қаралуы керек деп қаулы шығармаса, барлық сот ісі жария түрде өтуі керек.

II БӨЛІМ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДЕН ТАРТЫНУ

А «Ұлттың өміріне қауіп төндіретін төтенше жағдайлар»

      39. Қатысушы мемлекет ұлттың өміріне қауіп төндіретін тек ерекше және нақты жағдаймен немесе болайын деп жатқан қауіп-қатермен соқтығысқан жағдайда ғана 4-бапқа сәйкес Халықаралық азаматтық және саяси құқықтар пактісі бойынша өз міндеттемелерінен тартынуда шаралар (одан әрі «тартыну жөніндегі шара» деп аталады) қолдана алады. Ұлттың өміріне төнген қауіп бұл:
      a) мемлекеттің барлық халықына, сондай-ақ барлық, аумағына, не бір бөлігіне төнетін,
      b) халықтың нақты тұтастығына, мемлекеттің саяси тәуелсіздігі немесе аумақтық тұтастығы немесе Пактіде танылған қорғау құқықтарын қамтамасыз ету үшін өмірлік қажетті мекемелердің болуына немесе қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін қауіп-қатер болып табылады.
      40. Ұлттың өміріне ауыр және тікелей қауіп-қатер болмайтын ішкі жанжал және тәртіпсіздіктер 4-бапқа сәйкес тартынуды ақтай алмайды.
      41. Экономикалық қиындықтар міндеттемелерден тартыну жөніндегі шараны ақтай алмайды.

В. Төтенше жағдайларды хабарлау, ол туралы ескерту және оны тоқтату

      42. Пакт бойынша өз міндеттемелерінен тартынған қатысушы мемлекет ұлттың өміріне қауіп төндіретін төтенше жағдайлардың болуы туралы ресми хабарлайды.
      43. Ұлттық заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды хабарлау процедурасы оны хабарлағанға дейін ұсыныс жасайды.
      44. Пакт бойынша өз міндеттемелерінен тартынған қатысушы мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы арқылы Пактінің басқа қатысушы мемлекеттеріне дереу тартынған ережелері мен осындай шешімге түрткі болған себептері туралы ескертеді.
      45. Ескерту қатысушы мемлекеттерге Пакт бойынша өз құқықтарын жүзеге асыруға және өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік беретін жеткілікті ақпаратты қамту керек. Атап айтқанда:
      a) мемлекет тартынатын Пакт ережелерін;
      b) қатысушы мемлекеттерге мұндай тартыну ауқымын бағалауға мүмкіндік беру үшін төтенше жағдайларды реттейтін конституциялық жағдайлармен, заңнамамен немесе декреттермен бірге төтенше жағдайларды хабарлау туралы жарлықтың көшірмесін;
      с) төтенше жағдайларды енгізу күнін және оны хабарлау мерзімін;
      d) төтенше жағдайларды хабарлауға алып келген нақты жағдайлардың қысқаша сипаттамасымен қоса өз міндеттемелерінен тартыну туралы шешім қабылдауға үкіметке түрткі болған себептерге түсінік беруін;
      е) осы құқықтардан тартынған және ескертуге дейін қабылдаған декреттердің даналарын қоса алғанда Пактіде танылған құқықтардан тартыну жөніндегі шараның болжамдалатын салдарларының қысқаша сипаттамасын қамту керек.
      46. Қатысушы мемлекеттер Пактіге сәйкес өз рөлін орындау үшін қажет қосымша ақпараттың Бас хатшы арқылы берілуін талап ете алады.
      47. Тартыну туралы ескертуді жылдам тиісті үлгіде жасамаған қатысушы мемлекет басқа қатысушы мемлекеттер алдында өз міндеттемелері бұзылады және Пактіде көзделген рәсімдерде ұсынылған қорғаудан айырылуы мүмкін.
      48. 4-бапқа сәйкес тартыну құқығын пайдаланатын қатысушы мемлекет ұлттың өміріне қауіп төндіретін төтенше жағдайларды тоқтату үшін ең қысқа мерзімде мұндай тартынуды тоқтатады.
      49. Қатысушы мемлекет мұндай тартынуды тоқтатқан күні басқа да қатысушы мемлекеттерді Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы арқылы оны тоқтату туралы ескертеді.
      50. 4-бапқа сәйкес тартыну тоқталғаннан кейін Пактіде қорғалатын барлық құқықтар мен бостандықтар толықтай қайтарылуы тиіс. Тез арада тартыну жөніндегі шаралардың салдарларын сақтап қалатын шолу жүргізіледі. Тартыну жөніндегі шаралардың әрекеті кезінде немесе нәтижесінде заңды бұзу нәтижелерінде зардап шеккен адамдарға бұзушылықты түзеу және өтемақы төлеу жөнінде шаралар қолдану қажет.

С. «тек жағдайдың шиеленісуі бойынша талап етілетін деңгейде»

      51. Тартыну жөніндегі қатыгездік, ұзақтық және географикалық ауқымының кез-келген шаралары ұлттың өміріне төнетін қауіп-қатерге қарсы әрекет үшін қажет және оның сипаты мен дәрежесіне мөлшерлес болу керек.
      52. Құзырлы ұлт биліктері әрбір жағдайда төтенше жағдайлармен болатын нақты қауіпке қарсы әрекет үшін қабылданған немесе ұсынылған тартыну жөніндегі кез-келген шараның қажеттілігін бағалауға міндетті.
      53. Пактінің нақты шектеу ережелеріне сәйкес қолжетімді әдеттегі шаралар ұлттың өміріне төнетін қауіпке қарсы әрекет үшін жеткілікті болса осы немесе өзге де жағдайлар жағдайдың шиеленісуіне сәйкес қатал түрде қажет болып табылады.
      54. Қатты қажеттілік принципі әділ түрде қолданылады. Әрбір шара нақты, айқын, бар немесе болайын деп жатқан қауіп-қатерге бағытталу керек және әлеуетті қауіп-қатердің пайда болу қауіптенуінен ғана енгізілмейді.
      55. Төтенше жағдайларды реттейтін ұлттық конституция және заңдар заң шығару органдарымен тартыну жөніндегі шараларға шұғыл және мерзімді тәуелсіз шолуларды өткізу қажеттілігін қарастыру керек.
      56. Оларды қозғайтын тартыну жөніндегі шаралар жағдайдың шиеленісуіне сәйкес қатты қажет болып табылмайтындығын растайтын адамдарға тиімді қорғау құралдары беріледі.
      57. Тартыну жөніндегі шаралар шынымен жағдайдың шиеленісуімен қатты талап етілетін деңгейін анықтау кезінде ұлт биліктерінің пікірі сөзсіз қарай алмайды. 

D. Тартынуға жол берілмейтін құқықтар

      58. Ұлт өміріне қауіп төндіретін төтенше жағдайлар кезінде де бірде-бір қатысушы мемлекет Пактіде көзделген өмір сүру құқығы; азаптаулардан, қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттерден мен жазалаудан, сондай-ақ еркін Келісімсіз медициналық немесе ғылыми тәжірибеден азат ету құқығы; құлдықтан немесе еріксіз жағдайдан азат ету құқығы; шарттық міндеттемелерді орындамаған үшін бас бостандығына тартылмау құқығы, ретроактивті қылмыстық заңнама негізінде тым ауыр жазаға сотталмау және жазаламау құқығы; құқықтық субъективтілігін тану құқығы; пікір, ұждан және діни бостандығы кепілдерін бұза алмайды.
      59. Пактінің қатысушы мемлекеттері өз міндеттемелері шеңберінде өзінің аумағындағы және өздерінің заңи құзырындағы барлық адамдарға (2-баптың 1-тармағы) осы құқықтарды қамтамасыз етуге және құқықтар бұзылған жағдайда (2-баптың 3-тармағы) құқықтық қорғаудың тиімді құралдарын қамтамасыз ету үшін шара қолдану, ресми де, ресмилеу де топтар ерікті және соттан тыс адам өлтіру немесе еріксіз жоғалу тәжірибесін жүзеге асырмау, қамауда отырған адамдар азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен сақтау және бір де адам теріс күші бар заңдарға және декреттерге сәйкес сотталмау немесе жазаланбау мақсатында төтенше жағдай кезінде ерекше сақтық шаралары қолдану керек.
      60. Кәдемгі соттар тартынуға рұқсат етілмейтін құқықтарының бұзылуы туралы кез-келген шағым бойынша өзінің заңи құзыры төтенше жағдайлар кезінде де сақталуы керек.

Е. Төтенше жағдайларды енгізу және қолдануға қатысты кейбір жалпы принциптері және міндеттемелерден тартыну жөніндегі кейінгі шаралар

      61. Ұлттың өміріне төнген қауіпке қарсы тұру мақсатында халықаралық құқыққа сәйкес танылған құқықтардан тартыну құқықтық бос кеңістікте жүзеге аспайды. Ол заңмен бекітіледі және жалпы сипаттағы бірқатар құқықтық принциптермен реттеледі.
      62. Төтенше жағдайларды хабарлау ұлттың өміріне төнетін қауіп қандай дәрежеде және мұндай қауіпке орын бар-жоғын анықтау үшін жағдайды әділ бағалау негізінде заң жолымен жүзеге асырылады. Заңсыз жолмен жүзеге асырылатын төтенше жағдайларды хабарлау және Пакт бойынша міндеттемелерден кейінгі тартынулар халықаралық құқықты бұзу болып табылады.
      63. Төтенше жағдайлар кезінде кейбір тартынуларға жол беретін Пактінің ережелерін шек қоя талқылау керек.
      64. Төтенше жағдайлар кезінде заңдылық сақталу керек. Ұлттың өміріне төнетін қауіпке тиісті түрде қарсы тұру мақсаты бар мақұлданған және шектеулі айрықша құзыретінің тартылуы болып табылады. Өз міндеттемелерінен тартынатын мемлекет заңға сәйкес өз іс-әрекеттерін негіздеуге міндетті.
      65. Пактідегі барлық рәсімдер адам құқығын қорғаудың негізгі мақсатына бағынады. Пактінің 5-бабының 1-тармағында Пактіге сәйкес жүзеге асырылатын шаралардың нақты шектеуі жазылған:
      «Осы Пактіде қандай да бір мемлекеттің, қандай да бір топтың немесе қандай да бір адамның қандай қызмет болса да онымен айналысуға немесе осы Пактіде танылған кез-келген құқықты немесе бостандықты жоюға немесе оларды осы Пактіде көзделгеннен артық шектеуге бағытталған қандай әрекет болса да, оны жасауға құқылы екендігін білдіретіндігі сияқты ешнәрсе түсіндірілмейді».
      Адам құқықтарының жалпыға бірдей дикларациясының 29-бабының 2-тармағында заңның негізгі мақсаты жазылған:
      «Өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру кезінде әрбір адам тек лайықты тану мақсатында қана заңмен белгіленген шектеулерге тартылу керек. Басқалардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді және әділ талаптарды, қоғамдық тәртіпті және демократикалық қоғамдағы жалпы әл-ауқатты қанағаттандыруды қамтамасыз ету».
      Аталған жағдайлардың ұлттың өміріне төнетін қауіпті білдіретін жағдайларға сілтеме жасағанда толық көлемде қолданылады және өкіметке өз міндеттемелерінен тартыну құқығын береді.
      66. Төтенше жағдайларды заңды түрде хабарлау Пакт бойынша белгіленген міндеттемелерден тартынуға мүмкіндік береді, бірақ халықаралық міндеттемелерден жалпы тартыну құқығын бермейді. 4-баптың 1-тармағы және 5-баптың 2-тармағында халықаралық құқық бойынша басқа міндеттемелермен үйлеспейтін тартынуларға тыйым салынады. Осыған байланысты Женева конвенциясы мен ХЕҰ конвенциясына сәйкес төтенше жағдайларға қолданылатын халықаралық міндеттемелерге ерекше көңіл бөлінуі керек.
      67. Халықаралық емес қақтығыс жағдайында соғыс құрбандарын қорғау туралы 1949 жылғы Женева конвенциясына қатысушы мемлекет ешбір жағдайда да тәуелсіздік пен әділдіктің қажетті кепілдіктерін қамтамасыз етумен істі сот қарауына беру құқығынан айыра алмайды (3-бап, жалпы 1949 жылғы Конвенциялар үшін). 1977 жылғы ІІ Қосымша хаттамаға сәйкес Хаттамаға қатысушы мемлекеттер кез-келген жағдайда қылмыстық қудалау аясында келесі құқықтарды сақтауы керек:
      a) міндеті айыптаулар туралы кешеуілдетпей хабарлау және барлық қажетті құқықтар мен қорғау құралдарын беру;
      b) тек жеке қылмыстық жауапкершілігі негізінде ғана құқық бұзушылықты талқылау;
      с) ретроактивті қылмыстық заңнама негізінде тым қатты жазаға кесілмеу немесе белгілемеу құқығы;
      d) кінәсіздіктің анық-қанығына жету;
      е) айыпталушының қатысуымен істің сотта қаралуына құқығы;
      f) өзіне қарсы түсінік беруіне немесе өзін кінәлі деп тануға айыпталушының еркіндігі;
      g) міндеті сотталғанды сот және басқа да қорғау құралдары туралы хабарлау.
      68. Адам құқықтары жөніндегі ХЕҰ негізгі конвенциялары Пактіде қамтылған құқықтарды толықтыратын тең еңбек, қауымдастық еркіндігі, жұмысқа жалдау кезіндегі теңдік және кәсіподақтар мен жұмысшылардың құқықтары сияқты мәселелерге қатысты құқықтар қатарынан қамтиды. Олардың кейбіреулеріне төтенше жағдайда тартыну тартылмайды; басқалары тартынуға жол береді, бірақ тек жағдайдың шиеленісуі талап ететіндей дәрежеде ғана.
      69. Пактіге қатысушылар болып табылмайтын елдерді қоса алғанда, бір де бір мемлекет төтенше жағдайлар кезінде:
      өмір сүру құқығын;
      азаптаулар немесе қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттерден немесе жазалаудан, сондай-ақ медициналық және ғылыми тәжірибеден азат ету құқығын;
      құлдықтан немесе еріксіз жағдайда болмау құқығын; Пактіде белгіленген ретроактивті қылмыстық жазалауларға тартылмау құқығын болдыра және бұза алмайды.
      Халықаралық құқық кез-келген жағдайда мұндай негізгі құқықтардан бас тартуға тыйым салады.
      70. Өз бетімен ұстаудан және абақтыда қамаудан қорғау құқығы (9-бап) және кез-келген қылмыстық айыптауды қарағанда істі әділ және көпшілікпен қарау құқығы (14-бап) төтенше жағдайлардағы қажеттіліктің шиеленісу жағдайында заңды түрде шектеулі мүмкін, адамдардың адами тұлғаға тән абыройды құрметтеудің басты құқықтарынан бас тартуы, кез-келген төтенше жағдайларға жол беру ешқашан қатты қажет бола алмайды және олардың құрметтеуі тартынуға жол берілмейтін құқықтардың сақталуын және оларды бұзған жағдайда тиімді қорғау құралдарын беруді қамтамасыз ету мақсатында маңызды рөл ойнайды. Атап айтқанда:
      a) барлық тұтқындау және қамауда ұстау фактілері, сондай-ақ ұстау орындары, мүмкіншілігінше, орталықтандырылған тәртіпте есептеледі және кідірмей жұртшылыққа хабарланады;
      b) ешкім сот талқылауын күткен адамдарды қамауда ұстау немесе айып тағылмай тұрып қамауда ұстау болсын белгісіз мерзімге ұсталмауы керек;
      c) бірнеше күннен асатын, мысалы үш күннен жеті күнге дейінгі мерзім ішінде ешкім отбасымен, достарымен немесе заңгермен сөлесу құқығынсыз оқшаулауға ұсталмайды;
      d) айыпсыз қандай да бір адамды ұстаған жағдайда оның қамауда болу қажеттілігі туралы мәселе тәуелсіз трибуналда қаралады;
      e) айып тағылған барлық адамдар заң негізінде құрылған құзырлы, тәуелсіз және бейтарап соттың істі әділ талқылауға құқылы;
      f) азаматтық адамдар, әдетте, кәдімгі сот алдында тұрады; азаматтық адамдарға қатысты айыптауларды қарау үшін әскери трибуналдарды немесе арнаулы соттарды құру қатаң түрде қажет болған жағдайларда олардың біліктілігі, тәуелсіздігі мен әділдігі, сондай-ақ құзырлы билікпен мерзімді шолуының қажеттілігін қамтамасыз етеді;
      g) қылмыстағы әрбір айыпталушы кінәсізбін деп саналуға құқылы және әділ қарауды қамтамасыз ету мақсатында келесі кепілдіктерге құқылы:
      түсінетін тілінде айыптаулар туралы шұғыл түрде және толық ескерілу құқығы;
      құпиялық түрде өз заңгерімен қарым қатынас жасалу құқығын қоса алғанда өз қорғауын дайындау үшін жеткілікті уақыт пен мүмкіндіктерге құқылы;
      заңи көмек көрсеткенде заңгерге төлеу үшін жеткілікті қаражаты болмағанда ақысыз өздері таңдап алған заңгер арқылы өздерін қорғау және ол құқығы туралы хабардар болу құқығы;
      сот талқылауына қатысу құқығы;
      өзіне қарсы түсінік беруге немесе өзін кінәлі деп тануға мәжбүр болмау құқығы;
      куәгерлерді шақыру және жауап алуға құқығы;
      сот қиянатшылдыққа жол бермеу мақсатында тиісті кепілдіктерде қауіпсіздік ұғынысы бойынша өзге де шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда көпшілікпен қарау құқығы;
      жоғары тұрған сотқа апелляциямен жүгіну құқығы;
      h) барлық жағдайларда тиісті талқылау хаттамасы жүргізіледі;
      i) айыпталған немесе ақталған қылмыс үшін ешкім екінші рет сотталмауы немесе жаза тарпауы тиіс. 

F. Біріккен Ұлттар Ұйымының органдары және Адам құқықтары жөніндегі комитеттің қызметі және міндеттеріне қатысты ұсыныстар

      71. Пакттің 40-бабына сәйкес өз баяндамаларын қарау, таныстыру және қатысушы мемлекеттердің баяндамасы бойынша жалпы тәртіпте ескертулерді беру бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде Адам құқықтары жөніндегі комитет қатысушы мемлекеттердің 4-бап ережелерінің орындалуын қарай алады және қарау керек. Ұқсас түрде ол оны 41-бапқа және тиісті мемлекетаралық және жеке қатынастарға қатысты Факультативтік хаттамаға сәйкес өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде жасай алады және жасау керек.
      72. 4-баптың 1 және 2-тармағы талаптарының сақталуын орнату және қатысушы мемлекеттердің баяндамаларында қамтылған ақпаратты толықтыру мақсатында Адам құқықтары жөніндегі комитеттің мүшелері адам құқықтары саласында танылған құзыретіне ие адамдар ретінде сенімді деп есептейтін және басқа да үкіметаралық органдар, үкіметтік емес ұйымдар беретін ақпаратты, сондай-ақ жеке адамдардың хабарларын есепке алады және есепке алу керек.
      73. Адам құқықтары жөніндегі комитет 4-баптың 3-тармағына сәйкес тартыну туралы ескерту берген немесе Комитеттің негізделген пікірі бойынша 4-бапта көзделген шектеулерге сәйкес төтенше шараларды жүргізген қатысушы мемлекеттерден 40-баптың 1 (b)-тармағына сәйкес қосымша баяндамаларды сұрату рәсімін әзірлеу керек. Мұндай қосымша баяндамалар Пакттің жүзеге асырылуын қозғайтын шамада төтенше жағдайға қатысты мәселелерге жату керек және Комитетпен қысқа мерзімде қаралу керек.
      74. Адам құқықтары жөніндегі комитет фактілерді айқындау жөніндегі өз функцияларын тиімді орындау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ауызша хабарламалар мен түсінік беруді тыңдауға, сондай-ақ Пакттің ережесін бұзады деп сендіріп айтатын қатысушы мемлекеттердің қатысуын жүзеге асыруға мүмкіндік беру үшін Факультативтік хаттамаға сәйкес хабарламаларды қараудың өз рәсімдерін әзірлеу керек. Қажет болған жағдайда Факультативтік хаттаманың қатысушы мемлекеттері осы мақсатта өзіне тиісті өзгерістер енгізу туралы мәселені қарау керек.
      75. Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі комиссия өзінің Кемсітушіліктің алдын-алу және азшылықтарды қорғау жөніндегі шағын комиссиясын жыл сайын төтенше жағдайларды хабарлаған, қолдаған немесе тоқтатқан Пактіге қатысушылары не қатыспаушылары болып табылмайтынына қарамастан мемлекеттердің тізбесін дайындауды өтіну керек. Осы тізімде келесі мәліметтер:
      - хабарландыруға, ұлттың өміріне төнетін қауіпке, міндеттемелерден тартыну жөніндегі шараларға және олардың көлемдігіне, кемсітушіліксіздікке және басқа да мемлекеттер туралы тартынуға жол берілмейтін құқықтарын сақтауға қатысты сенімді ақпарат.
      76. Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы және оның Шағын комиссиясы төтенше жағдайлардың ұзақ кезеңіне қатысты фактілерді тергеу және анықтау бойынша арнайы баяндамашылар мен органдардың тағайындау тәжірибесін қолдануды жалғастыруы керек.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады