Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Иран Ислам Республикасының Yкiметi арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы Меморандум

Жаңа

Меморандум, Алматы қ., 1993 жылғы 25 қазан

      *Меморандум 1993 жылғы 24 қарашада күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2003 ж., N 10, 76-құжат.

      Төменде "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Иран Ислам Республикасының Yкiметi
      екi жақты қатынастарды кеңейту, консулдық қарым-қатынас саласындағы ынтымақтастықты дамыту тiлегiн басшылыққа ала отырып,
      мемлекеттер арасындағы қалыптасқан тату-тәттi көршiлiк қатынастарды ескере отырып,
      төмендегiлер жөнiнде келiстi:

1-бап

      Қолданыстағы дипломаттық және қызметтiк төлқұжаттары бар бiр Уағдаласушы Тараптың азаматтары екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағына визасыз келiп, кете алады және транзитпен өте алады. Бұл орайда екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында олардың болу мерзiмi келу күнiнен бастап отыз күннен аспауға тиiс. Егер ықтимал болу мерзiмi отыз күннен асып кеткен жағдайда олар күнi бұрын виза алуға тиiс.

2-бап

      Басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында орналасқан дипломатиялық және консулдық өкiлдiктерде, сондай-ақ халықаралық ұйымдарды тұрақты жұмыс iстеуге баратын екiншi Уағдаласушы Тарапты қолданыстағы дипломаттық және қызметтiк төлқұжаты бар азаматтары мен олардың отбасы мүшелерiне бара жатқан елдiң кiру визасын алудың қажеттiгi жоқ. Уағдаласушы Тараптың аумағында қызметiн жүзеге асыратын мұндай адамдар онда келуiне дейiн 1 ай бұрын ресми түрде таныстырылады және келгеннен кейiн осы Тараптың Сыртқы iстер министрлiгiнде дипломаттық карточка алады.

3-бап

      Уағдаласушы Тараптардың кез келгенi екiншi Уағдаласушы Тараптың қолданыстағы дипломаттық немесе қызметтiк төлқұжаттары бар азаматтарының келуiне рұқсат бермеу я болмаса олардың өз аумағында болу мерзiмiн қысқарту немесе тоқтату құқығын өзiнде қалдырады, сонымен бiрге ол өз шешiмiнiң себебiн түсiндiруге мiндеттi емес.

4-бап

      Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң дипломаттық және қызметтiк төлқұжаттары жоқ азаматтары келесi Тараптың аумағына соның визалары бойынша келедi, кетедi және оның аумағы арқылы транзитпен өтедi.

5-бап

      Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң азаматтары екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағына халықаралық жолаушылар қатынасы үшiн ашылған шекаралық бекеттер арқылы немесе екi Уағдаласушы Тарап арқылы белгiленген шекаралық бекеттер арқылы келiп, кете алады немесе транзитпен өте алады, бұл орайда Уағдаласушы Тараптардың қолданылып жүрген ұлттық заңдары мен ережелерiне сәйкес қажеттi рәсiмдiлiктердi орындайды.

6-бап

      Уағдаласушы Тараптардың азаматтық авиация ұшақтарының экипаж мүшелерi болып табылатын азаматтары визасыз негiзде Уағдаласушы Тараптардың әуежайлары арасында әдеттегi және тұрақты чартерлiк рейстер жасайды.
      Егерде Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң аумағында кезектi алмасуына, науқастануына, жарақаттануына, ұшақтың бұзылуына немесе ауа райының қолайсыздығына және т.б. байланысты қысқа мерзiмдi аялдау болған жағдайда бiр Уағдаласушы Тараптың экипаж мүшелерi екiншi Тараптың аумағынан визасыз кетедi.

7-бап

      Уағдаласушы Тараптар қолында теңiзшi төлқұжаты бар кемелер экипажы мүшелерiнiң қолданыстағы халықаралық нормаларға сәйкес екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында уақытша бола алатындығына келiстi.

8-бап

      Уағдаласушы Тараптардың азаматтары екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында болған кезеңде оның қолданыстағы заңдарын, ережелерiн және тәртiптерiн сақтауға мiндеттi.

9-бап

      Уағдаласушы Тараптар дипломатиялық арналар арқылы қолданыстағы жол жүру құжаттарының үлгiлерiмен алмасатын болады.

10-бап

      Уағдаласушы Тараптар Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң азаматы екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында қолданыстағы жол жүру құжатын жоғалтып немесе бүлдiрiп алған жағдайда осы адам азаматы болып табылатын мемлекеттiң дипломатиялық немесе консулдық өкiлдiгi жаңадан қолданыстағы жол жүру құжатын бередi және бұл жайында өзi барған мемлекеттiң құзiреттi органын хабардар етедi деп келiстi.

11-бап

      Уағдаласушы Тараптар осы Меморандумды қолдануға байланысты мәселелердi реттеу мақсатында қажеттiлiгiне орай келiссөздер жүргiзiп отырады. Олардың өткiзiлетiн мерзiмi және талқыланатын мәселелер алдын ала дипломатиялық арналар бойынша келiсiледi.

12-бап

      Екi Уағдаласушы Тараптың тиiстi құжаттарға қол қойған күнiнен бастап 30-күнi күшiне енетiн осы Меморандумның ережелерiне Уағдаласушы Тараптар өзара келiсiм бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзе алады.

13-бап

      Осы Меморандум мөлшерсiз мерзiмге жасалып отыр және оған қол қойылған күннен бастап санағанда 30-күнi күшiне енедi.
      Уағдаласушы Тараптардың кез келгенi өзiнiң осы Меморандумның қолданысын тоқтатқысы келетiнi туралы 60 күн бұрын екiншi Уағдаласушы Тарапқа кез келген уақытта жазбаша түрде дипломатиялық арналармен мәлiмдеуге хұқылы.

      Алматы қаласында 1372 қыжра күн жылының 3 абанына сәйкес келетiн 1993 жылдың 25 қазанында қазақ, парсы және орыс тiлдерiнде екi дана етiп жасалды, сондай-ақ барлық үш текстiң күшi бiрдей.

(Қолдары)  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады