Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Тайланд Корольдiгiнiң Yкiметi,
Қазақстан Республикасы мен Тайланд Корольдiгi 1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикагода қол қою үшiн ашылған Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның қатысушылары болып табылатындығын ескере отырып, сондай-ақ ескертiлген Конвенцияға қосымша ретiнде, өздерiнiң тиiстi аумақтарының арасында әуе қатынасын орнату мақсатында Келiсiм жасауды қалай отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Айқындамалар
1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн контекстен басқадай мән туындамаса:
а) "Конвенция" атауы - 1944 жылғы 7 желтоқсанда Чикагода қол қою үшiн ашылған Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияны және осы Конвенцияның 90-бабына сәйкес қабылданған кез келген Қосымша мен Конвенцияның 90 және 94-баптарына сәйкес Қосымшаларға немесе Конвенцияға енгiзiлген кез келген түзетулердi, егер осы қосымшалар мен түзетулер екi Келiсушi Жақтарға қаншалықты қолданымды болса, соншалықты соларды бiлдiредi;
б) "авиациялық билiк орындары" атауы - Қазақстан Республикасының жағдайында - Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн, және Тайланд Корольдiгiнiң жағдайында - Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн немесе екi жағдайда да, көрсетiлген билiк орындарының мiндетiн атқаруға осы кезде өкiлеттiк алған кез келген тұлғаны әйтпесе ұйымды бiлдiредi;
в) "тағайындалған авиация кәсiпорны" атауы - осы Келiсiмнiң 6-бабына сәйкес келiсiлген әуе жолдарын пайдалану үшiн бiр Келiсушi Жақпен тағайындалған авиакәсiпорынды бiлдiредi;
г) "тариф" атауы - жолаушыларды, багаж бен жүктердi алып жол жүру құнын және комиссиялық алымдар мен делдалдық немесе көлiк құжаттарын сатқаны үшiн басқа қосымша өтемдердi қоса есептегенде осы құн қолданылатын жағдайларды бiлдiредi, бiрақ бұған өтемдер мен пошта тасымалдауларының жағдайлары қосылмайды.
2. Қосымша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Егер басқаша ештеңе айтылмаса, онда Келiсiмнiң барлық сiлтемелерi Қосымшаны да қосып алады.
2-бап
Құқықтардың берiлуi
1. Келiсушi Жақтардың әрбiрi осы Келiсiмге қоса берiлген маршруттар кестесiнде белгiленген маршруттар бойынша әуе қатынасын пайдалану мақсатымен осы Келiсiмде көрсетiлген құқықтарды екiншi Келiсушi Жаққа бередi. Мұндай қатынастар мен маршруттар бұдан былай "келiсiлген әуе жолдары" және "белгiленген маршруттар" деп аталады.
2. Осы Келiсiмнiң жағдайларына сәйкес Келiсушi Жақтардың әрбiрiмен тағайындалған авиакәсiпорны халықаралық әуе қатынастарына байланысты мынадай құқықтарды пайдаланатын болады:
а) екiншi Келiсушi Жақ мемлекетiнiң аумағы арқылы қоныс жасамай ұшып өту құқығын;
б) коммерциялық емес мақсаттармен көрсетiлген аумақта қоныс жасау құқығын;
с) осы Келiсiмнiң Қосымшасында аталған тармақтарда көрсетiлген аумақтарда екiншi Келiсушi Жақтың аумағындағы пункттерге бара жатқан немесе келе жатқан жолаушыларды, багажды, жүктi және поштаны тиеу және түсіру құқығын;
3. Осы баптың 2-тармағының ештеңесi бiр Келiсушi Жақтың авиакәсiпорнының екiншi Келiсушi Жақтың аумағында жал жағдайында немесе сыйақы үшiн және осы Келiсушi Жақтың аумағындағы басқа пунктке тасымалдау үшiн арналған жолаушыларды, жүк пен поштаны бортқа алуға құқық бередi деп қаралмайды.
4. Егер қарулы қақтығыстың, саяси толқудың, табиғи апаттың немесе ерекше жағдайлардың салдарынан бiр Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорны өзiнiң әдеттегi маршруты бойынша қатынас жасай алмаса, онда екiншi Келісушi Жақ уақытша өзгертiлген маршрут бойынша осындай жолдарды пайдалану үшiн бар күшiн салады.
3-бап
Құқықтарды пайдалану
1. Әрбiр Келiсушi Жақтың көрсетiлген авиакәсiпорны белгiленген маршруттарда бiр Келiсушi Жақтың аумағынан екiншi Келiсушi Жақтың аумағына дейiн немесе керi қарай тасымалдауларды орындауға толық және тең және екiншi Келiсушi Жақтың аумағында немесе маршрут пункттерiне дейiн тиелетiн немесе түсiрiлетiн қосымша тасымалдауларға мүмкiндiгi бар деп есептелетiн болады. Әрбiр Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорны екiншi Келiсушi Жақтың аумағында тиелген және белгiленген маршруттардың пункттерiнде түсірілген немесе керi қарай жүктердi тасу үшiн тасымалдау көлемiн қамтамасыз ете отырып, осы авиакәсiпорындардың мүдделерiне зиян келтiрмеу үшiн осындай тасымалдаулар бойынша екiншi Келiсушi Жақ авиакәсiпорнының мүддесiн ескеретiн болады.
2. Әрбiр Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнымен келiсiлген әуе жолдарында көрсететiн қызметтерi белгiленген маршруттар бойынша қоғамдық тасымалдаулар талаптарына тығыз байланысты болады және әрбiр авиакәсiпорны өзiнiң бiрiншi кезектегi мiндетi ретiнде авиакәсiпорынды тағайындаған Келiсушi Жақтың аумағында тиелетiн және түсiрiлетiн поштаны қоса есептегенде жолаушылар мен жүктердi тасымалдау мұқтаждығын қанағаттандыру үшiн теңбе-тең тасымалдау көлемiн қамтамасыз етудi есептейтiн болады.
3. Екiншi Келiсушi Жақтың аумағынан жөнелтiлетiн және белгiленген маршруттар бойынша үшiншi елдердегi пункттерге немесе керi қарай жеткiзiлетiн жолаушылардың, жүктер мен пошта тасымалдауларын қамтамасыз ету жалпы принциптерге сәйкес тасымалдаулар көлемi мыналарға байланысты жүзеге асырылатын болады:
а) авиакәсiпорынды тағайындаған екiншi Келiсушi Жақтың аумағына немесе аумағынан жөнелтiлетiн тасымалдауларға деген мұқтаждықтан;
б) регионда орналасқан мемлекеттердiң авиакәсiпорындарымен белгiленген басқа әуе қатынастарын ескере отырып, авиажолдар өтетiн сол регионның тасымалдауға деген мұқтаждығынан;
в) авиажолдарды тiкелей пайдалану мұқтаждығынан.
4. Басында қамтамасыз етiлетiн тасымалдаулар көлемi келiсiлген әуе жолдарын пайдаланғанға дейiн екi Келiсушi Жақтың арасында келiсiлуi тиiс. Соңынан уақыт өткен сайын тасымалдаулар көлемi және кез келген тасымалдаулар көлемiнiң өзгерiсi Келiсушi Жақтардың авиациялық билiк орындарының арасында талқылануы тиiс және кез келген тасымалдаулар көлемiнiң өзгерiсi нота алмасу жолымен расталуы тиiс.
4-бап
Заңдар мен ережелердiң қолданылуы
1. Бiр Келiсушi Жақтың халықаралық әуе тасымалдауларын атқаратын әуе кемелерiнiң өз аумағына ұшып келуiн және кетуiн, немесе осындай әуе кемесiнiң оның аумағында ұшуларын реттейтiн заңдары мен ережелерi екiншi Келiсушi Жақтың тағайындаған авиакәсiпорнына да қолданылатын болады.
2. Бiр Келiсушi Жақтың өз аумағында жолаушылардың, экипаждың, багаждың, жүктiң немесе поштаның болуын және жөнелтiлуiн, келу, кету, эмиграция және иммиграцияға байланысты формальдылықтарды, сондай-ақ кедендiк және санитарлық шаралары сол ескертiлген аумақ шеңберiнде болған кезiнде екiншi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнымен тасымалданатын жолаушыларға, экипажға, багажға, жүкке немесе поштаға қатысты да қолданылады.
3. Келiсушi Жақтардың ешқайсысы да осы бапта қарастырылған заңдар мен ережелердi қолдануға өзiнiң тағайындалған авиакәсiпорнына екiншi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнына қатысты артық үстемдiк құқық бере алмайды.
5-бап
Авиация қауiпсiздiгi
1. Келiсушi Жақтар өздерiнiң халықаралық құқықтардан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiне сәйкес, азаматтық авиация қауiпсiздiгiн оған заңсыз түрде араласу актiлерiнен қорғау жөнiндегi бiр-бiрiне қатысты алған мiндеттемелерiн осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады деп растайды. Халықаралық заңдар бойынша алынған өз құқықтары мен мiндеттерiнiң жалпы қолданысын шектеп қоймай, Келiсушi Жақтар сонымен бiрге 1963 жылғы 14 қыркүйекте Токиода қол қойылған әуе кемесiнiң бортында жасалатын қылмыстар мен қайсы бiр басқа актiлер туралы Конвенцияның, 1970 жылғы 16 желтоқсанда Гаагада қол қойылған әуе кемесiн заңсыз басып алумен күресу туралы Конвенцияның және 1971 жылы 23 қыркүйекте Монреальда қол қойылған Азаматтық авиация қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз актiлермен күресу туралы Конвенцияның қағидаларына сәйкес әрекет-қимыл жасайды.
2. Келiсушi Жақтар өтiнiш етiлген жағдайда әуе кемелерiн заңсыз басып алу мен сол әуе кемелерiнiң, олардың жолаушылары мен экипаждардың, аэропорттар мен әуе навигациялық құралдарының қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған, сондай-ақ Азаматтық авиация қауiпсiздiгiне қатер туғызатын кез келген бөгде әрекеттерге жол бермеу үшiн бiр-бiрiне барлық қажеттi көмектi көрсетiп отырады.
3. Келiсушi Жақтар екеуаралық қарым-қатынасында Халықаралық азаматтық авиация Ұйымы орнатқан авиация қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелерге және Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның аталмыш Қосымшаларындағы ережелерге сәйкес, сол ереже-қағидалар қаншалықты қолданымды болса, соншалықты дәрежеде қимыл-әрекет жасайды. Олар әуе кемелерiне қызмет көрсетушiлерден және өз аумақтарында тұрақтайтын немесе негiзгi қызметтiк орны бар әуе кемелерiн пайдаланушылардан, сонымен бiрге өз аумақтарындағы халықаралық әуежайлардағы қызметкерлерден де авиация қауiпсiздiгi жөнiндегi ереже-қағидаларға сәйкес әрекет-қимыл жасауын талап ететiн болады.
4. Әрбiр Келiсушi Жақ екiншi Келiсушi Жақтың аумағына кiру, одан ұшып кету немесе сол аумақ шеңберiнде болу үшiн қарастырылған осы баптың 3-тармағында ескертiлген авиация қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелер мен талаптардың әуе кемелерiне қызмет етушiлер тарапынан ұқыпты сақталуын екiншi Келiсушi Жақ тiкелей талап ете алады дегенге келiседi. Әрбiр Келiсушi Жақ өз аумағы шеңберiнде әуе кемелерiн қорғау және жолаушыларды, экипажды, қол жүгiн, багажды, жүктi және борттық қорларды әуе кемесiне отырғызудан немесе тиеуден бұрын, әйтпесе осы процестер кезiнде тексеру үшiн қажеттi шаралардың қолданылуын қамтамасыз ететiн болады. Әрбiр Келiсушi Жақ нақтылы қатер туған жағдайда арнайы қауiпсiздiк шараларын қолдану туралы екiншi Келiсушi Жақтың қайсыбiр өтiнiшi болса да тiлектестiкпен қарап қабылдайтын болады.
5. Әуе кемесiн заңсыз басып алуға байланысты әрекет жасалған, немесе қақтығыс қатерi туған жағдайда, әйтпесе әуе кемесiнiң, оның жолаушылары мен экипажының, аэропорттар мен әуе навигациялық құралдардың қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз актiлер орын алған болса, Келiсушi Жақтар ондай қақтығыстарды немесе оның қауiп-қатерiн жедел түрде және зардапсыз жою мақсатымен өзара байланысты неғұрлым жеңiлдетуге қажеттi шара қолдану арқылы бiр-бiрiне көмек көрсететiн болады.
6-бап
Авиакәсiпорындарды тағайындау мен өкiлеттiктер беру
1. Әрбiр Келiсушi Жақ келiсiлген әуе жолдарын пайдалану үшiн бiр авиакәсiпорнын тағайындауға құқықты болады. Осындай тағайындаулар екi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындарының арасында жазбаша түрде жүргiзіледi.
2. Тағайындау туралы осындай хабарландыру алған авиациялық билiк орындар осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес екiншi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнына қажеттi өкiлеттiктер бередi.
3. Бiр Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындары, екiншi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнынан халықаралық әуе қатынастарын пайдалану кезiнде Конвенцияның қағидаларына сәйкес ескертiлген өкiметтермен әдеттегiдей қолданылатын заңдары мен ережелерiнiң талаптарын орындай ала бiлетiн қабiлетiне дәлелдемелер талап етуi мүмкiн.
4. Әрбiр Келiсушi Жақ авиакәсiпорынды тағайындаған екiншi Келiсушi Жақтың, әйтпесе оның азаматтарының тағайындалған авиакәсiпорны үстiнен айырықша иелiк билiгiн жүргiзе алатындығына және пәрмендi бақылау жасай алатындығына дәлелi жоқ барлық жағдайда, ол авиакәсiпорнына осы баптың 1 және 2-тармақтарында ескертiлген пайдалану өкiлеттiктерiн беруден бас тарта алады немесе осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген құқықтарды пайдалану үстiнде қажет болады деген әрқилы шарттардың орындалуын талап ете алады.
5. Осы баптың 2-тармағы бойынша берiлетiн пайдалану өкiлеттiктерiн алған тағайындалған авиакәсiпорын осы Келiсiмнiң 14-бабының қағидаларына сәйкес белгiленген тарифтер күшiнде болған кезде келiсiлген әуе жолдарын пайдалануды бастай алады.
7-бап
Пайдалану рұқсатының күшiн жою және уақытша тоқтату
1. Келiсушi Жақтардың әрқайсысы екiншi Келiсушi Жақтың тағайындаған авиакәсiпорнының ұшуларына берiлген рұқсатты жоюға немесе осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген құқықтардың пайдалануын уақытша тоқтата тұруға, әйтпесе сол құқықтарды пайдалану үстiнде қажет болады деген әрқилы шарттардың орындалуын мына жағдайларда талап ете алады:
а) авиакәсiпорнын тағайындаған Келiсушi Жақтың немесе оның азаматтарының қолында сол авиакәсiпорнының үстiнен айырықша иелiк барлығына күмән келтiргендей немесе пәрмендi бақылау жүргiзе алатындығына сенбегендей барлық жағдайларда;
б) егер осы авиакәсiпорын өзiнiң ұшуына құқық берген Келiсушi Жақтың заңдары мен ережелерiн бұзған жағдайларда;
в) егер аталмыш авиакәсiпорын осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес келiсiлген әуе жолдарын пайдалануға қабiлетi жоқ жағдайда.
2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетiлген рұқсатты жедел түрде жою, уақытша тоқтата тұру немесе шарттардың орындалуын талап ету заңдар мен ережелердiң одан әрi де бұзылуына тыйым салу үшiн қажеттi шара болмаса, онда сол тармақта сөз болған құқық екiншi Келiсушi Жақпен кеңесуден кейiн барып жүзеге асады.
8-бап
Куәлiктер мен лицензияларды мақұлдау
1. Бiр Келiсушi Жақтың берген немесе пәрмендi деп таныған, күш мерзiмi өтпеген ұшуға жарамдылық куәлiктерi, бiлiктiлiк куәлiктерi мен айғақтары Конвенцияға сәйкес белгiленген ең аз деңгейден жоғары немесе тең болған жағдайда пәрмендi деп саналады.
2. Дегенмен, әрбiр Келiсушi Жақтың өз мемлекетiнiң азаматтарына берген немесе екiншi Келiсушi Жақпен не кез келген мемлекетпен пәрмендi деп танылған өз аумағының үстiнен ұшуға қолданылатын бiлiктiлiк куәлiктерiн мойындаудан бас тартуға құқығы бар.
9-бап
Салықтар мен баждардан босату
1. Халықаралық тасымалдаулар үшiн қолданылатын бiр Келiсушi Жақтың тағайындаған авиакәсiпорнының әуе кемесi, сондай-ақ олардың, табельдiк құрал-жабдықтары, сол әуе кемелерiне тиелген жанармай және жағармай материалдарының қоры, борттық қорлар (азық-түлiк тағамдары, сусындық және темекi заттарын қоса есептегенде) екiншi Келiсушi Жақтың аумағына әкелiнгеннен кейiн барлық баждар мен алымдардан босатылады, әйтсе де керi әкетiлген мерзiмге дейiн мүлiк, материалдар мен қорлар әуе кемесiнiң бортында қалуға тиiстi.
2. Сонымен бiрге, көрсетiлген қызметтердiң төлемақыларын қоспағанда, ондай салықтардан, баждар мен алымдардан мыналар да босатылады:
а) бiр Келiсушi Жақтың аумағында осы Келiсушi Жақтың құзырлы өкiметi белгiлеген көлемде алынып, және де екiншi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнының халықаралық әуе қатынастарында пайдаланатын әуе кемесiнiң бортында тұтынуға арналған борттық қорлары;
b) бiр Келiсушi Жақтың аумағына екiншi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнының халықаралық әуе тасымалдауларында пайдаланатын әуе кемесiн тиiстi техникалық қызметтен өткiзу және жөндеу үшiн әкелiнген қосалқы бөлшектерi;
с) бiр Келiсушi Жақтың аумағында екiншi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнының халықаралық ұшуларда пайдаланатын әуе кемесiнiң тұтынуы үшiн берiлген жанар- және жағармай материалдары, тiптi сол қорлар мен материалдар тиелген Келiсушi Жақтың аумағының шегiнде жатқан маршрут бөлiгiнде қолданылатын болса да.
3. Бiр Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнымен пайдаланылатын әуе кемесiнiң бортындағы табельдiк мүлiктер, сондай-ақ материалдар мен қорлар екiншi Келiсушi Жақтың аумағына тек осы Келiсушi Жақтағы кедендiк билiк орындарының келiсiмiмен ғана түсiрiлетiн болады. Ондай жағдайда олар керi әкетiлгенге дейiн немесе кедендiк ережелерге сәйкес басқадай қолданыс тапқанға дейiн ескертiлген билiк орындарының қадағалауында болып жайластырылуы мүмкiн.
10-бап
Тiкелей транзит
Бiр Келiсушi Жақтың аумағы арқылы тiкелей транзитпен ұшып өтетiн және де сол мақсатқа бөлiнген әуежайдан алыс ұзамайтын жолаушылар, багаж, жүк жеңiл-желпi ғана бақылаудан өткiзiледi. Тiкелей транзиттегi багаж және жүктер кедендiк баждарды қосқанда салықтар мен баждардан босатылады.
11-бап
Алымдар ставкалары
1. Әрбiр Келiсушi Жақ тиесiлi өкiметтермен екiншi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнына беретiн алымдар ставкаларының немесе оған рұқсаттардың әдiл де орынды болуы үшiн бар күшiн салады. Ол тиiмдi экономикалық принциптерге негiзделетiн болады.
2. Бiр Келiсушi Жақтың екiншi Келiсушi Жаққа әуежайлар мен аэронавигациялық құралдарды және қызметтердi пайдалану үшiн ұсынатын алымдары жүйелi халықаралық әуе қатынасында пайдаланатын ұлттық әуе кемесiмен төленетiн алымдардан артық болмауы тиiс.
12-бап
Коммерциялық қызмет
1. Бiр Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорны екiншi Келiсушi Жақтың кiруге, өмiр сүруiне және қызметiне қатысты заңдары мен ережелерiне сәйкес келiсiлген әуе жолдарын пайдалану үшiн қажеттi басқарушылық, коммерциялық, техникалық және қызмет көрсететiн персоналдарды екiншi Келiсушi Жақтың аумағына әкелуi және ұстауы мүмкiн.
2. Коммерциялық қызметте өзаралық принцип сақталады. Әрбiр Келiсушi Жақтың құзырлы органдары екiншi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнының өкiлдерi өз қызметiмен тиiстi дәрежеде айналысуы үшiн барлық қажеттi кепiлдiктердi қабылдайтын болады.
3. Жеке алғанда, әрбiр Келiсушi Жақ екiншi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнына өз аумағында тiкелей авиатасымалдаулармен өз агенттерi арқылы айналысуына құқық бередi. Әрбiр авиакәсiпорынның осындай тасымалдауларды сатуына және кез келген тұлғаның оны осы мемлекеттiң валютасына немесе басқа елдердiң ұлттық заңдары мен ережелерiне сәйкес еркiн конверсияланатын валютамен сатып алуына болады.
13-бап
Табыстарды аудару және конвертациялау
Әрбiр Келiсушi Жақ екiншi Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорнына осы авиакәсiпорынмен бiрiншi Келiсушi Жақтың аумағында жолаушыларды, багажды, жүк пен поштаны тасымалдаудан тапқан табысы мен шыққан шығысының артығын еркiн аударуға құқық бередi. Мұндай ақша аудару ресми ақша айырбастау бағамымен жүргiзiледi. Егер осындай табыс аудару Келiсушi Жақтардың арасындағы арнайы келiсiммен реттелетiн болса, онда осындай келiсiм қолданылатын болады.
14-бап
Тарифтер
1. Әрбiр тағайындалған авиакәсiпорынмен екiншi Келiсушi Жақтың аумағында немесе аумағынан кез келген тасымалдау алынатын тарифтерi эксплуатациялық шығындарды, орынды пайданы және әуе жолдарының сипаты мен басқа авиакәсiпорындардың тарифтерi мен тиiстi факторларды қоса есептегенде ақылға сыйымды шеңберде белгiленетiн болады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тарифтер екi Келiсушi Жақтардың тағайындаған авиакәсiпорындарымен келiсiм жасау жолымен және маршруттың барлығын немесе оның бiр бөлiгiн пайдаланатын басқа авиакәсiпорындармен қолданылатын тарифтердi ескере отырып, мүмкiндiгiнше белгiленетiн болады.
3. Осылайша үйлестiрiлген тарифтер екi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындарының бекiтуiне сол тарифтердiң күшiне енетiн болжамды мерзiмiнен кемiнде 60 (алпыс) күн бұрын тапсырылады. Кейбiр жеке жағдайларда ескертiлген билiк орындарының келiсiмiмен бұл мерзiмнiң қысқартылуы мүмкiн. Тарифтердi бекiту үшiн алған авиациялық билiк орындары оны жедел түрде қарай бастайды. Авиациялық билiк орындары екiншi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындарынан тарифтi енгiзудiң болжамдалған күнiн ұзартуын сұрауы мүмкiн. Кез келген Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындары онымен келiспесе, бiрде-бiр тариф күшiне енбейдi.
4. Егер тағайындалған авиакәсiпорындар қайсыбiр тарифтi бекiту мәселелерi бойынша келiсiмге келе алмаса немесе егер тарифтер бiр Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындарымен бекiтiлмесе, екi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындары өзара келiсу жолымен тарифтердi анықтайтын болады. Егер басқаша айтылмаса, мұндай келiссөздер тағайындалған авиакәсiпорындардың келiспеген күнi белгiленгеннен кейiн немесе бiр Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындарының екiншi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындарына тарифтермен келiспейтiнi туралы мәлiмдеген күннен бастап отыз күннiң ішiнде басталады.
5. Уағдаластық болмаған кезде дау-дамай осы Келiсiмнiң 18-бабында көрсетiлген процедураларға сәйкес шешiледi.
6. Осы баптың қағидаларына сәйкес белгiленген тарифтер осы баптың қағидаларына сәйкес жаңа тарифтер белгiленгенге дейiн күшiнде қалады.
7. Әрбiр Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындары Келiсушi Жақтардың авиациялық билiк орындарымен бекiтiлген тарифтердi, сондай-ақ оларға байланысты заңдар мен ережелердiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн барлық күш-жiгерiн салатын болады.
15-бап
Кестелердi ұсыну
Бiр Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорны екiншi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындарына әрбiр белгiленген маршрут бойынша тасымалдаулар көлемiн және осы Келiсiмдi лайықты түрде орындау үшiн қажет болуы мүмкiн бұдан арғы ақпарларды қоса есептегенде әуе жолдарының, кестенiң, әуе кемесiнiң түрiн сипаттауға қатысты ақпарларды мүмкiндiгiне қарай дер кезiнде келiсiлген жолдарды немесе түзетулердi енгiзгенге дейiн кемiнде 30 күнге дейiн немесе авиациялық билiк орындарынан сұрау түскен күннен кейiнгi 30 күннiң ішiнде ұсынатын болады.
16-бап
Статистикалық ақпараттарды беру
Екi Келiсушi Жақтың авиациялық билiк орындары талап ету бойынша келiсiлген әуе жолдары бойынша тасымалдауларға қатысты мерзiмдi статистикалық хабарлармен немесе басқа осы сияқты ақпараттармен бiр-бiрiн қамтамасыз ететiн болады.
17-бап
Кеңесулер
Келiсушi Жақтардың кез келгенi кез келген уақытта осы Келiсiмге байланысты кез келген проблемалар бойынша кеңесулер сұрауы мүмкiн. Мұндай кеңесулер екiншi Келiсушi Жақтан сұрау немесе басқа жолдар арқылы өтiнiш түскен күннен бастап 60 күннiң ішiнде басталады.
18-бап
Дау-дамайларды реттеу
1. Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға байланысты Келiсушi Жақтардың арасында туындайтын әрбiр дау-дамай әуелi олардың арасындағы тiкелей келiссөздер арқылы шешiлетiн болады.
2. Егер Келiсушi Жақтар келiссөздер үстiнде уағдаластыққа келе алмаса, онда олар дау-дамайдың қаралуын басқа адамға немесе ұйымға тапсыра алады; егер ондай шешiм жолына олар келiспесе, онда Келiсушi Жақтардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша дау-дамай Төрелiк соттың қарауына, тапсырылатын болады. Ол үшiн Келiсушi Жақтардың әрқайсысы өз төрешiлерiн тағайындайды. Тағайындалған төрешiлер Төрелiк соттың төрағалық мiндетi жүктелетiн үшiншi төрешiнi анықтайды. Келiсушi Жақтар дау-дамай мәселесiн Төрелiк сот арқылы шешу туралы дипломатиялық арналар бойынша ұсыныс хабарын алғаннан кейiнгi 60 (алпыс) тәулiктiң iшiнде өз төрешiлерiн тағайындайды. Төрелiк соттың төрағасы келесi 30 (отыз) күннiң ішiнде тағайындалады. Егер Келiсушi Жақтардың бiрi өз төрешiсiн тағайындамаса немесе белгiленген мерзiмде Төрелiк соттың үшiншi мүшесi тағайындалмаса, онда Келiсушi Жақтар төрешiнi және (немесе) Төрелiк соттың төрағасын дайындауды Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Кеңесiнiң Президентiнен өтiне алады. Егер Президент бiр Келiсушi Жақтың азаматы болып табылса немесе басқа себептермен ол бұл мiндеттi орындай алмаса, онда вице-президент қажеттi тағайындауларды жүргiзетiн болады. Yшiншi төрешi үшiншi елдiң азаматы болуы керек және ол төрелiк соттың төрағасы есебiнде қимыл-әрекет жасайтын болады.
3. Келiсушi Жақтар осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған шешiмдердi орындауға мiндеттенедi.
4. Егер Келiсушi Жақтардың кез келгенi немесе кез келген Келiсушi Жақтың тағайындалған авиакәсiпорындары осы баптың 2-тармағына сәйкес берiлген шешiмге бағынбаған жағдайда екiншi Келiсушi Жақ осы Келiсiмнiң негiзiнде екiншi Келiсушi Жаққа немесе мiндеттемелердi орындамаған тағайындалған авиакәсiпорынға берген кез келген құқықтары мен жеңiлдiктерiн шектеуi, тоқтата тұруы немесе жоюы мүмкiн.
19-бап
Түзетулер
1. Келiсушi Жақтардың кез келгенi осы Келiсiмнiң кез келген қағидасын түзеткiсi келген жағдайда Келiсушi Жақтардың арасында дипломатиялық ноталар алмасу жолымен расталғаннан кейiн мұндай түзетулер күшiне енедi.
2. Осы Келiсiмнiң Қосымшасына түзетулер Келiсушi Жақтардың авиациялық билiк орындарының арасында тiкелей келiсiлуi мүмкiн. Олар уағдаластыққа қол жеткiзген күннен бастап уақытша қолданылатын болады және дипломатиялық ноталар алмасу жолы бекiтiлгеннен кейiн күшiне енедi.
3. Екi Келiсушi Жаққа қатысты әуе көлiгi бойынша кез келген жалпы көпжақты Конвенция бекiтiлген жағдайда осы Келiсiм осындай Конвенцияның қағидаларына сәйкес түзетiлуi мүмкiн.
20-бап
Келiсiм күшiнiң тоқтатылу мерзiмi
1. Келісушi Жақтардың әрқайсысы кез келген уақытта жазбаша түрде екiншi Келiсушi Жаққа осы Келiсiмнiң күшiн тоқтату туралы өз ниетiн мәлiмдейдi. Мұндай мәлiмдеме сонымен бiрге Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Кеңесiне жiберiлетiн болады.
2. Бұл жағдайда, егер осы мәлiмдеме-хат төмендегi мерзiмнiң iшiнде келiсiлген түрде керi қайтарылып алынбаса, онда сол мәлiмдеме-хатты екiншi Келiсушi Жақ алған күннен кейiнгi 12 (он екi) айдың ішiнде Келiсiмнiңкүшi тоқтатылады.
3. Екiншi Келiсушi Жақтың осы мәлiмдеме-хатты алғаны туралы растау құжат болмаса, бұл мәлiмдеме-хат Халықаралық азаматтық авиация ұйымына түскеннен кейiнгi 14 (он төрт) күннiң ішiнде оны екiншi Келiсушi Жақ та алды деп саналатын болады.
21-бап
Халықаралық азаматтық авиация ұйымына тiркеу
Осы Келiсiм Халықаралық азаматтық авиация ұйымында тiркелетiн болады.
22-бап
Күшiне енуi
Осы Келiсiм Келiсушi Жақтардың әрқайсысының заңдылық процедураларына сәйкес бекiтiлуi тиiс және оның бекiтiлгенiн растайтын дипломатиялық ноталармен алмасқан күннен бастап күшiне енедi.
Айтылғандарды растай отырып, екi Келiсушi Жақтың өкiлеттi өкiлдерi осы Келiсiмге қол қойды.
Келiсiм Алматы қаласында 1996 жылғы 3 мамырда екi түпнұсқа дана болып, әрқайсысы қазақ, тайландық және ағылшын тiлдерiнде жасалды, сонымен бiрге барлық мәтiндердiң күшi бiрдей болады. Түсiндiруде әртүрлi пiкiрлер туындаса, ағылшын тiлiндегi мәтiннiң күшi басым болады.
(Қолдары)
Қосымша МАРШРУТТАР КЕСТЕСI
1 маршруттар кестесi
Қазақстан Республикасының тағайындалған авиакәсiпорындарымен екi бағытта да әуе кемелерiн пайдалануы мүмкiн маршруттары:
Алматы - екi келiсiлген аралық пункттер - Бангкок
2 маршруттар кестесi
Тайланд Корольдiгiнiң тағайындалған авиакәсiпорындарымен екi бағытта да әуе кемелерiн пайдалануы мүмкiн маршруттары:
Бангкок - екi келiсiлген аралық пункттер - Алматы
Ескерту
Маршруттар бойынша келiсiлген әуе жолдары авиакәсiпорынды тағайындаған Келiсушi Жақ аумағының пунктiнде басталған жағдайда белгiленген маршруттардың кез келген пунктi (-терi) тағайындалған авиакәсiпорынның таңдауы бойынша кез келген немесе барлық ұшуларға жарауы мүмкiн.
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Багарова Ж.А.