Қоғамның жеке адамдары, топтары және органдарының көпшілік мойындаған адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын көтермелеу мен қорғау құқығы және міндеттері туралы Декларация

Жаңа

Бас Ассамблеяның 1998 жылғы 9 желтоқсандағы № 53/144 резолюциясымен қабылданған  

      Бас Ассамблея,
      әлемнің барлық мемлекеттеріндегі барлық адам құқықтарын мен барлық тұлғалардың негізгі бостандықтарын көтермелеу және қорғау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарлығының мақсаттары мен принциптерін сақтаудың маңыздылығын растай отырып,
      сонымен қатар адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды жаппай құрметтеу және сақтауға ат салысу жөніндегі халықаралық күш-жігердің негізгі элементтері ретіндегі адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы және адам құқықтары жөніндегі Халықаралық пактілердің аса маңыздылығын және Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесі шеңберінде, сондай-ақ өңірлік деңгейде қабылданған адам құқықтары жөніндегі басқа келісімдердің аса маңыздылығын растап,
      халықаралық бірлестіктің барлық мүшелері, бірлесіп және жеке-жеке, бәріне бірдей еш айырмашылықсыз, соның ішінде нәсілі, түсі, жынысы, тілі, діні, саяси немесе өзге наным-сенімі, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік, сословиелік және өзге жағдайы белгісіне қарамастан, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын көтермелеу және құрметтеуге ат салысу жөніндегі салтанатты міндетін орындау керектігін атап айтып, және Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарлығына сәйкес осы міндетін орындау үшін халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етудің ерекше маңыздылығын растап,
      халықтар мен жеке адамдардың құқықтары мен негізгі бостандықтарының барлық бұзушылықтарын, соның ішінде жаппай, дөрекі немесе жүйелі бұзушылықтарды, апартеид, нәсілдік кемсітушілік, отаршылдық, шетел өктемділігі немесе басқыншылық, агрессия немесе ұлттық егемендікке, ұлт бірлігіне немесе аумақтық тұтастыққа қауіп төнудің барлық түрлерінің нәтижесі болып табылған, сонымен қатар халықтардың өз-өзін билеу құқығын және өз байлықтары мен табиғи ресурстарына толық егемендікті жүргізуде әр халықтың құқығын мойындаудан бас тарту нәтижесіндегі бұзушылықтарды тиімді жою жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын және жеке адамдардың құнды жұмысын мойындай отырып,
      халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздік және адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жүзеге асыру арасындағы өзара байланысты мойындап, және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің болмауы оларды сақтамаудың ақталуы болып табылмайтынын түсініп,
      барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтары әмбебап, ажырамас және өзара тәуелді және өзара байланысты болып табылатынын және осы құқықтар мен бостандықтардың әрқайсысын жүзеге асыру үшін зиян келтірмей әділетті және теңқұқылы негізде көтермелеп, жүзеге асырылуы тиіс екенін қайта жариялап,
      адам құқықтарын және негізгі бостандықтарын көтермелеу және қорғаудағы негізгі жауапкершілік пен міндет мемлекетке жүктелетінін атап айтып,
      ұлттық және халықаралық деңгейдегі адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеуді көтермелеуге және аса терең түсінуге ат салысудағы жеке адамдардың, топтардың және қауымдастықтардың құқығын және міндетін мойындай отырып,
      жария етеді:

1 Бап

      Әрбір адам, жеке және өзгерлемен бірлесіп, ұлттық және халықаралық деңгейлерде адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды көтермелеуге және қорғауға және жүзеге асыруға тырысуға құқылы.

2 Бап

      1. Әрбір мемлекет барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды қорғау, көтермелеу және жүзеге асыруда негізгі жауапкершілікті және міндетті өзіне алады, соның ішінде мемлекет өзіне қарасты аймақтардағы адамдары, жеке және өзгелермен бірлесіп, тәжірибе жүзінде осы құқықтар мен бостандықтарды пайдалана алатындай әлеуметтік, экономикалық және саяси, сонымен қатар басқа салаларда қажетті жағдайларды және құқықтық кепілдерді құру және қамтамасыз ету үшін қажетті болғанда осы шараларды қабылдау.
      2. Әрбір мемлекет осы Декларацияда сөз етілген құқықтар мен бостандықтардың тиімді кепілдемелерін қамтамасыз ету үшін қажетті болып қалатын осындай заңнамалық, әкімшілік және өзге шараларды қабылдайды.

3 Бап

      Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарылығымен және адам құқықтары мен негізгі бостандықтары саласындағы басқа халықаралық міндеттемелермен келісілетін мемлекеттің ішкі заңнамасы заңдық шектеулерді құрастырады, сол шектеулерде адам құқықтары мен негізгі бостандықтары жүзеге асырылып, қамтамасыз етілуі тиіс, сондай-ақ осы құқықтар мен бостандықтарды көтермелеу, қорғау және тиімді жүзеге асырылу жөніндегі осы Декларацияда айтылған қызмет жүргізілуі тиіс.

4 Бап

      Осы Декларацияда ешнәрсе Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарлығының мақсаттары мен принциптеріне зиян немесе қайшы келетіндей немесе Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының, адам құқықтары туралы Халықаралық пактілерінің және осы салада қолданылатын өзге халықаралық келісім мен міндетемелердің ережелерін шектейтіндей немесе кемсітетіндей етіп түсіндірілмеуі тиіс.

5 Бап

      Адам құқықтарын және негізгі бостандықтарды көтермелеу және қорғау мақсатында әрбір адам, жеке және өзгерлермен бірлесіп, ұлттық және халықаралық деңгейлерде:
      a) бейбіт кездесулер немесе жиналыстар өткізуге;
      b) үкіметтік емес ұйымдарды, қауымдастықтарды немесе топтарды құруға, оларға кіруге және олардың қызметіне қатысуға;
      c) үкіметтік емес және үкіметаралық ұйымдармен байланысты орнатуға құқылы.

6 Бап

      Әрбір адам, жеке және өзгелермен бірлесіп, мыналарға:
      a) барлық адам құқықтары және негізгі бостандықтары туралы ақпаратты білуге, іздеуге, табуға, алуға және оған иелік етуге, соның ішінде осы құқықтар мен бостандықтар ішкі заңнамада, сот немесе әкімшілік жүйелерде қандай жолмен қамтамасыз етілетін турады ақпаратқа қолжетімділік;
      b) адам құқықтары туралы халықаралық келісімдерде және басқа қолданыстағы халықаралық келісімдерде қарастырылғандай, барлық адам құқықтары және негізгі бостандықтары туралы пікірлерді, ақпарат пен білімдерді еркін жариялауға, басқа біреуге беруге немесе өзгелер арасында таратуға;
      c) заңнамада болсын, тәжірибе жүзінде де барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды сақтауға қатысты пікірлерді зерттеуге, талқылауға, құрастыруға және өз атынан білдіруге, сондай-ақ осы және басқа амалдарды пайдаланып, осы мәселелерге жұртшылықтың назар аударуға құқылы.

7 Бап

      Әрбір адам, жеке және өзгелермен бірлесіп, адам құқықтарына қатысты жаңа идеялар мен принциптерді дамыту мен талқылауға, сондай-ақ олардың мойындалуына қол жеткізуге құқылы.

8 Бап

      1. Әрбір адам, жеке және өзгелермен бірлесіп, еш кемсітушіліксіз өз мемлекетін басқаруға және мемлекеттік істерді жүргізуге қатысу үшін шынайы қолжетімділікке ие болу құқығына ие.
      2. Бұл, атап айтқанда, жеке және өзгерлермен бірлесіп, үкіметтік органдар мен мекемелерге, сонымен қатар мемлекеттік істерді жүргізуімен айналысатын ұйымдарға сыни ескертпелерді және олардың қызметін жақсартуға қатысты ұсыныстарды беру және адам құқықтары мен негізгі бостандықтарға қиындық туғузатын немесе көтермелеуді, қорғанысты әрі жүзеге асыруды тежейтін жұмыстың кез келген аспектісіне назар аудару құқығын қамтиды.

9 Бап

      1. Осы Декларацияда сөз етілген адам құқықтарын көтермелеу мен қорғауды қоса алғанда, адам құқықтарын және негізгі бостандықтарын жүзеге асырғанда әрбір адам, жеке және өзгерлермен бірлесіп, құқықтық қорғаныстың тиімді құралдарымен пайдалану және осы құқықтар бұзылған жағдайда қорғаныс құқығына ие.
      2. Осы мақсатта болжамды түрде құқықтары немесе бостандықтары бұзылған әрбір адам тікелей өзі немесе заң жүзіндегі уәкілетті өкілі арқылы тәуелсіз, әділетті және құзырлы сот немесе заң негізінде құрылған өзге органға арызын жолдауға, жария түрде талқылау барысында оның дұрыс қарастырылуына сенуіне және сол органнан, заңға сәйкес, кез келген тиісті жәрдемақыны қоса алғанда, жағдайды түзетуге қатысты шараларды қарастыратын шешім алуға құқылы, сонымен қатар дәлелі жоқ кідіріссіз осы шешімнің немесе қаулының мәжбүрлі орындалуын талап етуге құқылы.
      3. Осы мақсатта әрбір адамның жеке және өзгелремен бірлесіп, атап айтқанда, мына құқықтары бар:
      a) жеке лауазымдық тұлғалар және мемлекеттік органдардың саясаты мен іс-әрекеті нәтижесіндегі адам құқықтары және негізгі бостандықтары бұзылуына байланысты құзырлы ұлттық сот, әкімшілік немесе заңнамалық органдарға немесе мемлекеттің құқықтық жүйесімен қатарыстырылған кез келген басқа құзырлы органға арыздарды немесе өзге тиісті өтінімдерді беру, ол органдар дәлелі жоқ кідіріссіз сол арыз бойынша өз шешімдерін шығарулары керек;
      b) ұлттық заңнамаға және қолданыстағы халықаралық міндетемелер мен принциптерге сәйкестігіне қатысты өз пікірін қалыптастыру мақсатында ашық тыңдауларға, талқылауларға және сот отырыстарына қатысу;
      c) адам құқықтарын және негізгі бостандықтарын қорғау мәселесінде кәсіби біліктілігі жоғары құқықтық немесе өзге тиісті кеңестер мен көмекті ұсыну және беру.
      4. Осы мақсатта және қолданыстағы халықаралық келісімдер мен процедураларға сәйкес әрбір адам, жеке және өзгерлермен бірлесіп, адам құқытары және негізгі бостандықтары мәселелері бойынша хабарламаларды алу және қарастыру үшін жалпы немесе арнайы құзыретке ие халықаралық органдарға деген кедергісіз қолжетімділік, сонымен қатар олармен үнемі байланыста болу құқығына ие.
      5. Мемлекет өзіне қарасты кез келген аймақта адам құқытары және негізгі бостандықтары бұзылды деп пайымдаудың орынды негіздері болған әр жағдай кезінде шұғыл әрі әділетті тергеу жүргізеді немесе тергеуді қамтамасыз етеді.

10 Бап

      Ешкім іс-әрекет немесе талап етілген іс-әрекетті орындамау арқылы адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды бұзу шараларына қатыспауы қажет және ешкім осыған қатысудан бас тартқаны үшін қандай да бір жазаға немесе қудалауға дұшар болмауы тиіс.

11 Бап

      Әрбір адам, жеке және өзгерлермен бірлесіп, заң негізінде өз қызметі түрімен айналысуға немесе кәсібі бойынша жұмыс істеуге құқылы. Өз кәсібі түріне қарай адам абыройына, адам құқықтарына және өзге тұлғалардың негізгі бостандықтарына ықпал ете алатын әрбір адам осы құқықтарды құрметтеп, қызметі немесе кәсібі түріне байланысты жүріс-тұрыс немесе этиканың тиісті ұлттық және халықаралық стандарттарын сақтауы тиіс.

12 Бап

      1. Әрбір адам, жеке және өзгерлемен бірлесіп, адам құқықтары және негізгі бостандықтарды бұзуға қарсы бағытталған бейбітшілік іс-әрекеттерге қатысуға құқылы.
      2. Мемлекет құзыретті органдар көмегімен, осы Декларацияда сөз етілген құқығын заңды түрде жүзеге асыруымен байланысты жеке және өзгерлемен бірлесіп сөйлейтін кез келген адамды кез келген зорлықтан, қауіп-қатерден, жазадан, іс немесе заң жүзіндегі негативті кемсітушіліктен, қысымнан және өзге ықтяирлы әрекеттерден қорғанысты қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдайды.
      3. Осыған байланысты әрбір адам жеке және өзгерлермен бірлесіп, бейбітшілік жолдарды пайдаланып, нәтижесінде адам құқытары мен негізгі бостандықтары бұзылатын болып, мемлекетке артылған қызметтер мен әрекеттерге қарсы, сонымен қатар адам құқытары мен негізгі бостандықтардың жүзеге асырылуына кедергі келтіретін адам топтары немесе жеке адамдар жасайтын зорлық актілеріне қарсы жауапты шараларды қабылдағанда немесе қарсы шыққанда ұлттық заңнаманың тиімді қорғанысын алуға құқылы.

13 Бап

      Әрбір адам, жеке және өзгерлермен бірлесіп, осы Декларацияның 3 Бабына сәйкес бейбітшілік жолдармен арнайы адам құқықтары және негізгі бостандықтарды көтермелеу мен қорғау мақсатында ресурстарға сұрау салу, алу және пайдалану құқығына ие.

14 Бап

      1. Мемлекет өз қарауындағы барлық адамдар өздерінің азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын түсінуде ат салысу мақсатында заңнамалық, сот, әкімшілік немесе өзге тиісті шараларды қабылдауда жауапкершілік алады.
      2. Осы шаралар мыналарды қамтиды:
      a) адам құқықтары туралы ұлттық заңдар мен ережелерді, сонымен қатар қолданыстағы негізгі халықаралық келісім-шарттардың жариялануы мен кеңінен таратылуы;
      b) адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттарға, соның ішінде мемлекеттердің өздері қатысушы болып табылатын, адам құқықтары туралы халықаралық келісімдер негізінде бекітілген органдарға оқыған мерзімді баяндамаларына, сонымен қатар пікірталастардың қысқаша есептеріне және осы органдардың ресми баяндамаларына толық және тең қолжетімділігі.
      3. Мемлекет қажет болған жағдайда өзіне қарасты барлық аумақтарда адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды көтермелеу және қорғау мәселелері бойынша адам құқықтары жөніндегі омбудсмендер, комиссиялар немесе ұлттық мекемелердің әр алуан өзге түрлері сияқты жаңа тәуелсіз ұлттық мекемелердің құрылуын және дамуын қамтамасыз етеді және қолдайды.

15 Бап

      Мемлекет білім берудің барлық деңгейлерінде адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын оқытуды көтермелеу және жәрдемдесу үшін, сондай-ақ заңгерлерді, құқық қорғау органдары қызметкерлерін, әскери және мемлекеттік қызметкерлерді дайындауда жауапты адамдар өз оқыту бағдарламаларына адам құқықтарын оқытудағы тиісті элементтерін енгізілуін қамтамасыз ету үшін жауапкершілік алады.

16 Бап

      Адам құқықтары және негізгі бостандықтарымен байланысты мәселелерді білім беру, кәсіби дайындық және осы салалардағы зерттеулер қызметі арқылы, мемлекеттер арасындағы, сонымен қатар өз қызметін атқаратын қоғам мен ұйымдарға тән түрлі ерекшеліктерді ескере отырып, барлық нәсілдік және діни топтар арасындағы шыдамдылықты, бейбітшілікті және достық қарым-қатынасты аса терең түсіну мен нығайтуды қамтамасыз ету мақсатында қоғам жұртшылығы аса терең түсіну үшін ат салысуда жеке адамдар, үкіметтік емес ұйымдар және тиісті мекемелер маңызды рөл атқарады.

17 Бап

      Осы Декларацияда сөз етілген құқықтар мен бостандықтарды іске асырған уақытта өз бетінше немесе өзгелермен бірігіп әрекет ететін әрбір адам тиісті халықаралық міндеттемелермен келісілген және өзге адамдардың құқықтары мен негізгі бостандықтарын лайықты түрде мойындау әрі құрметтеу мақсатында және демократиялық қоғамдағы инабаттылық, қоғамдық тәртіп және жаппай әл-ауқаттың әділетті талаптарын қанағаттандыру мақсатында ғана заңмен бекітілген шектеулермен шектеледі.

18 Бап

      1. Әрбір адам қоғам алдында және қоғамда өз міндеттеріне ие, өйткені ол тұлға ретіндегі еркін және толық дамуы тек сол қоғамда мүмкін болады.
      2. Жеке адамдар, топтар, мекемелер және үкіметті емес ұйымдар адам құқықтары мен негізгі бостандықтардың демократиясын, көтермелеуін қамтамасыз ету және демократиялық қоғамдарды, институттарды, процестерді көтермелеу мен дамытуға ат салысу мәселесінде маңызды рөл атқарады және оларға жауапкершілік жүктеледі.
      3. Осы сияқты, олар тиісті жағдайларда, Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясында және адам құқықтары саласындағы өзге келісімдерде бекітілген құқықтар мен бостандықтар толығымен жүзеге асырылатын әлеуметтік және халықаралық тәртіпке деген әрбір адамның құқығын көтермелеуге ат салысу мәселесінде маңызды рөл атқарады және оларға жауапкершілік жүктеледі.

19 Бап

      Осы Декларацияда ешнәрсе қоғамдағы қандай бір адам, топ немесе орган немесе кез келген мемлекет осы Декларацияда сөз етілген құқықтар мен бостандықтарды жоюға бағытталған қандай да бір қызметпен айналысуға немесе қандай да бір іс-әрекеттер жасауға құқылы екенін білдіретіндей етіп түсіндірімейді.

20 Бап

      Осы Декларацияда ешнәрсе мемлекеттерге Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарлығының ережелеріне қайшы келетін жеке адамдардың, адамдар топтарының, мекемелердің немесе үкіметтік емес ұйымдардың қызметін қолдау және көтермелеу рұқсаты ретінде түсіндірілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады