Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы саясат, экономика, мәдениет салаларындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту және дамыту әрі достық байланыстарды тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Мохаммад Хатамидің шақыруы бойынша 1999 жылғы 6 қазанда, бұл күн сәулелі қыжраның 1378 жылғы 13-14 мехрасына сәйкес келеді, ресми сапармен Иран Ислам Республикасында болып қайтты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Ислам Революциясының Жоғарғы Лидері аятолла А. Хаменеимен кездесті, Иран Ислам Республикасының Президенті М. Хатамимен келіссөздер жүргізді. Сапардың шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Келісу Кеңесінің Төрағасы А. Хашеми-Рафсанджанимен және ИИР Меджлисінің Спикері А. Натег-Нуримен кездесулері болып өтті.
Тараптар достық пен өзара түсіністік ахуалында өткен келіссөздер барысында әр түрлі салалардағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері, екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі дамыту және тереңдету жолдарын талқылады, сондай-ақ өзара мүдделілік білдірілетін аймақтық және халықаралық проблемалардың бірқатары бойынша пікір алмасты және де төмендегілер туралы келісті:
I. Саясат саласындағы ынтымақтастық
Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының қарым-қатынасы өзара сенім, бір-бірінің егемендігі мен тәуелсіздігін құрметтеу принциптеріне, халықаралық қауіпсіздік принциптерін сақтауға негізделген және тату көршіліктің, екі тараптың саяси, экономикалық мүдделері мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізінде достық байланыстардың деңгейін одан әрі көтеруге бағытталған.
Тараптар қазіргі бар байланыстардың деңгейіне және саяси өзара қарым-қатынастардың жай-күйіне қанағаттанғандық білдіріп әрі ынтымақтастықтың қолда бар потенциалын бұрынғыдан да тиімдірек пайдалануға ұмтыла отырып, барлық деңгейлердегі саяси консультацияларды одан әрі жандандыруды құптап, пікір білдірді.
Тараптар Орталық Азия мен Кавказ аймақтарында тұрақтылықты, тыныштықты, бейбітшілікті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аймақтық проблемалар бойынша ынтымақтастықты бұдан былай да ұлғайтатын болады.
Тараптар 1921 және 1940 жж. шарттарға негізделетін Каспий теңізінің қазіргі құқықтық режимінің пәрменділігін атап өтіп, Каспий жағалауындағы бес мемлекет арасындағы айқындамалардың соңғы уақытта байқалып отырған жақындасуына қанағаттанғандық білдірді, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі ортақ келісімге тез арада қол жеткізу мақсатында осы бағыттағы күш-жігерлерді жалғастыруды жақтап, пікір білдірді.
Тараптар Каспий теңізінің қоршаған ортасын қорғаудың көкейкестілігі мен маңыздылығын атап, және де бұл мақсаттарда осы уақытқа дейін жұмсалған күш-жігерлерді лайықты бағалай отырып, Каспий теңізінің табиғи ортасына зиян келтіретін іс-қимылдарға қарсылығын білдіреді және де Каспийдің экологиялық қауіпсіздігін сақтауға басқа да Каспий жағалауы елдерімен бірлесіп ұмтылатын болады.
Тараптар Каспий теңізі жағалау мемлекеттерінің арасындағы бейбітшілік, тату көршілік және ынтымақтастық теңізі болуға тиіс деп санайды және Каспий аймағын қарусыздандыруды жақтап, пікір білдіреді.
Тараптар Алматы қаласындағы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨІСШК) қатысушы елдердің сыртқы істер министрлерінің бірінші кездесуінің қорытындыларын және АӨІСШК-ге қатысушы елдердің арасындағы қатынастарды айқындайтын принциптер туралы декларацияға қол қойылуын жоғары бағалады, Азиядағы және бүкіл дүние жүзіндегі бейбітшілікті, қауіпсіздікті және ынтымақтастықты қамтамасыз ету мүдделерінде оның мақсаттарын іске асыру үшін ынтымақтастықты жалғастыруға әзірлігін білдірді.
Тараптар Байланыс Тобының кепілдік елдері мен мүшелері ретінде Тәжікстандағы жағдайды бейбіт реттеуде қол жеткізілген прогреске қанағаттанғандық білдірді, бейбіт келісімдердің және басқа да құжаттардың барлық ережелерінің тез арада және толық орындалуын құптады және осы тұрғыдағы ынтымақтастыққа өздерінің әзірлігін қуаттады.
Тараптар Ауғанстанда жалғасып жатқан ұрыс қимылдарына өздерінің алаңдаушылығын білдіріп және де Ауғанстанның проблемасы әскери жолмен шешіле алмайтын ұғымды негізге ала отырып, БҰҰ-ның күш-жігерлеріне өздерінің, ең алдымен Ауғанстанда бейбітшілік орнатуға бағытталған топтың (6+2) шеңберінде, қолдауын қуаттады және қарсыласушы топтарды саяси құралдарды пайдалануға әрі барлық қозғалыстардың қатысуымен Үкіметті құруға бағытталған келіссөздерді өткізуге шақырды. Осы орайда Қазақстан Республикасы Иран Ислам Республикасының Ауғанстандағы жанжалды бейбіт реттеу жөніндегі күш-жігерлерін жоғары бағалады, өзінің Мазари-Шариф қаласындағы ирандық дипломаттар мен тілшінің өлімін айыптайтын бұрынғы айқындамасын қуаттады және де осы қылмысты жасаған адамдарды жазалаудың қажеттігін атап өтті.
Тараптар аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа өздерінің адалдығын қуаттады және аймақтық проблемаларды тек қана бейбіт құралдармен шешуді жақтайды.
Тараптар көптеген аймақтық және халықаралық проблемалар бойынша көзқарастарының бірдейлігін атай келіп, екі мемлекеттің аймақтық және халықаралық ұйымдардағы жалғасып жатқан ынтымақтастығына қанағаттанғандық білдірді және БҰҰ, ЭЫҰ мен ИКҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың одан әрі дамуын жақтап, пікір білдірді.
II. Экономикалық ынтымақтастық
Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың орнықты дамуына өздерінің қанағаттанғандығын білдіре келіп, осы байланыстарды одан әрі дамыту және нығайту үшін екі мемлекетте үлкен резервтердің бар екендігін атап өтті, әсіресе сауда-экономикалық салада осы потенциалды іске асырудың қажеттілігін қуаттады. Бұл орайда Бірлескен қазақстан-иран үкіметаралық комиссиясының маңызды рөлі атап өтілді, сондай-ақ Тегеран қаласында 1999 жылғы 6-7 қыркүйекте болып өткен оның кезекті V мәжілісінің қорытындылары мақұлданды.
Тараптар Каспий теңізі аймағынан әлемдік рыноктарға көмірсутегі шикізатын тасымалдау проблемасының төңірегінде қалыптасып келе жатқан жағдайды тереңдете талқылады. Қазақстан тарабы әр түрлі баламалы экспорттық құбыр жүргізудегі өзінің мүдделілігін қуаттады, бұл иран тарабының қолдауына ие болды. Екі тарап құбыр жүргізудегі маршрутты таңдау барысында ең маңызды өлшемдердің бірі экономикалық өміршеңдік болуы тиіс деп санайды және де құбыр жүргізудің оңтүстік бағытын ең қысқа және ыңғайлы маршрут ретінде қарайды.
Тараптар Батыс Қазақстаннан Түрікменстан мен Иран арқылы әрі қарай Парсы шығанағына құбыр жүргізу құрылысы бойынша техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) аяқтаудың қажеттігін атай келіп, тиісті ТЭН-ді даярлау жөнінде үш жақты қазақстан-иран-түрікмен жұмыс тобының жұмысын жандандыру мен жеделдетудің маңызын атап өтті.
Тараптар өңделмеген мұнайды, мұнай өнімдерімен алмасу жөніндегі операциялар өзара тиімді және перспективалы болып табылады деп санайды және де 1996 жылғы мамырда қол қойылған SWAP бойынша Келісім мен 1999 жылғы 11 сәуірдегі Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру жолында қазіргі бар кедергілерді тез арада жою жөніндегі қосымша шараларды қабылдауға уағдаласты. Қазақстан тарабы Иранның өңделмеген мұнайды алмасудың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін Нека-Тегеран мұнай құбырының жаңа тармағының құрылысы үшін қабылдап отырған шараларын құптайды және Каспий теңізі аймағының мұнайын тасымалдауда осы маршруттың маңызды рөлін қуаттайды.
Қазақстан тарабы Иран Ислам Республикасының теңіз, темір жол және автомобиль коммуникацияларының қажетті инфрақұрылымын жасау және жабдықтау жөніндегі шараларын құптай отырып, осы желілерді мұнай мен газ конденсатын, мұнай өнімдерін, бидайды, металл өнімін, металлургияның және мұнайдың коксын, асбестті, коксталатын көмірді және басқа да өздерінің тауарларын тасымалдау үшін пайдалануға өз әзірлігін білдірді.
Тараптар жүктердің экспорты мен тасымалы үшін әлдеқайда қолайлы тарифтік жағдайды жасауды құптап, пікір білдірді және келісілген тарифтік саясатты қалыптастыру әрі жүргізу мақсатында ынтымақтастық жасауға уағдаласты, бұл Трансазиялық темір жол магистралін, соның қатарында иран жүктерін ТМД, ҚХР және Еуропаның рыноктарына тасымалдау үшін әлдеқайда тиімдірек пайдалануға көмек көрсететін болады.
Тараптар Қазақстан бидайының Иранға ірі ауқымдағы экспорты өзара мүдделерге жауап береді және екі мемлекет ынтымақтастығының маңызды қосымша саласы болып табылады деп санайды. Тараптар өздерінің мемлекеттік және жеке құрылымдарына бидайды тасымалдау, ауыстыру және сақтау жөніндегі қуаттардың қолда барларын және олардың қосымшаларын жасауды ұлғайту саласындағы ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар туғызуға жәрдемдесуге уағдаласты.
Тараптар Қазақстанның кәсіпорындары мен басқа да шаруашылық субъектілерінің және Иранның провинцияларының арасындағы тікелей байланыстар мен дамып келе жатқан ынтымақтастықты оң бағалай келіп, ынтымақтастықтың осы нысанын одан әрі дамытуға өздерінің барынша қолдау көрсететіндіктері туралы мәлімдеді.
III. Ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық
Тараптар тарихи, мәдени және діни байланыстардың ортақтығын негізге алып, сондай-ақ осы салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға өзара ұмтылысты ескере отырып, осы сапардың барысында қол қойылған екі ел арасындағы Мәдени алмасу бағдарламасының ережелерін іске асыру екі мемлекет арасындағы 1993 жылғы Ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің мақсаттарын толығырақ іске асыру бағытында маңызды қадам болып қызмет ететін болады деп таниды.
Тараптар екі халық пен мемлекеттердің мәдени-тарихи байланыстарын нығайту мен дамытудың қажеттілігін тани отырып, осы саладағы ғалымдар мен мамандар арасындағы ғылыми-зерттеу, соның ішінде "Жібек жолы", мәдениет пен әдебиеттің көрнекті ойшылдары мен қайраткерлері, сондай-ақ екі халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сияқты тақырыптар бойынша ынтымақтастыққа зор маңыз береді.
Қазақстан тарабы "Өркениеттер арасындағы диалогты" өткізу жөніндегі Иран Президентінің бастамасына қолдауын білдіре келіп, сондай-ақ 2001 жылды БҰҰ-да - "Өркениеттер арасындағы диалог" жылы деп жариялауды құптай отырып, өзінің ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің осы дүниежүзілік жобаға белсенді қатысуға әзір екендігі туралы мәлімдеді.
Тараптар халықтар арасындағы қарым-қатынастардағы басты фактор ретінде адамгершілік және моральдық-этикалық құндылықтардың сақталуына зор маңыз береді.
Тараптар сапар барысында екі жақты құжаттардың бірқатарына қол қойылуына байланысты қанағаттанғандық білдіре келіп, бұл уағдаластықтарды іске асыру екі Тараптың мүдделеріне, екі мемлекет халықтарының достық және тату көршілік қатынастарын нығайтуға қызмет етеді деп сенім білдірді және де олардың жемісті және сенім білдіру екі жақты ынтымақтастығының әр түрлі бағыттарын жаңа және бұрынғысынан да жоғары деңгейде қамтитынын атап өтті.
Осы Декларацияға Тегеранда 1999 жылғы 6 қазанда, бұл күн сәулелі хижраның 1378 жылғы 14 мехрасына сәйкес келеді, екі данада, қазақ, парсы, орыс және ағылшын тілдерінде қол қойылды.
(Қолдары)
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Багарова Ж.А.