Қазақстан Республикасы Президенті мен Польша Республикасы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

Жаңа

Бірлескен мәлімдеме 1999 жылғы 29 қазан Астана қаласы

      1999 жылғы 29-31 қазанда Польша Республикасының Президенті А. Квасьневскидің Қазақстан Республикасына ресми сапары болып өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев пен Польша Республикасының Президенті А. Квасьневски өзекті халықаралық проблемаларды, аймақтық қауіпсіздік және қазақстан-польша ынтымақтастығы мәселелерін түбегейлі талқылай келіп, төмендегілер туралы мәлімдейді:
      Тараптар Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым және басқа халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты жалғастыра беруге, Еуроатлантика әріптестігі кеңесі және НАТО-ның "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" бағдарламасы шеңберіндегі екі жақты және көп жақты ынтымақтастық үшін ниет білдірді. Тараптар күш қолданбау және күшпен қауіп төндірмеу принципіне адалдықтарын қуаттады. Тараптар, БҰҰ Жарғысына және ЕҚЫҰ құжаттарына сәйкес, даулардың бейбіт жолмен шешілуіне тілектестіктерін білдірді.
      Екі Тарап та демократиялық құндылықтардың, заңның үстемдік құруының және адамның, оның ішінде аз ұлттардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың маңыздылығын атап көрсетті. Демократиялық тәртіп пен нарықтық экономика қазіргі заманғы мемлекеттердің, сондай-ақ олардың азаматтарының әл-ауқаты мен игілігінің дамуы үшін іргетас болып қала береді. Осы факторлар халықаралық қатынастардағы өзара сенімнің тереңдеуіне, тұрақтылық пен бейбітшіліктің нығаюына барған сайын шешуші бола түсуде.
      Тараптар позитивті диалогтың, оның ішінде әр түрлі деңгейдегі парламентаралық байланыстардың одан әрі дами беруіне, сондай-ақ халықаралық проблемалар тақырыптары бойынша консультациялардың өткізілуіне ықылас білдірді. Сыртқы істер министрліктерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы қарым-қатынасты кеңейтуге жұмылдырылған басқа ведомстволар мен мекемелердің арасындағы ынтымақтастықты дамыта беруге мүдделілік қуатталды.
      Тауар айналымының қазіргі деңгейі екі мемлекеттің де мүдделері мен мүмкіндіктеріне жауап бермейтіндіктен, Тараптар екі жақты тауар алмасуды ұлғайтуға ниет білдірді.
      Екі Президент өзара мәдени, ғылыми-техникалық және қоғамдық байланыстардың дамуы да халықтардың жақсы таныстығы мен жақындаса түсуіне ықпал ететіндігіне сенімдерін білдірді.

      (Қолдары)
      Астана, 1999 жылғы 29 қазан.

      Мамандар:
      Қасымбеков Б.А.
      Багарова Ж.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады