Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Иран Ислам Республикасы Yкiметiнiң арасындағы Иранға Қазақстан астығының экспорты және Қазақстанға Ираннан тұтыну тауарларының экспорты туралы өзара түсiнiстiк жайындағы Меморандум

Жаңа

Меморандум 1999 жылғы 11 сәуір Тегеран қаласы. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

(Меморандум қол қойылған күннен бастап күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

     Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Иран Ислам Республикасының Yкiметi,
      екi мемлекет арасындағы өзара тиiмдi сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрi дамытуға және кеңейтуге жәрдемдесуге тiлек бiлдiре отырып,
     халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерiне адалдықтарын растай отырып,
     төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Тараптар өздерiнiң өкiлеттіктерi мен мүмкiндiктерi көлемiнде іс-қимыл жасай отырып, өз мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес, астыққа қатысты екi мемлекет арасындағы өзара тиiмдi сауданы кеңейтуге көмектесетiн барлық қажеттi шараларды қабылдайтын болады.

2-бап

      Осы Меморандумның 1-бабындағы ережелердi іске асыру мақсатында Тараптар мынадай мiндет алады:
     Қазақстан Тарабы жыл сайын Иран Ислам Республикасына жыл сайын нақты белгiленген, қажеттi көлемде астық берiп отырады;
     Иран Тарабы берiлген астықты екiншi Тараппен келiсiлген шарттарда қабылдайтын және төлейтiн болады.

3-бап

      Қазақстан астығының экспорты жайындағы осы Меморандумды орындау жөнiндегi Тараптардың уәкiлеттi атқарушылары:
     Қазақстан Тарабынан - "Азық-түлiк контракт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғам.
     Иран Тарабынан - Govermment Trading Corporation of iran болып табылады.

4-бап

      Астық берiп отырудың маңызды шарттары, атап айтқанда:
      - жеткiзiлiмдер кестесi,
      - жеткiзiлетiн астықтың түрлерi мен сыныптары,
      - астықтың бағалары,
      - астықтың сапалық көрсеткiштерi,
      - жеткiзiлiмдердi iске асыру тетiктерi мен төлем нысандары,
      - дауларды шешу тәртiбi,
      - және басқа да мүмкiн шарттар
      осы Меморандумды атқарушылар жасасатын және олар орындалуына жауапты болатын келiсiм-шарттарда ескерiледi.

5-бап

      Осы Меморандумды атқарушылар Тараптармен келiсiлген банк арқылы керi шақырылмайтын аккредитивтi алған бойда астық жеткiзiлiмiн сата алады. Төлемнiң басқа шарттары тиiстi тараптармен талқылануы мүмкiн.

6-бап

      Қазақстан Тарабы Иран Тарабына жыл сайын 200 мың тоннадан кем емес қазақстандық астықтың экспортын ұсынды. Сонымен бiр мезгiлде Иран Тарабы астықтың жоғарыда аталған көлемiн 4-бапта аталған мерзiмдер мен шарттарға сәйкес импорттауға әзiрлiгiн бiлдiрдi.

7-бап

      Қазақстан Тарабы Ақтау қаласының айлағында жылына 500 мың тоннаға жуық астықты жөнелту үшiн кемелерге астық тиеуге арналып, қуаты сағатына 250-300 тонна пневматикалық мұнарамен жабдықталған, астықты бiр мезгiл сақтайтын, сондай-ақ Ақтау қаласының айлағында қабылданатын және тиелетiн астықтың сапасын тексеретiн қазiргi заманғы лабораториясы бар жалпы сыйымдылығы 30 мың тонна астық терминалының құрылысын салу мүмкiндiгiн қарастырады.

8-бап

      Екi мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды жақсарту үшiн екi Тарап өздерiнiң мемлекеттiк және жеке меншiк нысандарындағы шаруашылық субъектiлерiне екi мемлекеттiң қолданыстағы ережелерi мен қағидаларына сәйкес өзара сауда жүргiзуде көмектесуге келiседi.

9-бап

      Екi мемлекет арасындағы теңдестiрiлген сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мақсатында Иран Тарабы қазақстандық Тарап мұқтаж болып отырған тауарлар мен қызмет көрсетулердi ұсынды. Қазақстан Тарабы Иранның ұсынысын қолдай отырып, осы Меморандумға қол қойылған күннен бастап 3 ай ішiнде дипломатиялық арналар бойынша Иран Тарабына қажеттi тауарлар мен қызмет көрсетулердiң тiзiмiн беруге келiстi.

10-бап

      Тараптар екi жақты сауданы ұлғайту үшiн банк көрсететiн қызметтердiң, соның ішiнде бартерлiк операциялардың барлық түрiн пайдаланатын болып уағдаласты. Тараптар банк көрсететiн қызметтердi жүзеге асыру жөнiнде осы Меморандумға қол қойылған күннен бастап 3 ай ішiнде пiкiр алмасады.

11-бап

      Тараптар Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрi мен Иран Ислам Республикасы Сауда министрлiгiнiң сыртқы сауда жөнiндегi министрдiң орынбасары деңгейiнде тұрақты Жұмыс комитетiн құруға келiстi.
      Тұрақты Жұмыс комитетi Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы үкiметаралық келiсiмнiң және осы Меморандумның барлық тармақтарының  орындалуын осы Меморандум күшiне енген күннен бастап әрбiр алты (6) ай  сайын бақылап отыратын болады.

12-бап

      Осы Меморандумның жекелеген баптарын түсiндiру немесе қолдануға қатысты Тараптар арасында туындайтын барлық даулы мәселелер  консультациялар мен келiссөздер арқылы шешiлетiн болады.

13-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Меморандумға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
      Өзгерiстер мен толықтырулар осы Меморандумның ажырамас бөлiгi болып табылатын тиiстi Хаттамамен ресiмделедi.

14-бап

      Осы Меморандум Тараптардың қолданыстағы ережелерi мен қағидаларына сәйкес тиiстi шаралар қабылдау қажеттiгiн ескере отырып оған қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.

15-бап

      Осы Меморандум Тараптардың қайсыбiрi екiншi Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы өзiнiң Меморандумның қолданысын тоқтату ниетi туралы хабарын бергенше күшiнде болады. Мұндай жағдайда Меморандум осындай ниет туралы хабар алынған күннен бастап алты (6) ай өткен күнге дейiн күшiнде болады.

16-бап

      Тегеран қаласында 1378 жылғы 22 фарвардинге сәйкес келетiн 1999 жылғы 11 сәуiрде әрқайсысы қазақ, фарси, ағылшын және орыс тiлдерiнде екi данадан жасалды және де барлық мәтiннiң күшi бiрдей. Осы Меморандумның ережелерiн түсiндiруге қатысты пiкiр алшақтығы туындаған жағдайда ағылшын тiлiндегi мәтiн негiзге алынады.

(Қолдары)

      Мамандар:
      Қасымбеков Б.А.
      Багарова Ж.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады