Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корей Республикасы Үкіметінің арасындағы экономикалық Даму және Ынтымақтастық қорының заемдарына қатысты КЕЛІСІМ

Жаңа

КЕЛІСІМ Астана қаласы 1999 жылғы 24 тамыз. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.;

                                                   Бейресми аударма

      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Корей Республикасының Yкiметi (осында және бұдан әрi - "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын), Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Корей Республикасы Yкiметiнiң арасында Корей Республикасы Yкiметiнiң Экономикалық Даму және Ынтымақтастық Қорының (осында және бұдан әрi - "ЭДЫҚ" деп аталатын) заемдарын беруге қатысты қол қойылған Шартқа сәйкес мыналар туралы келiстi:

1-бап

      (1) Телекоммуникация жүйесiн жетiлдiру Жобасын (осында және бұдан әрi "Жоба" деп аталатын) іске асыру үшiн Корей Республикасының Yкiметi Корей Экспорт-Импорт Банкiнiң (осында және бұдан әрi "Банк" деп аталатын) Yкiметтiк ЭДЫҚ Агенттiгiнен Қазақстан Республикасының Yкiметi көрсеткен агенттiкке заем (осында және бұдан әрi - "Заем" деп аталатын) беруге мiндеттенедi.
      (2) Заем бойынша Заемшi "Индустриялық парк" Акционерлiк қоғамы болып табылады және Қазақстан Республикасының Yкiметi Заем бойынша Банкке тиiстi тұрғыда ресiмделген кепiлiн беруге мiндеттенедi.
      (3) Заемның сомасы 16,269,000,000-ға (он алты миллиард екi жүз алпыс тоғыз миллион) дейiн корей вонын құрайды.

2-бап

      Заемші мен Банктың арасында жасалатын Заемның мерзiмдерi мен шарттары, сондай-ақ оны пайдалану жөнiндегi рәсiмдер несиелiк келiсiммен (осында және бұдан әрi - "Несиелiк Келiсiм" деп аталатын) айқындалады, және мынадай қағидаларды қамтиды:
      (1) өтеу мерзiмi жетi (7) жыл жеңiлдiк кезеңдi қоса есептегенде жиырма бес (25) жылды құрайды;
      (2) проценттiк ставкасы жылына үш (3) проценттi құрайды;
      (3) игеру кезеңi Несиелiк Келiсiмге қол қойылған күннен кейiнгi қырық екi (42) айды немесе Заемшi мен Банктiң арасында келiсiлетiн басқа осындай кезеңдi құрайды;
      (4) қызмет көрсеткенi үшiн ақыны тiкелей төлем жүзеге асырылған жағдайда әр игеру сомасынан немесе аккредитив шығарылған жағдайда аккредитивтiң сомасынан бiр проценттен оннан бiрiн (0,1%) Банк алуы тиiс. Заемнiң қаражатын игеру рәсiмдерiне, Несиелiк Келiсiм бойынша Банкке төленуi тиiс қарыздың негiзгi сомасын немесе проценттерiн төлеуге байланысты коммерциялық банктер ұсынатын қызмет көрсетулер үшiн барлық банктiк шығасылар және/немесе шығындар екi елдiң тартылған коммерциялық банктерiнiң арасында жасалуы тиiс келiсiмге жатады; және
      (5) егер Заемшi Заем бойынша борыштың негiзгi сомасы бойынша төлемнiң бүкiл сомасын немесе қандай да бiр бөлiгiн Несиелiк Келiсiм бойынша төлеу мерзiмiне төлемесе, төленбеген сомаларға Несиелiк Келiсiмде белгiленген проценттiк ставкадан екi процент (2%) ставка бойынша айыппұл проценттер есептеледi.

3-бап

      (1) Заемнiң қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатып алу үшiн қолайлы көз-ел Корей Республикасы болып табылады.
      (2) Заемнiң қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi берушiлер қолайлы көз-елдiң берушiлерiнiң арасындағы шектелген халықаралық тендердiң немесе Заемшi мен Банктiң арасында келiсiлуi тиiс кез-келген басқа да әдiстердiң негiзiнде таңдалуы тиiс.
      (3) Қолайлы көз-елден басқа елдерден импортталатын материалдардан тұратын тауарлар егер импортталатын бөлiгi мұндай тауарлардың келiсiмшарттық бағасының елу процентiнен (50%) төмен болған жағдайда Заемнан қаржыландырылуға қабылдануы мүмкiн. Мұндай импортталатын бөлiктiң үлесiн есептеуге арналған формула Несиелiк Келiсiмде сипатталады.
      (4) Сатып алудың егжей-тегжейлi әдiсi мен рәсiмдерi Несиелiк Келiсiммен айқындалатын болады.

4-бап

      Егер Заемнiң қаражатынан қол жетiмдi қорлар Жобаны іске асыру үшiн жеткiлiксiз болса, Заемшi мұндай қорларды қамтамасыз ету үшiн дереу шаралар қабылдауы тиiс.

5-бап

      Заемнiң қаражатын жобаны дамытуға сәйкес несиелiк Келiсiмде айқындалған игеру кезеңiнiң iшiнде және Несиелiк Келiсiм бойынша игеру рәсiмдерiне сәйкес Заемнiң сомасынан аспайтын сомаға Заемшiге немесе Заемшiнiң атынан Банк ұсынуы тиiс.

6-бап

      Несиелік Келісімде көрсетілетін басқа да мерзімдер мен шарттар Заемші мен Банктің арасындағы келіссөздер жолымен айқындалуы қажет.

7-бапОсы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және, егер өзгеше келісілмесе Заемші Несиелік Келісім бойынша барлық міндеттемелерді орындағанша қолданымда болуы тиіс.

     1999 жылғы 24 тамызда екі данада ағылшын тілінде жасалды, екі дананың бірдей күші бар.

                                                           (Қолдары)
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А.
       Багарова Ж.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады