"Састөбецемент" ашық акционерлік қоғамы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 10 қаңтар N 34

      "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Састөбецемент" ашық акционерлік қоғамының конкурстық массасын сатудың:
      1) "Састөбецемент" ашық акционерлік қоғамының мүліктік кешенін бірыңғай лотпен сатуды;
      2) бірыңғай лоттың әкімшілік шығыстар мен бірінші, екінші, үшінші және төртінші кезектердегі кредиторлар талаптарының сомасынан төмен емес бастапқы бағасын белгілеуді көздейтін ерекше шарттары мен тәртібі белгіленсін.
      2. "Састөбецемент" акционерлік қоғамының мүліктік кешенін сатып алушыға мынадай қосымша талаптар көзделсін:
      1) саудаластыққа қатысу үшін кепілдік жарна әкімшілік шығыстар сомасының кемінде 100 процентін құрауы;
      2) сатып алушыда Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен келісілген мүліктік кешенді пайдалану жөніндегі инвестициялық бағдарламаның болуы;
      3) сатып алушының мүліктік кешенді 5 жыл бойы "Састөбецемент" акционерлік қоғамы жүзеге асырған қызметтің бейініне сәйкес пайдалану жөнінде міндеттемелер қабылдауы;
      4) сатып алушының конкурстық массаны сатудан түскен қаражат

 

жеткіліксіз болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік

берген органмен келісім бойынша төртінші кезектегі кредитордың талаптарын

өтеу жөніндегі міндеттеме қабылдауы.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік кіріс министрлігіне жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі

   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады