"Майкөбең кеніші" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін сатудың шарттары мен әдісін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 11 қаңтар N 41

 


     "Мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің және басқарудың тиімділігін

арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы N 683 


P990683_
 


қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Майкөбең кеніші" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік

пакетін сатудың шарттары мен әдісін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу

үшін мына құрамда комиссия құрылсын:


     Ахметов Даниал         - Қазақстан Республикасы

     Кенжетайұлы              Премьер-Министрінің

                              орынбасары, төраға


     Әбітаев Есберген       - Қазақстан Республикасының

     Әбітайұлы                Энергетика, индустрия және

                              сауда бірінші вице-министрі


     Әбілғазин Данияр       - Қазақстан Республикасының

     Рүстемұлы                Қаржы вице-министрі -

                              Қазақстан Республикасының

                              Қаржы министрлігі Мемлекеттік

                              мүлік және жекешелендіру

                              комитетінің төрағасы


     Аханов Серік           - Қазақстан Республикасының

     Ахметжанұлы              Экономика вице-министрі


     Құзытбаева Ажар        - Қазақстан Республикасының

     Қилымбекқызы             Әділет вице-министрі


     Ұжкенов Болат          - Қазақстан Республикасының

     Сұлтанұлы                Табиғи ресурстар және қоршаған

                              ортаны қорғау вице-министрі


     2. Комиссия бір ай мерзімде "Майкөбең кеніші" ашық акционерлік қоғамы

акцияларының мемлекеттік пакетін сатудың шарттары мен әдісін айқындау

жөнінде ұсыныс әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады