Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзербайжан Республикасы Үкiметi арасындағы денсаулық сақтау және медициналық ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 қаңтардағы N 93 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. 1999 жылғы 22 қазанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасы Үкiметi арасындағы денсаулық сақтау және медициналық ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзербайжан
Республикасының Үкiметi арасындағы денсаулық сақтау және
медициналық ғылымдар саласындағы ынтымақтастығы туралы
Келісім *

*(Шарт 2000 жылғы 15 шілдеде күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары
бюллетені, 2004 ж., N 5, 25-құжат)

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзербайжан Республикасының Үкiметi мұнан әрi тараптар деп аталып,
      мемлекеттердiң егемендiгiн құрметтеп, медицина және денсаулық сақтау саласындағы дәстүрлi байланыстарды қолдау және дамытуға ұмтылуды ескере отырып,
      тараптардың ұзақ мерзiмдiк және тұрақты негiзiнде өзара тиiмдi тең дәрежедегi ынтымақтастығын ескере отырып,
      төмендегiше келiстi:

  1-бап

      Тараптар денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесiн одан әрi дамыту мақсатында денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласында өзара тиiмдi ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етедi.

  2-бап

      Тараптар денсаулық сақтау және медицина ғылымының келесi салалары бойынша өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамытатын болады;
      ересектер мен балаларға алғашқы және мамандырылған арнайы медициналық көмек көрсету;
      проФилактикалық медицина және оңалту;
      фармацевтiк және медициналық техника, оның iшiнде өндiрiс саласы;
      ғылыми және медициналық кадрларды даярлау;
      ғылыми талдауларды бiрлесiп жүргiзу;
      денсаулық сақтау саласында ақпаратты компьютерлiк жүйенi жасау және игеру;
      медициналық статистика;
      төтенше жағдайларда медициналық-санитарлық зардаптарды ескерту және жою;
      жедел ақпараттар алмасу, симпозиумдар ұйымдастыру, монографиялар мен мақалалар жариялау.

  3-бап

      Осы Келiсiмнiң жүзеге асуы үшiн жауапты болып табылады:
      Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi агенттiгi
      Әзербайжан Республикасында - Әзербайжан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi.

  4-бап

      Тараптар жоғары және орта арнаулы оқу орындары берген дипломдарды бiрдей таниды.

  5-бап

      Тараптар Денсаулық сақтау органдары мен кәсiпорындары арасындағы тiкелей байланысты ұйымдастыруға, бiрлескен конференциялар, симпозиумдар мен семинарлар өткiзуге екi жақты көмек көрсетедi.

  6-бап

      Тараптар өзара қарым-қатынастарды ұлттық заңдылықтарға сәйкес, жасалған келiсiмдер, шарттар мен бiтiмдер негiзiнде құратын болады. 
      Жекелеген келiсiмдер мен шарттардың орындалуына жауапкершілiктi тараптардың тиiстi ұйымдары мойындарына алады. 

  7-бап

      Тараптар емдеу-кеңес беру ғылыми және емдеу-профилактикалық, ғылыми-зерттеулер барысындағы қарым-қатынастың басқа да түрлерiне тараптар мемлекеттерiнiң министрлiктерi мен ведомстволарының қарауына енетiн басқа да денсаулық сақтау мекемелерiмен ынтымақтастықта ықпал ететiн болады.

  8-бап

      Тараптар екiжақты ынтымақтастық келiсiмдi шарттық негiзде мамандырылған медициналық орталықтарда кеңес беру емдеу және оңалту үшiн өзара аурулар қабылдауды, бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзудi, медициналық, оқытушы және ғылыми кадрларды даярлауды, мамандар мен медициналық-техникалық ақпараттар алмасуды, диагноз қою және емдеудiң жаңа әдiстерiн қолдану бойынша әдiстемелiк материалдар қамтамасыз ету жолымен жүзеге асыруға келiстi. 

  9-бап

      Тараптар коммерциялық негiзде шарттық баға немесе қолданылып жүрген баға көрсетiлген тiзiм бойынша есеп айырысу арқылы кеңес беруге, зерттеулер жүргiзуге және азаматтарды емдеуге немесе адам өмiрiне қауiп төнген жағдайдан басқа сәттерде де және жедел әрi кезек күттiрмейтiн медициналық көмек көрсетуге келiстi.

  10-бап

      Тараптар төтенше жағдайларда тегiн медициналық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi.

  11-бап

      Тараптар ынтымақтасушы ұйымдар мен мекемелер арасында медициналық қызмет көрсету жөнiнде шарттар мен келiсiмдер жасасу кезiнде тараптар мемлекеттерiнiң заңдылықтарында белгiленгеннен басқа шектеулер енгiзбеуге келiстi.

  12-бап

      Тараптар бiр-бiрiне съездер, конференциялар және осы тәрiздес шаралар өткiзу туралы ақпараттар беретiн болады. Сонымен бiрге өз мемлекеттерiнiң ғылыми, медициналық қоғамдарының және басқа да ұйымдардың өтiнiшi бойынша осы шараларға қызметкерлердiң қатысуына ықпал етедi.

  13-бап

      Тараптар жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жоспарлары мен бағдарламалары бойынша бiрлескен жұмыстар жүргiзетiн болады, олардың арасында тiкелей шығармашылық байланыс орнатады, сонымен бiрге коммерциялық негiзде студенттер мен түлектер алмасады.

  14-бап

      Тараптар медициналық техникалар, дәрi-дәрмектер өндiрiсi саласындағы ынтымақтастықтың тиiмдiлiгiн арттыруға оның iшiнде қажеттi медициналық маңызы бар бұйымдар өндiрiсi бойынша бiрлескен кәсiпорындар құру жолымен ықпал ететiн болады.

  15-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiнiң қолданылуына байланысты туындайтын барлық даулар мен келiспеушілiктер тараптар арасында келiсiмдер мен кеңестер өткiзу жолымен шешiледi.

  16-бап

      Тараптар осы келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыру мақсатымен қажетiне қарай бiрлескен комиссия құрады.

  17-бап

      Тараптар өзара келiсiм бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзе алады, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын тиiстi хаттамалармен реттеледi.

  18-бап

      Осы келiсiм тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк iстердi орындағандығы туралы жазбаша соңғы мағлұмат берген күннен бастап күшiне енедi, әрi бес жыл бойы қолданылатын болады және егер тараптардың бiрi кезектi мерзiм бiткенге дейiнгi кемiнде алты ай мерзiм iшiнде екiншi тарапқа келiсiмнiң күшiн тоқтату туралы өз тiлегiн жазбаша түрде хабардар етпесе келiсiм мерзiмi келесi бес жылдық кезеңге автоматты түрде ұзартылады.
      Келiсiм Астана қаласында 1999 жылғы 22 қазанда әрқайсысы қазақ, әзербайжан және орыс тiлдерiнде екi данадан жасалды, барлық мәтіннiң күшi бiрдей.
      Келiсушi тараптардың арасында осы Келiсiмнiң мәтiнiн түсiнуде алшақтық туындаса, орыс тiлiндегi мәтiннiң басымдық күшi болады.

       Қазақстан Республикасының      Әзербайжан Республикасының
            Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады