Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 U952679_ заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1999 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Араб Экономикалық Дамуы Кувейттік Қорының арасындағы жаңа үкіметтік ғимараттың құрылысы жобасына грантты пайдалану жөніндегі келісім мақұлдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
Орыс тiліндегі бейресми аудармадан
қазақ тiлiне аударылды
Түпнұсқа: араб тілінде
N 21 грант
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен
Араб Экономикалық Дамуының Кувейттік Қоры
арасындағы
жаңа үкіметтік ғимарат құрылысы жобасына
арналған
грантты пайдалану жөніндегі
келісім
Күнi: 30.10.1999
Грантты пайдалану жөніндегі келісім
Бiр тараптан Қазақстан Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - "Үкiмет") мен екiншi тараптан Араб Экономикалық Дамуының Кувейттiк Қоры (бұдан әрi - "Қор") арасындағы 1999 жылғы 30 қазандағы Келiсiм;
Кувейт Мемлекетiнiң Үкiметке осы Келiсiмнiң 1-тiзбесiнде сипатталған Жаңа Yкiметтiк Ғимарат Құрылысы Жобасын (бұдан әрi - "Жоба") қаржыландыру кезiнде пайдалану үшiн он миллион (10.000.000,00) Америка Құрама Штаттары доллары көлемiнде грант беруге келiскендiгін назарға ала отырып;
Кувейт Мемлекетi мен Үкiмет Жоба Грантын басқару жөнiндегi мiндеттердi Қорға жүктеуге келiскендiгiн назарға ала отырып;
Үкiмет қаржыландыру жоспарына сәйкес Жобаның құнын қаржыландыруды
аяқтау үшiн қажет болатын осындай сомаларды бұдан былай да қамтамасыз
еткiсi келетiндiгін назарға ала отырып;
Осылайша, Тараптар төмендегiлер туралы келiсті:
I Бап
Грант
1.01. Осымен Үкiмет Грант болып саналатын он миллион (10.000.000,00)
Америка Құрама Штаттары доллары сомасының осы Келiсiмде баяндалған
талаптарға сәйкес Жобаны қаржыландыруға пайдаланылатындығына қатысты өз
келiсiмiн бiлдiредi.
1.02. Грант сомаларын қайтарып алуды Грант сомасынан қаржыландыру
қажет болатын осы Келiсiмнiң талаптарына және келiсiм-шарттарға сәйкес Қор
жүргізетiн болады.
II Бап
Жобаны жүзеге асыру
2.01. Yкiмет Жобаны жүзеге асыру үшiн Грантқа қосымша қажет болатын барлық басқа қаржы қаражаттарын уақтылы қамтамасыз етедi.
2.02. Үкiмет жобалауды орындауды және жобаға бақылау жасауды инженерлiк компанияға және Жобаның орындалуын құрылыс Мердiгерiне жүктейдi; мұндай Консультант және Мердiгер, сондай-ақ олардың тағайындалу шарттары Тараптар арасында келiсiлуi қажет.
2.03. Үкiмет жабдықтар мен құрылғыларды әкелудi қоса алғанда, бiрақ онымен шектелiп қалмай, жобаның жедел орындалуы жөнiнен барлық қажеттi шараларды қолданады.
2.04. Үкiмет жаңа үкiметтiк ғимарат құрылысы үшiн талап етiлетiн жер учаскесiн Мердiгерге уақтылы беруге мiндеттенедi.
2.05. Үкiмет пен Қор Грант мақсаттарына қол жеткiзуді кепiлдендiру үшiн тығыз байланысатын болады. Осы мақсатта, Үкiмет пен Қор өздерiнiң өкiлдерi арқылы Жоба мақсаттарына жататын мәселелер бойынша мезгiл-мезгiл пiкiр алмасып отыратын болады, Үкiмет Грант мақсаттарына қол жеткiзуге кедергi келтiретiн немесе кедергі келтiруi мүмкiн кез келген жағдайлар туралы Қорға уақтылы хабарлап отыратын болады.
2.06. Үкiмет Қордың уәкiлетті өкiлдерiне олардың Грантқа қатысты мақсаттағы сапарлары үшiн және Жобаны, оған қатысты материалдарды және кез келген басқа да жазбалар мен құжаттарды инспекциялауына қолайлы жағдайлар жасайды.
2.07. Үкiмет Жобаны жүзеге асыруға жұмылдырылған Мердiгерлер мен Консультанттарды, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын тұлғалардан тұратын қызметкерлерiн олардың Жобаны жүзеге асыру жөнiнен орындаған қызметтерiне байланысты алатын кiрiстерiне қатысты Қазақстан Республикасының заңында белгіленген салықтың кез келген түрiнен және кез келген тарифтi, төлемдердi, кедендiк баж салығын, импортқа салықты және осы қызметкердiң немесе олардың отбасы мүшелерінің жеке пайдаланулары үшiн Қазақстан Республикасына әкелiнетiн немесе одан шығарылатын жеке немесе үй мүлiктерiне салынатын басқа да осындай салықтар мен төлемдердi төлеуден босатады.
Жобаның орындалуына байланысты әкелiнетiн тауарлар, жеткiзiлiмдер және басқа меншiк Қазақстан Республикасының заңында белгiленген барлық салықтардан, төлемдер мен кедендiк баж салықтарынан босатылатын болады.
2.08. Грант сомасынан қаржыландырылған тауарлар сенiмдi сақтандырушылармен сақтандырылуы қажет. Мұндай сақтандыру сатып алуға және тауарларды Үкiмет аумағына әкелуге және одан әрi Жоба объектiсiне жеткiзуге тән теңiздiк, транзиттiк және басқа қауiп-қатерлердi жабатын болады және қалыпты коммерциялық тәжiрибеге сәйкес келетiн сомада болады. Мұндай сақтандыру төлемi сақтандырылатын тауарлардың құны номиналданған валютамен немесе еркiн айырбасталымдағы валютамен төленуге жатады.
Жобаны жүзеге асыруға қатысты барлық қауiп-қатерлер сенiмдi сақтандырушылармен қалыпты коммерциялық тәжiрибеге сәйкес келетiн сомада сақтандырылатын болады.
2.09. Қордың барлық құжаттарын, жазбаларын, хат-хабарларын және осы iспеттес материалдарын Үкiмет құпия сипаттағы құжаттар деп қарауы қажет. Үкiмет жарияланымдарды цензурадан өткiзуге және бақылау жасауға қатысты Қорға толық қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етедi.
2.10. Қордың қаражаттары мен кiрiстерi национализациялануға, тәркiленуге және алып қоюға жатпайды.
III Бап
Басқа талаптар
3.01. Берiлуi осы Келiсiмге сәйкес талап етілетiн немесе рұқсат етiлетiн кез келген мәлiмдеме немесе өтiнiш жазбаша нысанда жазылуы қажет. Мұндай мәлiмдеме немесе өтiнiш, егер олар қолма-қол немесе пошта, телекс, жеделхат, факс немесе оларды алуға уәкiлеттi тарапқа кабель арқылы осы Келiсiмде көрсетiлген мекенжай бойынша немесе бiр тарап осы мәлiмдеменi берген немесе өтiнiштi жасаған екiнші тарапқа хабарлаған басқа мекенжай бойынша жеткiзiлсе, мұндай мәлiмдеме немесе өтiнiш жасалған немесе уақтылы берiлген болып қаралады.
3.02. Үкiмет тарапынан осы Келiсiмге сәйкес жасалуы тиiс кез келген iс-әрекеттi және орындалуы талап етiлетін немесе рұқсат етiлетiн кез келген құжатты Сыртқы iстерiнiң бiрiншi вице-министрi немесе ол жазбаша нысанда уәкiлеттiк берген басқа адамның қолға алуы немесе орындауы мүмкiн. Осы Келiсiм ережелерiне енгiзiлген кез келген өзгерiстер немесе
толықтырулар Үкiмет тарапынан оның жоғарыда аталған өкiлiмен немесе ол
жазбаша нысанда уәкiлеттiк берген басқа адаммен келiсiлуi мүмкiн.
IV Бап
Күшiне енуi
4.01. Үкiмет осы Келiсiмнiң жасалуын барлық талап етiлетiн
iс-қимылдарымен уақтылы уәкiлеттендiргендiгi және бекiткендiгi туралы
Қорға қанағаттанарлық дәлелдеме тапсырылған уақытқа дейiн осы Келiсiм
күшiне енбейдi.
V Бап
Анықтама
5.01. Контекспен басқа жайлар түсiндiрiлетiн жағдайлардан басқа кезде, мынадай терминдер осы Келiсiм мен Тiзбенiң қай жерiнде қолданылса да мынадай мәнге ие:
(1) "Жоба" терминi осы Келiсiмнiң 1-тiзбесiнде сипатталғандай және егер сипаттамаға Қордың және Үкiметтiң келiсiмiмен мезгiл-мезгiл түзетулер енгiзiлiп отыратын жағдайда Грант бөлiнген жобаны бiлдiредi.
(2) "Материалдар" терминi Жоба бойынша талап етiлетiн жабдықтарды,
жеткiзiлiмдердi және көрсетiлетiн қызметтердi білдiредi. Материалдардың
құнына қай жерде сiлтеме жасалса да, осы құн әлгi материалдардың Үкiметтiң
аумағына енгiзілуiнiң құнын өзiне енгiзуi қажет.
3-баптың 1-тармағы үшiн төмендегі мекенжайлар белгiленген:
Yкiмет үшiн:
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi.
Қазақстан Республикасы, Астана, Бейбiтшілiк көшесi 10
Кабельдiк байланыстар мен телекстер үшiн балама мекен-жайлар:
Телеграф Телекс Факс
(7-3172) 327567
Қор үшiн:
Араб Экономикалық Дамуының Кувейттiк Қоры
Пошта жәшiгi 2921, Сафат
Кувейт-13030
Кабельдiк байланыстар мен телекстер үшiн балама мекен-жайлар:
Телеграф Телекс Факс
ALSUNDUK 22025 ALSUNDUK (965) 2419091
KUWAIN 22613 KRAED KT (965) 2436289
Жоғарыда баяндалғандарды қуаттай отырып, тараптар өздерiнiң ресми
өкiлдерi арқылы осы Келiсiмге әрқайсысы түпнұсқа болып есептелетiн үш
данада қол қойды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Қазақстан Республикасы Араб Экономикалық Дамуының
үшiн Кувейттiк Қоры үшiн
қолы қолы
Қазақстан Республикасының
Кувейт Мемлекетiндегi Елшiсi
(Уәкiлеттi Өкiл) ____________________
(Уәкiлеттi Өкiл)
N 1 қоса берiлiп отырған хат
Қазақстан Республикасы
Күнi: 30.10.1999 ж.
Араб Экономикалық Дамуының Кувейттік Қоры
2921 пошта жәшiгi, Сафат
Кувейт, 13030
Құрметтi мырзалар,
Тақырып: Гранттан қаржыландырылуға жататын материалдардың
тiзбесi - Жеткiзiлiм рәсiмi
Бiз дәл бiр күнi өзiмiз қол қойған "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Араб Экономикалық Дамуының Кувейттiк Қоры арасындағы жаңа үкiметтік ғимарат құрылысы жобасына арналған грантты пайдалану жөнiндегі келiсiмге" сiлтеме жасаймыз және Гранттың сомасынан қаржыландыруға жататын пункттердi, әрбiр пунктке бөлiнген сомаларды және әрбiр пунктке қатысты қаржыландырылатын шығыстардың проценттiк қатынасын көрсететiн "Материалдар тiзбесiн" қоса берiп отырмыз. Бiз Грант қаражатының ешқандай жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарымен салынатын немесе оның аумағында қолданылып жүрген алымдар мен салықтарды төлеу үшiн пайдаланылмайтындығын растаймыз.
Сондай-ақ, егер бiздiң арамызда керiсiнше келiсiм болмаса, онда Гранттан қаржыландыруға жататын пункттердi жүзеге асыру конкурстық негiзде өткiзілетiндiгiн қуаттаймыз.
Грант жөнiндегі Келiсімнiң 2-бабының 1-тармағына сiлтеме жасай отырып, құрылыс жобасы бойынша ақыл-кеңес беру қызметтерiн көрсетудi қарау кезiнде олар алдын ала және түпкiлiктi жоба әзiрлеудi, Үкiмет пен Қордың мақұлдауын алуды, құрылыстық тендерлiк құжаттаманы әзiрлеудi, Қордың келiсiмiмен құрылыс мердiгерiнiң таңдауы үшiн тендер рәсiмдерiн сақтауды және құрылысқа бақылау жасауды өздерiне енгізуге тиiстi екендiктерiн атап өтемiз. Мұндай қызмет көрсететiн консультантты таңдауды Қор өз ұсыныстарын Қазақстан консультанттарымен бiрлескен кәсiпорындарда ұсынатын Кувейт консультанттарының қысқаша тізiмiнен конкурстық негізде жүргiзетiн болады. Қазақстандық консультанттардың қысқаша тiзiмiн Үкiмет әзiрлеуге және оны Қорға жолдауға тиiс.
Құрылыс жобасына қатысты мәселеге келсек, оны Қордың мақұлдауымен конкурстық негiзде консультант таңдайтын мердiгер жүргiзетiн болады. Құрамында бiрiншi санатты кувейттiк құрылыс мердiгерлерi және қазақстандық мердiгерлер бар бiрлескен кәсiпорындардан ғана өтiнiштер қабылданатын болады. Осы мақсатта Грант алушы бiлiктiлiк деңгейiн көрсете отырып, қазақстандық мердiгерлердiң тiзiмiн беруге тиiстi.
Гранттан қаржыландырылуға жататын кез келген келiсiм-шартқа қол қою
кезiнде оның тиiстi көшiрмелерi бақылау және есептiк құжаттама үшiн бiзге
жолданылуы қажет.
Хатпен бiрге қоса берiлiп отырған көшiрмедегi қуаттау нысанына қол
қоя отырып, жоғарыда аталған және қоса беріліп отырған "Материалдар
тiзбесiне" Сiздiң өз келiсiмiңiздi білдiруіңіздi сұраймыз және Сiзден
оларды бiзге қайтаруыңызды өтiнемiз.
Қазақстан Республикасы
қолы
Қазақстан Республикасының
Кувейт Мемлекетiндегi Елшiсi
__________________________
(Уәкiлеттi Өкiл)
Бекiтемiн
Араб Экономикалық Дамуының
Кувейттiк Қоры
қолы
(Уәкiлеттi Өкiл)
1-тізбе
Жобаның сипаттамасы
Жоба Астана қаласындағы Кенесары көшесi мен Әуезов көшесiнiң қиылысында орналасқан көп функционалды үкiметтiк әкiмшiлiк ғимараттың құрылысынан тұрады. Ғимарат шамамен 10000 шаршы метр аумақты алуы тиiс және шамамен 12500 шаршы метр алаңы болады.
Жоба мынадай бөлiктерден тұрады:
1. Қазiргi бар жоспарды тексеру және түрлендiру мақсатында консультациялық қызметтер, қазiргі бар құрылыстың жоспармен сәйкестiгiн тексеру, егжей-тегжейлi инженерлiк жоспар мен тендерлiк құжаттарды әзiрлеу, Жоба құнының белгіленген бюджеттен аспайтындығын тексеру және құрылысқа бақылау жасау;
2. Барлық приборлық құралдардың жеткiзiлімiн, инсталляциялануын
және анықталуын қоса алғанда, ғимарат құрылысы бойынша инженерлiк-құрылыс
жұмыстары;
3. Жеткiзiлуiн, орнатылуын және барлық орнатылған аппаратураларға
сынақ жүргiзiлуiн қоса алғанда, барлық белгiленген пункттердiң орталық
инсталляциялануы мен анықталуын қоса алғанда, орталық жылу беру мен
кондиционерлердi қоса алғанда, құрылысқа арналған электромеханикалық
жұмыстар.
Жоба 2001 жылдың аяғында бiтетiн болады деп күтiлуде.
Жоба бойынша көрсетілетін қызмет пен
материалдардың тізбесі
N Пункттер Грант қаражатын Пункттің жалпы
АҚШ долларымен құнының проценттiк
бөлу қатынасы
1. Консалтингтiк қызметтер 1 000 000 100
2. Құрылыс жұмыстары және 8 000 000 100
жеткiзiлiмдер
3. Орналастырылмаған 1 000 000
шығыстар
Жиыны 10, 000, 000
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.