Мұнайгаз секторының кейбiр мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 22 қаңтар N 113

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңдарда белгіленген тәртiппен:
      1) "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы" мүлкiнiң (активтерiнiң) құрамынан "Мұнай Импекс" ЭИФ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгінің жарғылық капиталының 99 пайызы мөлшерiндегi "Мұнай Импекс" ЭИФ" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгiнiң үлесiн бөлiп шығаруды;
      2)
      3)
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2),3)-тармақшалары алып тасталды - ҚР Үкіметінің
               2001.05.02. N 591 қаулысымен. P010591_
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртiппен:
      1) "Маңғыстаумұнайгаз" және "Өзенмұнайгаз" акционерлiк қоғамдарымен Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Оман Сұлтанаты Үкiметiнiң арасында 1992 жылғы 18 қаңтарда қол қойылған Кредиттiк келiсiм (бұдан әрi - Кредиттiк келiсiм) бойынша кредиторлық берешектi осы қоғамдардың өтеуiн, сондай-ақ көрсетілген қоғамдардың Кредиттiк келiсiм бойынша Оман Сұлтанаты Үкiметiнiң алдындағы жалпы кредиторлық берешектегi үлестерiн белгілеудi көздейтiн шарттар жасассын;
      2) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және "Маңғыстаумұнайгаз" және "Өзенмұнайгаз" акционерлiк қоғамдарымен бiрлесiп екi ай мерзiмде банк пайыздарын ескере отырып қалған кредиторлық берешектi өтеудiң кестесiн әзiрлесiн және бекітсiн және осының негiзінде Оман Сұлтанаты Үкiметiмен Кредиторлық келiсiмге тиiстi түзетуге қол қою үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдасын;
      3) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп төртiншi тоқсанның қорытындылары бойынша осы қаулының атқарылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне толық ақпарат тапсырсын.
      3. Қазақстан Республикасының кейбiр шешiмдеріне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" акционерлiк қоғамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 наурыздағы N 410 P970410_ қаулысында:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшадағы:
      "Мұнай-Импекс ЭИФ" ЖШС" 100" деген жол алынып тасталсын;
      2) "Республикалық меншiкте тұрған ұйымдарда акциялардың мемлекеттiк

 

пакеттері мен мемлекеттiк үлестердi иелену және пайдалану жөнiндегi

құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы

27 мамырдағы N 659 


P990659_


  қаулысында;

     көрсетiлген қаулыға қосымшада, "Қазақстан Республикасының Энергетика,

индустрия және сауда министрлiгi" тарауында:

     реттiк нөмiрi 42-жол алынып тасталсын.

     4. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастан күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.         





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады