Астана қаласында "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық әскери клиникалық госпиталі" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 2 ақпан N 147


      Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери емдеу-профилактикалық мекемелерінің кешенін құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық әскери клиникалық госпиталі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Әскери госпиталь) құрылсын.
      2. Астана қаласы әкімінің "Астана қаласының қалалық денсаулық сақтау басқармасы қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараттарын, құрылыстарын, медициналық жабдықтары мен жарақтандырылуының бір бөлігін (бұдан әрі - Мүлік) Әскери госпитальға беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен Астана қаласының әкімімен келісім бойынша 2000 жылдың 1 наурызға дейін мерзімде осы қаулының 2-тармағында көрсетілген Мүлікті Астана қаласы әкімінің коммуналдық меншігінен Әскери госпитальдың жедел басқару құқығында қабылдап алуы-беруі жөніндегі қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен Әскери госпитальды республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери емдеу мекемелері үшін көзделген қаражаттың шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
      1) Әскери госпитальдың жарғысын бекітсін және оны мемлекеттік

 

тіркеуді қамтамасыз етсін;

     2) Әскери госпитальдың қызметкерлерін жасақтауды олар мүлікті беруге

байланысты босаған жағдайда қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасы

медициналық қызметкерлерінің есебінен жүзеге асырсын;

     3) госпиталь төсектерінің 20 процентін тегін негізде қаланың азаматтық

тұрғындарын емдеу үшін пайдалансын;

     4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                              






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады