Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы N 882 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 7 ақпан N 177. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.05.20. N 565 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Шаруашылық серіктестіктерінде мемлекеттің атынан акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және мемлекеттік қатысудың үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы N 882  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 29, 285-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
     1) 1-тармақта:
     бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     1. "Министрліктер мен агенттіктер шаруашылық серіктестіктерінде мемлекеттің атынан акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және мемлекеттік қатысудың үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыру кезінде:";
     мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
     "4-1) қосымшаға сәйкес Комитетке ақпарат беруді қамтамасыз етсін";
     осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын;
     2) 2-тармақ "салалық министрліктер" деген сөздерден кейін "(өзге де мемлекеттік органдар)" деген сөздермен толықтырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы           
Үкіметінің 2000 жылғы            
7 ақпандағы N 177              
қаулысына қосымша              
Қазақстан Республикасы            
Үкіметінің 1999 жылғы             
29 маусымдағы N 882              
қаулысына қосымша               

    Министрліктер мен агенттіктердің Қазақстан Республикасы 

    Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру  
                  комитетіне ақпарат беруінің
                            кестесі  ____________________________________________________________________
N !              Ақпарат                       !Беру мерзімдері
   !                                            !
____________________________________________________________________

1. Акционерлік қоғамдардың (шаруашылық серіктес.  жыл сайын, 
   тіктерінің) акционерлері (қатысушылары) жалпы  жиналыс
   жиналыстарының шешімдері                       өткізілгеннен
                                                  кейін 5 күннің
                                                  ішінде 

2. Тексеру комиссияларының қорытындылары          жыл сайын, өткі.
                                                  зілгеннен кейін 5
                                                  күннің ішінде

3. Аудит жүргізудің нәтижелері                    жыл сайын, аудит
                                                  жүргізілгеннен
                                                  кейін 5 күн.
                                                  нің ішінде 

4. Акционерлік қоғамдардың (шаруашылық серіктес.  өткізілуіне орай,
   тіктерінің) акционерлері (қатысушылары) ке.    жиналыс
   зектен тыс жалпы жиналыстарының шешімдері      өткізілгеннен
                                                  кейін 5 күннің
                                                  ішінде 

5. Директорлар кеңесі отырысының шешімі           өткізілуіне орай, 
                                                  отырыстан кейін 7
                                                  күннің ішінде

6. Соттың шешімі (айқындамасы) (олар болған жағ.  соттың шешімін
   дайда)                                         (айқындамасын)
                                                  алғаннан кейін 3
                                                  күннің ішінде

7. Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне (мемле.    тоқсан сайын,  
   кеттің қатысу үлесіне) дивидендтерді (табыс.   келесі айдың
   ты) аудару туралы мәлімет                      5-күніне дейін

8. Акционерлік қоғамдардың (шаруашылық серіктес.  шарттарға қол
   тіктерінің) өздері жасайтын ірі мәмілелердің   қойылғаннан кейін
   барлық түрлері бойынша шарттардың көшірмелері  5 күннің ішінде 

9. Акционерлік қоғамдардың (шаруашылық серіктес.  жарты жылдық, жыл
   тіктерінің) қаржы-шаруашылық қызметі туралы    аяқталғаннан
   жедел есептілік                                кейін 45 күннің
                                                  ішінде 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады