1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығын мерекелеудің бағдарламасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 10 ақпан N 202

      "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қазандағы N 1629 P991629_ қаулысының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығын мерекелеудің бағдарламасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша белгіленген тәртіппен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған мерекелік белгілер мен ескерткіш сыйлықтарды дайындау жөніндегі шығыстардың сомалары мен қаржыландыру көздері жөнінде ұсыныс енгізсін.
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша белгіленген тәртіппен Астана қаласында әскери парад өткізуге арналған шығыстардың сомалары мен қаржыландыру көздері жөнінде ұсыныстар енгізсін.
      Жеңістің 55 жылдығын мерекелеу жөніндегі басқа да республикалық

 

іс-шараларды қаржыландыру 2000 жылға арналған бюджетте тиісті мемлекеттік

мекемелерге - бағдарламалардың әкімшілеріне көзделген қаражаттың есебінен

және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

     3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне Жеңістің

55 жылдығын мерекелеу жөніндегі тиісті аумақтық бағдарламаларды

қаржыландыру тапсырылсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                             2000 жылғы 10 ақпандағы

                                                 N 202 қаулысымен

                                                    бекітілген



       1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығын     

                          мерекелеудің бағдарламасы


---------------------------------------------------------------------------

N    Іс-шаралардың атауы      Іске асырылу  Атқарылуы үшін   Іске асырылу

                                нысаны       жауаптылар       мерзімдері

---------------------------------------------------------------------------

1. Астана қаласында Ұлы Отан  Бұйрықтар,   Қорғанысмині,      2000 жылдың

   соғысындағы Жеңістің 55     шешімдер    облыстардың,        9 мамыры

   жылдығын мерекелеудегі                  Астана және Алматы

   әскери парад және Қазақстан             қалаларының әкімдері,

   Республикасының  облыстары.             ардагерлер кеңестері

   нан келген ардагерлердің                (келісім бойынша)

   шеруі   

---------------------------------------------------------------------------

2. Ел қалаларындағы салтанат. Бұйрықтар,   Қорғанысмині,      2000 жылдың

   ты жиналыстар мен концерт.  шешімдер    облыстардың,        9 мамыры

   тер, жергілікті гарнизондар             Астана және Алматы

   жауынгерлерінің парады, со.             қалаларының әкімдері

   ғыс ардагерлері мен тыл ең.             

   беккерлерінің мерекелік шеруі

---------------------------------------------------------------------------

3. Соғыс ардагерлеріне салта. Бұйрықтар,   Министрліктердің   2000 жылдың

   натты жағдайда "1941-1945   шешімдер    басшылары,           мамыры

   жылдардағы соғыстың арда.               облыстардың,        

   гері" мерейтойлық белгіле.              Астана және Алматы

   рін, ескерткіш сыйлықтар                қалаларының әкімдері

   тапсыру

---------------------------------------------------------------------------

4. Ескерткіштер мен обелиск.  Бұйрықтар,   Облыстардың, Астана  2000 жылдың

   лерге,Отанымыздың бостан.   шешімдер    және Алматы қалала.  мамыры

   дығы мен тәуелсіздігі үшін               рының әкімдері,ми.

   қаза тапқан Ұлы Отан соғысы             нистрліктердің бас.

   жауынгерлерінің бауырластар             шылары,ардагерлер

   зираттарына гүл  дестелерін             кеңестері (келісім

   қою                                     бойынша)

---------------------------------------------------------------------------

5. Қазақстан делегациясының   Бұйрықтар,   Қорғанысмині,СІМ,   2000 жылдың

   Мәскеу қаласында Ұлы Отан   шешімдер    ҚР ардагерлер ұй.    9 мамыры

   соғысындағы Жеңістің 55                 ымдарының орталық

   жылдығын мерекелеуге қаты.              кеңесі (келісім

   суын ұйымдастыру                        бойынша),облыстардың,

                                           Астана және Алматы

                                           қалаларының әкімдері

---------------------------------------------------------------------------

6. Мемлекеттер басшыларының   Бұйрықтар,   Қорғанысмині,СІМ,ҚР  2000 жылдың

   (Ресей,Беларусь,Украина,    шешімдер    ардагерлер ұйымдары.   мамыры

   Германия)шешімі бойынша                 ның орталық кеңесі

   қазақстандық делегациялар.              (келісім бойынша),

   дың ұрыстар болған жерлер.              облыстардың,Астана

   де болуын ұйымдастыру                   және Алматы қалала.

                                           рының әкімдері

---------------------------------------------------------------------------

7. 1941-1945 жылдардағы Ұлы   Бұйрық       Еңбекәлеуметмині     2000 жылдың

   Отан соғысындағы Жеңістің                                     1 тоқсаны

   55 жылдығына арналған ес.

   керткіш сыйлықтар мен бел.

   гілерді дайындауға тапсыры.

   старды орналастыру    

---------------------------------------------------------------------------

8. Ұлы Отан соғысының ардагер. Бұйрық      Мәдениетақпаратмині  2000 жылдың

   леріне тапсыру үшін Қазақ.                                     сәуірі

   стан Республикасының Прези.

   денті Н.Ә. Назарбаевтың

   "Тарих толқынында" атты кі.

   табын жеткілікті тиражбен

   басып шығару    

---------------------------------------------------------------------------

9. 1941-1945 жылдардағы Ұлы   Директорлар  Ұлттық Банк (келісім 2000 жылдың

   Отан соғысындағы Жеңістің  кеңесінің         бойынша)         1 тоқсаны

   55 жылдығына арналған ме.  қаулысы

   рейтойлық монеталар шығар.

   уды ұйымдастыру         

---------------------------------------------------------------------------

10.1941-1945 жылдардағы Ұлы   Бұйрық       Көліккоммині         2000 жылдың

   Отан соғысындағы Жеңістің                                     1 тоқсаны

   55 жылдығына арналған поч.

   та маркаларын шығаруды

   ұйымдастыру 

---------------------------------------------------------------------------

11.1941-1945 жылдардағы Ұлы   Бұйрық       Мәдениетақпаратмині  2000 жылдың

   Отан соғысындағы Жеңістің                                     1 тоқсаны

   55 жылдығына арналған күн.

   тізбелер,плакаттар,буклет.

   тер және басқа да полигра.

   фиялық өнімдерді шығаруды

   ұйымдастыру 

---------------------------------------------------------------------------

12.1941-1945 жылдардағы Ұлы    Шешімдер   Облыстардың,Астана   2000 жылдың

   Отан соғысында қаза тап.               және Алматы қалала.     сәуірі

   қандар мен хабарсыз кеткен.            рының әкімдері

   дердің Зерде кітабын шығару

   жөніндегі жұмысты аяқтау,

   соғыс ардагерлерін аймақтық

   деңгейде әлеуметтік қолдау.

   дың қосымша шараларын көздеу    

---------------------------------------------------------------------------

13.1941-1945 жылдардағы Ұлы    Бұйрық       Мәдениетақпаратмині    Ұдайы

   Отан соғысындағы Жеңістің                                    

   55 жылдығына дайындық пен

   оны өткізу жөніндегі іс-

   шараларды бұқаралық ақпа.

   рат құралдарында кеңінен

   беруді қамтамасыз ету  

---------------------------------------------------------------------------

14."Хабар" және "Қазақстан-1"  Бұйрық    Мәдениетақпаратмині  2000 жылдың

   телеарналарында 1941-1945                                  наурыз-сәуір

   жылдардағы Ұлы Отан соғысы                                 мамыр айлары

   оқиғаларына арналған фильм.

   дерді ретроспективалық көр.

   сетуді ұйымдастыру  

---------------------------------------------------------------------------

15.Қазақстан суретшілерінің   Бұйрық,    Мәдениетақпаратмині, 2000 жылдың 

   1941-1945 жылдардағы Ұлы    шешім     Облыстардың,Астана   наурыз-сәуір

   Отан соғысындағы Жеңістің             және Алматы қалала.  мамыр айлары

   55 жылдығына арналған көр.            рының әкімдері

   мелерін ұйымдастыру

---------------------------------------------------------------------------

16."Патриот" республикалық    Бұйрық,    Мәдениетақпаратмині, 2000 жылдың 

   акциясын өткізудің шеңбер.  шешім     Қорғанысмині,        сәуір-мамыр

   інде,Жеңіс күніне арналған            Облыстардың,Астана     айлары    

   әскери-патриоттық солдат              және Алматы қалала.              

   әндерінің фестивалін өткі.            рының әкімдері

   зу

---------------------------------------------------------------------------

17.Оқу орындары мен елді      Бұйрықтар, Білімғылыммині,      2000 жылдың

   мекендерде Жеңіс күніне     шешімдер  Турспортагенттігі,   сәуір-мамыр

   арналған тәрбиелік-наси.              облыстардың,Астана     айлары

   хаттық,мәдени-сауықтық,               және Алматы қала.

   спорттық-көпшілік іс-                 ларының әкімдері

   шараларды ұйымдастыру  

---------------------------------------------------------------------------

18.Ұлы Отан соғысының ар.     Шешім      Облыстардың, Астана   2000 жылдың

   дагерлеріне,мүгедекте.                және Алматы қала.      сәуірі

   ріне және онда қаза                   ларының әкімдері

   тапқан жауынгерлердің

   жесірлеріне бір жолғы

   материалдық көмек беру

   шараларын белгілеу 

---------------------------------------------------------------------------



     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Омарбекова А.Т.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады