"Екібастұзөнеркәсіпсервис" ААҚ-ның иелігіндегі шектеулі мүліктің бір бөлігін сату жөніндегі мамандандырылған ашық аукционды өткізудің ерекше тәртібі мен шарттары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 ақпан N 217. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.06. N 497 ~P020497 қаулысымен.

      "Екібастұзөнеркәсіпсервис" ААҚ-ның Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәнін ескере отырып, "Заңды тұлға - салық төлеушінің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мемлекет алдындағы берешегіне байланысты салық қызметі органдары тыйым салған мүлікті сату жөнінде мамандандырылған ашық аукцион өткізудің тәртібі мен шарттары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 шілдедегі N 952 P950952_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 272-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Екібастұзөнеркәсіпсервис" ААҚ-ның иелігіндегі Екiбастұз жүк тиеу-көлiк басқармасының мүлiктiк кешенiнiң ("Трудовая" және "Ударная" станцияларын қоса алғанда) шектеулi мүлкін (бұдан әрі - Мүлік) салық қызметі органдары сатуының мыналарды көздейтін ерекше тәртібі мен шарттары, сондай-ақ мамандандырылған ашық аукционға қатысушыларға талаптар белгіленсін:
      1) Мүлікті тиісті комиссия бастапқы құнын айқындаған соң бірнеше лоттармен сату;
      2) сауда-саттыққа қатысу үшін аванс кемінде 10 млн. теңгені құрауы тиіс;
      3) сатылған мүлік үшін есеп айырысудың түпкілікті мерзімі

 

сауда-саттық өткізілген күннен бастап 3 банктік күннен артық болмауы тиіс;

     4) мынадай:

     мемлекеттік бюджеттің алдында мерзімі өткен борыштары жоқ;



     темiр жол тасымалдары саласында кемiнде 5 (бес) жыл жұмыс тәжiрибесi

мен рұқсат ету құжаттарының немесе жылына 5 (бес) миллион тонна темiр жол

тасымалдары көлемiмен тау-кен өндiру саласында жұмыс тәжiрибесi мен рұқсат

ету құжаттары бар.



     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.21. N 424          

               қаулысымен. 


P000424_
 


     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



     Оқығандар:

   Омарбекова А.Т.

   Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады