Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды интеграциялау жөніндегі кейбір шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 14 ақпан N 236

      Алуан түрлі және көп функциональды білім ұйымдарын тиімді дамыту, білім мен ғылымды интеграциялаудың базасында жоғары білікті мамандарды даярлаудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. Мыналар: 
      1) қосу жолымен: 
      "Нарықтық қатынастар институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына; 
      "Оқу-ғылыми физикалық-технологиялық орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына; 
      "Аймақтық экономика проблемалары ғылыми-зертеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына; 
      "Мемлекеттік қаржы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына; 
      "Қостанай ауыл шаруашылығы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына; 
      "Мектеп жиһаздарын жасау және жөндеу жөніндегі республикалық бірлестік" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Қазақбілімжабдықтау ҚБЖ" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына; 
      2) біріктіру жолымен: 
      "Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институты", "Батыс Қазақстан аграрлық университеті", "А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары "Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорын); 
      "Қазақ мемлекеттік көркем-сурет академиясы" және "Т. Жүргенов атындағы қазақ мемлекеттік театр және кино институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары "Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорын); 
      "Қазақ мемлекеттік заң университеті" және "Мемлекет және құқық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары "Қазақ мемлекеттік заң академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорын) қайта ұйымдастырылсын. 

      2. Кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы: 
      1) қоғамның жоғары білімді мамандарға сұранысын қанағаттандыру; 
      2) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді, тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу және олардың нәтижелерін практикаға енгізу болып айқындалсын. 

      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін. 

      4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен: 
      1) Кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін және оларды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 
      2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын. 

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады