"БанкЦентрКредит" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін сатудың нысандары мен әдісін айқындау жөнінде комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 15 ақпан N 249

      "Мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің және басқарудың тиімділігін

 

арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы N 683 


P990683_



қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 25, 234-құжат)

сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1. Мына құрамда  "БанкЦентрКредит" ашық акционерлік қоғамы

акцияларыының мемлекеттік пакетін сатудың нысандары мен әдісін айқындау

жөнінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын:


     Есенбаев Мәжит                   - Қазақстан Республикасының

     Төлеубекұлы                        Қаржы министрі, төраға


     Раханов Мақсұтбек                - Қазақстан Республикасының

     Смағұлұлы                          Қаржы Министрлігі Мемлекеттік

                                        мүлік және жекешелендіру

                                        комитетінің төрағасы, төрағаның

                                        орынбасары


     Аханов Серік                     - Қазақстан Республикасының

     Ахметжанұлы                        Экономика бірінші вице-министрі


     Тәжияқов Бисенғали               - Қазақстан Республикасының Ұлттық

     Шамғалиұлы                         Банкі төрағасының орынбасары

                                        (келісім бойынша)


     Кұлынов Үміт                     - Қазақстан Республикасы Бағалы  

     Жаудатұлы                          қағаздар жөніндегі ұлттық

                                        комиссиясының мүшесі - атқарушы

                                        директоры (келісім бойынша)


     Әмірин Асқар                     - Қазақстан Республикасы Әділет

     Кемеңгерұлы                        министрлігінің Заң департаменті

                                        директорының орынбасары


     2. Комиссия 2000 жылдың 1 наурыызына дейін мерзімде "БанкЦентрКредит"

ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін сатудың нысандары

мен әдісі жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс еңгізсін.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлігіне жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.           





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады