Қазақстан Республикасы Президентінің Астана қаласының 2000 жылғы құрылысы мәселелерін қарауының 2000 жылғы 27 қаңтардағы N 01-9/13 Хаттамасын орындау үшін, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығы құрметіне мемориал орнату мерзімінің тығыздығын ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Бір ғана қаржы көзінен сатып алу тәсілімен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығы құрметіне мемориал орнату жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы Астана қаласы әкімінің ұсынысына келісім берілсін.
2. Астана қаласының әкімі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігімен келіссін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Омарбекова А.Т.
Қасымбеков Б.А.