"Мемлекеттік қызмет туралы" Z990453_ және "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Z990493_ Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін және Мемлекеттік әкiмшiлік лауазымдар санаттарының тiзбесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 318 U990318_ және "Қазақстан Республикасы Президентiнің 1997 жылғы 1 сәуiрдегi N 3436 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2000 жылғы 6 қаңтардағы N 324 U000324_ Жарлықтарының қолдануға енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік органдардың штаттық кестелерін келісу кезiнде еңбекақы төлеу қорында жылына төрт орташа айлық жалақыны есептегенде қосымша ақыларды, үстеме ақыларды, коэффициенттер мен сыйақыларды ескере отырып (депутаттардан басқа), қызметкерлердің сауықтыруға арналған жәрдемақыны қоса алғанда орташа айлық жалақысы 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап бұрын алып жүрген 1999 жылғы орташа айлық жалақыдан төмен болған жағдайда, аталған мемлекеттік органда, сол лауазымда жұмыс істеген уақыты үшін жалақысындағы тиісті айырмашылықты көздесін.
2. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері жергiлікті
бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың еңбекақы қорында
осы қаулының 1-тармағында көрсетілген айырмашылықты көздесін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.