"Мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің және басқарудың тиімділігін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы N 683 P990683_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазтелерадио" телехабарларды, радио хабарларын тарату және радио байланысы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен "АРТБС" республикалық мемлекеттік кәсіпорны мемлекеттің 100 проценттік қатысуымен "Қазтелерадио" ашық акционерлік қоғамына (бұдан әрі - "Қазтелерадио" ААҚ) қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) "Қазтелерадио" ААҚ-ның Жарғысын бекітсін және оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2)
3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.19. N 751
қаулысымен. P000751_
Ескерту. 2)-тармақша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.11.17. N 1474
қаулысымен. P011474_
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне:
1) "Қазтелерадио" ААҚ-ның құжаттарына қол қоюға және мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуға уәкілетті адамдардың кандидатуралары;
2) "Қазтелерадио" ААҚ Директорлар кеңесінің құрамы бойынша ұсыныс табыс етсін.
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мен Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі "Қазтелерадио" ААҚ-мен және "ҚТК - Қазақстан Тарату Корпорациясы" ашық акционерлік қоғамымен бірлесіп бір ай мерзімде
Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың
бағдарламасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге
ұсынсын.
Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.19. N 751
қаулысымен.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.