"Актурбо" ашық акционерлік қоғамы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 29 ақпан N 324

      "Актурбо" ашық акционерлік қоғамының қиын қаржы-экономикалық жағдайына орай, оның маңызды стратегиялық мәнін ескере отырып, "Байерише Ландесбанк Гирозентраленің" (Германия) ұзақ мерзімді несиесі бойынша міндеттемелерді уақытында өтеуді қамтамасыз ету мақсатында, "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен "Актурбо" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Актурбо" ААҚ) банкроттығына бастамашылық етсін.
      2. "Актурбо" ААҚ-ның конкурстық массасын сатудың:
      1) "Актурбо" ААҚ-ның конкурстық массасын әкімшілік шығыстардың сомасынан төмен емес ең төменгі бағасын белгілеу арқылы аукциондық саудаластықта бірыңғай лотпен сатуды;
      2) банкроттық рәсімі кезінде өндіріс циклының үздіксіздігін сақтауды және осы мақсат үшін электр станциясының тұрақты жұмысын қаржыландыру, айналымдық қаражатты толықтыру және қажетті тауарлық-материалдық запастар жасау үшін конкурстық іс жүргізу кезеңіне әлеуетті инвесторды тартуды;
      3) конкурстық басқарушыға заңдарға сәйкес "Актурбо" ААҚ-ның үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында шарттар жасасу құқығын беруді көздейтін ерекше шарттары мен тәртібі белгіленсін.
      3. "Актурбо" ААҚ-ның конкурстық массасын сатып алушыларға мынадай қосымша талаптар:
      1) саудаластыққа қатысу үшін әкімшілік шығыстар сомасының 100 процентінен кем емес мөлшерде кепілдік жарна енгізуі;
      2) сатып алушының шетелдік кредитордың алдында "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамымен Несиелік келісімге қол қою жолымен, қосымшаға сәйкес мемлекеттік емес сыртқы заем бойынша міндеттемелерді өтеудің кестесіне сәйкес Германияның несие желісі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдемесі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша міндеттеме қабылдауы;
      3) сатып алушының конкурстық массаны сатудан түскен қаражаттың жеткіліксіздігі жағдайында бірінші, үшінші және төртінші кезектердегі кредиторлардың талаптарын өтеу жөнінде міндеттеме қабылдауы;
      4) "Актурбо" ААҚ-ның қызметкерлерімен еңбек шарттарының үзіліссіздігін қамтамасыз етуі мен сатып алушының осы шарттар бойынша мүліктік кешенінің құқықтық мұрагерлігі;
      5) қуаты 38 мегаватт булы генераторлық қондырғы құрылысының жобасын аяқтауы;
      6) "Актурбо" ААҚ-ның конкурстық массасын сатып алу үшін есеп айырысудың саудаластық өткізілген күннен бастап 15 банктік күннен кеш емес түпкілікті мерзімін белгілеуі;
      7) саудаластық өткізілген күннен бастап 7 банктік күннің ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен 1999 жылдың желтоқсаны үшін сыртқы заем бойынша төлемдердің 31188240, 65 (үш миллион жүз он сегіз мың екі жүз қырық) АҚШ доллары 65 цент мөлшеріндегі соманы кесте бойынша 2000 жылдың соңына дейін республикалық бюджетке өтеу жөніндегі келісімге қол қоюы;
      8) әлеуетті инвестордың өндірістің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін банкроттық рәсімдері кезінде шеккен бұл өндірістен алынған кірісінен артық шығындарының бір бөлігін жабу көзделсін.
      4. Тартылған инвестор саудаластықта "Актурбо" ААҚ-ның конкурстық

 

массасын сатып алған жағдайда тартылған инвестордың салынған

инвестициялары мен барлық өтелмеген шығыстары жарна төлеу мен конкурстық

массаны сатып алудың есебіне есептелсін.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                      Қазақстан Республикасы

                                           Үкіметінің

                                      2000 жылғы 29 ақпандағы

                                      N 324 қаулысына

                                            қосымша


                 Мемлекеттік емес сыртқы заем бойынша

                     міндеттемелерді өтеудің кестесі


     ___________________________________________________________________

     Валюта      Төлем      Негізгі       Проценттер        Жиыны:

                  күні       борыш        

                            _________________________

                              Сомасы       Сомасы

     ___________________________________________________________________

     USD         01.06.00   5 425 596,75   810 582,93    6 236 179,68

     USD         01.12.00.  5 425 596,75   566 431,06    5 992 027,81

     USD         01.06.01.  5 425 596,75   322 278,98    5 747 875,73

     USD         01.12.01.  1 736 163,39   78 127,36     1 814 290,95

     USD         01.06.02.  1 736 163,39        0,00     1 736 163,59

     ___________________________________________________________________

     USD                    19 749 117,43  1 777 420,33  21 526 537,76



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады