Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің кәсіпорын секторында реформалар жүргізуге, банктік қызмет көрсетулердің сапасын жақсартуға, Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің заңдылық негіздері мен ұйымдастырушылық мүмкіндіктерін нығайтуға бағытталған N 3867-KZ заемының қаражатын тиімді іске асыру мақсатында, сондай-ақ Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі мақұлдаған заемның қаражатын қайта бөлуді ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес заемның қаражатын бөлу бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заем туралы келісімде көзделген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің компоненттері бойынша барлық іс-шарларды дербес жүзеге асырады деп белгіленсін.
3. Заем туралы келісімге сәйкес заемның қаражатынан қаржыландырылатын берілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қосылған құнға салық пен кедендік төлемдерден босатылады деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірге жаңадан бөлуге сәйкес Кіші заем туралы келісімге қайта қол қойсын;
заемды іске асыруды үйлестіруді және Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің тәртібіне сәйкес тауарлар мен қызмет көрсетулерді жүргізуді бақылауды жүзеге асырсын.
5. Заемның қаражатын алушылар:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне заемның қаражатын одан әрі пайдалану туралы ұсыныс енгізсін;
бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына жауапты болсын және
заемның қаражатына алынған тауарлар мен қызмет көрсетулердің есебін
жүргізсін;
консультанттардан есеп алсын және жүргізілген жұмыстың тиімділігінің
бағасын көрсететін ілеспе хатпен бірге Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігіне жолдасын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 1 наурыздағы
N 335 қаулысына қосымша
Заемның қаражатын пайдалану бағыттары бойынша қаржы секторы мен
кәсіпорындар секторын дамытуға арналған бөлу
---------------------------------------------------------------------------
Компоненттің Мақсаттары Алушы АҚШ
атауы долларындағы
құны
---------------------------------------------------------------------------
Кәсіпорындардың Кәсіпорындар басшыларының Қазақстан Республика. 1 567 970
басшыларына ар. менеджмент, қаржы, марке. сының Экономика
налған оқу бағ. тинг және басқа салалар министрлігі
дарламасы дағы мүмкіндіктерін
нығайту
---------------------------------------------------------------------------
Кәсіпорындарды Кәсіпорындарды қайта құ. Қазақстан Республика. 1 450 000
қайта ұйымдас. руда, жекешелендіруде сының Мемлекеттік
тыру мәселелері және таратуда консульта. кіріс министрлігі
жөніндегі кон. циялық көмек көрсету.
сультациялық Өнеркәсіп секторында
топ қайта құрылымдау және
тарату рәсімін жетілдіру.
Өнеркәсіп секторында
қаржы тәртібін жетіл.
діру және салықтық ақ.
параттандыруды дамыту.
---------------------------------------------------------------------------
Медетші траст Берешегі бар кәсіпорын. Қазақстан Республика. 2 300 000
дарды басқару, қайта сының Медетші банкі
ұйымдастыру және тарату
саласына жәрдемдесу
---------------------------------------------------------------------------
Жекешелендіруді Жекешелендіру бағдар. Қазақстан Республика. 1 100 000
жүргізуге ламаларын іске асыруға сы Қаржы министрлігі.
көмектесу ықпал ету нің Мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру
комитеті
---------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаз. Бағалы қағаздар рыногын Қазақстан Республика. 200 000
дармен опера. дамытуды қолдау сының Бағалы қағаздар
циялардың ұзақ жөніндегі ұлттық
мерзімді жүйесі комиссиясы
---------------------------------------------------------------------------
Жобаларды іске Жобаны іске асыруды қол. Қазақстан Республика. 597 000
асыру саласын. дау сының Қаржы министрлігі
дағы көмек
---------------------------------------------------------------------------
Зейнетақы реф. Зейнетақы реформасын да. Қазақстан Республикасы.12 700 000
ормасын техни. мытуға және іске асыруға ның Еңбек және халықты
калық қолдау көмектесу әлеуметтік қорғау
министрлігі
---------------------------------------------------------------------------
Салық қызметін Салықтық әкімшіліктен. Қазақстан Республикасы.17 300 000
жетілдіру діруді жетілдіруге көмек. ның Мемлекеттік кіріс
тесу министрлігі
---------------------------------------------------------------------------
Жобаны дайын.
дауға арналған
аванстарды өтеу
---------------------------------------------------------------------------
Коммерциялық Қаржылық секторды дамы. Қазақстан Республикасы.22753 000
банктердің туға қолдау көрсету ның Ұлттық Банкі
жүйесін дамыту,
жергілікті жер.
лерде банктік
қадағалау инсти.
туттарын құру,
ұзақ мерзімді
төлем жүйесі,
жобаларды іске
асыруға көмек.
тесу
---------------------------------------------------------------------------
Резервтік қор 2 000 000
---------------------------------------------------------------------------
Заем бойынша 62 000 000
Жиыны:
---------------------------------------------------------------------------
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.