Қазақстан Республикасының аумағында Мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеуді күшейту жөніндегі бағдарлама туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 2 наурыз N 339

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1. Қоса беріліп отырған мыналар бекітілсін:

     Қазақстан Республикасының аумағында Мұнай өнімдерінің айналымын

мемлекеттік реттеуді күшейту жөніндегі бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама).

     Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі.

     2. Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі орталық және жергілікті

атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру үшін қосымшаға сәйкес

ведомствоаралық топ құрылсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                             2000 жылғы 2 наурыздағы

                                           N 339 қаулысымен бекітілген





                         Қазақстан Республикасының

                  аумағында мұнай өнімдерінің айналымын

                  мемлекеттік реттеуді күшейту жөніндегі

                               бағдарлама



                             М А З М Ұ Н Ы


     ПАСПОРТЫ


     1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ


     1.1. Кіріспе

     1.2. Мұнай өнімдері рыногының ерекшеліктері және проблеманы талдау


     2. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ ІС-ШАРАЛАРЫ


     2.1. Мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеудің негізгі       

          тетіктері

     2.2. Салық салуды жетілдіру

     2.3. Бензин мен дизельдік отын айналымын бақылау жүйесін жасау

     2.4. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру

     2.5. Аймақтық саясат


     3. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІГІ


     4. БАҒДАРЛАМАНЫ РЕСУРСТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ


     5. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР


     ҚОСЫМШАЛАР



     БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ



 
       Өндiрушiлер, тұтынушылар және мемлекеттiк органдар арасындағы өзара байланыстардың бүкiл жүйесiн тәртiпке келтiру негізiнде бензин мен дизельдiк отын (бұдан әрi - мұнай өнiмдерi) айналымынан салық төлемдерiнiң барынша толық түсуiн қамтамасыз ету.
      Отандық өнiмнiң сапасы мен бәсекелестiк қабiлетiн мiндеттi түрде арттырумен қазақстандық мұнай өнімдерiн өндiрушiлердi қорғау
 
      БАҒДАРЛАМАНЫҢ МIНДЕТТЕРI
 
      Мақсаттарды iске асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:
 
      - Мұнай өнiмдерi айналымы мен оларды сату баланстары жүйесiн жүргізу және тақырыптық және рейдтiк тексерулер жолымен Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгі және Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi құрылымдық бөлiмшелерi бөлшек сауда ұйымына акциз төлеушiлер айқындау сәтiмен ұйымдастыру сипатындағы басқа да шаралар негізiнде мұнай өнiмдерi өндiрiсi және айналымынан бюджетке тиiстi салықтарға толық мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру.
      - Мұнай өнiмдерi рыногы заңды субъектiлерiнiң рентабельдiлiгi мен мүдделiлiгiн арттыру және заңсыз сектордағы тиiмдiлiктi төмендету үшiн экономикалық жағдайлар жасау.
      - Импортқа бақылаудың күшейтiлуi мен отандық өндiрушiлердiң бәсекелiк

 

қабiлетiн арттыру үшiн жағдай жасалуы ескерiлiп мұнай өнiмдерi рыногын

ретке келтiру.

     - Мұнай өнiмдерi айналымы саласындағы салық және кеден саясатын

жетiлдiру.

     - Мұнай өнiмдерiнiң көтерме саудасымен айналысушы ұйымдарға

лицензиялау қызметiн енгізу.

     - Бiрiншi кезекте мұнай өнiмдерi айналымы саласындағы контрабандаға

және тәртіп бұзушылықтарға қарсы күрес саласында нормативтiк және құқықтық

базаны жетiлдiру.

     - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң, Қазақстан

Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң, сондай-ақ

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң бақылау қызметтерiн

ақпараттық-технологиялық қамтамасыз етудiң қажеттi инфрақұрылымын дамыту.


     БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI ІС-ШАРАЛАРЫ


     - Бензин мен дизельдiк отын айналымына бақылау жүйесiн жасау.

     - Мұнай өнiмдерi рыногы субъектiлерiне салық салуды жетiлдіру.


 
       - Мұнай өнiмдерi айналымы саласында бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кірiс министрлiгі, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi) өзара iс-қимыл жасауы және үйлестіру.
      - Нормативтiк және құқықтық базаны жетiлдiру.
      - Мұнай өнiмдерi айналымын мемлекеттік реттеу жүйесiнде аймақтық

 

саясатты жетiлдiру, жиналған қаржыларды автокөлiк жолдарын ұстауға және

салуға пайдалану үшiн акциздердiң толық түсуiне жергiлiкті өкiмет

органдарының мүдделiлiгін қамтамасыз ету.



     ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI


     Салық әкiмшiлiгi сапасын арттыру бөлiгiнде қаржыландыру "2000 жылға

арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы

11 қарашадағы N 473-1 


Z990473_


  Заңында көзделген Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнiң шығындар сметасы есебiнен жүргiзiлетiн

болады.

     Техникалық қамтамасыз ету - мұнай өнiмдерi рыногындағы шаруашылық

жүргізушi субъектiлер қаражаты есебiнен.



     БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДАН КYТIЛЕТIН ТҮПКI НӘТИЖЕЛЕР


     Бағдарламаның iс-шараларын орындау мыналарды қамтамасыз етуге

мүмкiндiк бередi:

     1) мұнай өнiмдерiн сатушы ұйымдарға акциз алымының бөлiгін көшiру    

        нәтижесiнде түсетiн салық түсiмдерi көлемiнiң өсуi;

     2) бензин мен дизельдiк отынның заңды рыногының көлеңкелi рыногын    

        кезең-кезеңiмен және бiртiндеп ығыстыруы;

     3) отандық мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң тиiмдi қызметiне қолдау    

        көрсету үшiн баға құрауды жанама реттеу.



     1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕРI



     1.1. Кiрiспе


     Бағдарламаның негізгі басымдықтары мыналар болып табылады:


     1. Экономикалық - мұнай өнiмдерi айналымынан бюджетке түсетiн

кiрiстердi барынша арттыру.

     2. Әлеуметтiк - отандық мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң бәсекелiк

қабiлетiн арттыру, тұтынушыларды бағаның конъюнктуралық едәуiр

ауытқуларынан қорғайтын тетiктер жасау.




     1.2. Мұнай өнімдерi рыногының ерекшелiктерi және проблеманы

                                    талдау



 
       Мұнай өңдеу өнеркәсiбi саласы мемлекет пен қоғамның тұтас алғанда, әлеуметтiк, экономикалық және саяси мүдделерiнiң үлкен ауқымын айқындайтын экономиканың ерекше секторы ретiнде оны бөлектейтiн бiрқатар сипаттамалары бар.
 
      Ресми емес айналымының жоғары үлесi
      1999 жылдың бiрiншi жартыжылдығында республикадағы бензин рыногының сыйымдылығы орташа тоқсандық бағалануы кемiнде 560 мың тонна құраса, мемлекеттiк бюджетке тоқсан сайын 200 мың тонна бензинге сәйкес акциздiк түсiмі түсiп отырды. Мұның өзiнде, отандық мұнай өңдеу зауыттарының барлық

 

маркадағы өндiрген бензинi кемiнде 300 мың тоннаны құрады. Республика

рыногындағы бензиннiң ресми емес айналымының үлесi 50% деп бағалануда ал

дамыған елдерде ол 10%-тен аспайды.


     Заңсыз рыноктың заңды рыноктан басым болуының басты себептерi мыналар:

     1) өндiрушiден тұтынушыға бензин мен дизельдiк отын қозғалысының     

        реттелмеуi және аралық кезеңдерде пәрмендi бақылаудың болмауы     

        салдарынан;

     2) мұнай өнiмдерiн бақылаусыз сату салдарынан контрабанданың жоғары  

        деңгейде болуы;

     3) Шектес мемлекеттермен Кеден одағына мүше елдермен жедел           

        байланыстың болмауы;

     4) мұнай өнiмдерiн сату мен өндiру көлемiн есепке алудың бiрыңғай    

        автоматтандырылған жүйесiнiң жоқтығы.


     Отандық мұнай өңдеу зауыттарының бәсеке қабілетiнiң төмендiгi


 
       1999 жылы шикi мұнайға дүние жүзiнде бағаның өсуi мұнай өңдеу компанияларының мұнайды экспортқа жөнелтуді қолайлы көрген жағдайға жеткiздi, сөйтiп iшкi рынокта шикiзат тапшылығын туғызды. Нәтижесiнде шикiзат жоқтығынан отандық мұнай өңдеу зауыттарының жүктемесi салыстырмалы түрде төмен болып, бензиннiң iшкi рыногында қазақстандық өнiм үлесi төмендедi (50 %-ке жуық).
      Қалыптасқан жағдайдан шығудың мүмкiндiгі - мемлекеттік реттеу тетiктерiнің теңдестiрiлген кешендi жүйесiн құру болып табылады, атап айтқанда мұнайды iшкi рынокқа жөнелту көлемiне байланысты оны экспортқа шығаруға квота қойылуы тиiс. Реттеудiң мiндеттерi - баға құрауды жанама

 

реттеу, iшкi рыноктың тұрақтылығы мен елдің экономикалық қауiпсiздiгiн

қамтамасыз ету арқылы отандық мұнай өңдеушi ұйымдар тиiмдiлiгi мен

бәсекелестiк қабiлетiн көтеру үшiн жағдай жасау, бюджетке салық түсiмдерiн

арттыру болып табылады.




     2. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГІ IС-ШАРАЛАРЫ



     2.1. Мұнай өнімдерiнiң айналымын мемлекеттік

                реттеудiң негізгi тетiктерi



     Республикада мұнай өнiмдерi рыногын реттеудiң негiзгі тетiктерi

мыналар болып табылады:

     дайын өнiмге экспорт-импорт баждарының ставкалары;

     мұнай өнiмдерi импорты мен шикi мұнай экспортының квоталары;

     акциздер ставкалары.



 
       Осы тетiктердi пайдалану кешендi өзара байланысты сипатта болып, мемлекет мүдделерiн қамтамасыз етуi тиiс. Сонымен бiрге әрбiр тетiктi жеке қолданудың өзiндiк ерекшелiктерi бар.
      Экспорттық-импорттық баждарды қолдану бiрiншi кезекте Кеден одағы елдердiң арасында мемлекетаралық шарттардың баптарынан туындайды. Мұнай өңдеу зауыттарында шикi мұнайды өңдеу құнының шектi нормасын белгiлеу туралы шешімдi мұнайды өңдеу жөнiнде қызметтер көрсететiн басым жағдайдағы шаруашылық жүргiзушi субъектi болса, елдің монополияға қарсы органдары қабылдайды. Мұнай өнiмдерi импорты мен шикi мұнай экспортының квоталары iшкi рыноктың мүдделерiн бiлдiрiп, өнiм көлемiмен байланыстырылады. Акциздер ставкалары әлемдегi конъюнктура өзгерiсi ескерiлiп өзгертiледi және ұлттық валютада есептеуi тиiс.
      Мемлекеттiк бюджет мүдделерiн қорғау реттеудің барлық негiзгі тетіктерiн теңдестiрудi қамтамасыз етуiн және бiр элементтiң функциясының өзгеруi басқа элементтердiң тиiсiнше өзгеруiн көздейдi. Отандық өндiрушілер өндiрiсi көлемiнің құлдырауы импорт баждарының, мұнай өнiмдерi импортының және шикi мұнай экспортының квоталарының өзгеруiне, мұнай өнiмдерi бүкiл рыногын акциздеп белсендi реттеуге әкеп соғуы тиiс. Отандық мұнай өңдеу зауыттары өндiрiлетiн өнiм бағасын көтерген кезде мемлекет тарапынан республика рыногын импортталған мұнай өнімдерімен қанықтыру жөнiнде тиiсті әрекет жасалуы тиiс. Мұның өзiнде, бюджет мүдделерiн қорғау бөлшек сауда саласынан салық түсiмдерi, сондай-ақ импорттық кеден баждарынан кiрiстер деңгейiн арттыру арқылы қамтамасыз етілуi тиiс.
      Неғұрлым жүйелi ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз етудi талап ететiн және сонымен бiр мезгiлде мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң едәуiр деңгейде атқарылуын айқындайтын тетiк - акциздер ставкаларын қалыптастыру болып табылады.
 
      2.2. Салық салуды жетiлдiру
 
      1999 жылғы наурызда (Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 12 наурыздағы N 230 қаулысы) бензин акцизiнiң ставкасын 50 евроға дейiн төмендету және кейін бензин акцизiнің ставкасын ұлттық валютада - 5000 теңгеде белгiленуi (Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 22 сәуiрдегi N 445 қаулысы) өнеркәсiптiң мұнай өңдеу секторында қалыптасқан

 

күрделi экономикалық жағдайды түбегейлi өзгертпейдi.


     Республикадағы мұнай өнiмдерi рыногында мыналар жағдайды айқындайтын

шаруашылық жүргiзушi субъектілер болып табылады:

     мұнай өңдеу зауыттары;

     көтерме сауда ұйымдары;

     бөлшек сауда ұйымдары.

     Мұның өзiнде, мемлекеттiң акциздiк саясатын жүргiзу қазiргі уақытта

тек қана мұнай өңдеу зауыттарында шоғырланған.


     Қазiргi уақытта акциздi есептеу мен төлеу тәртiбiне принциптi түрде

жаңа көзқарас талап етiлуде, оған мыналар кiредi:

     бюджеттiң кiрiс бөлiгi түсiмiн арттыруға мүмкiндiк бередi;

     мұнай өнiмдерiн өндiрушiлерге айналымдағы капиталды тиiмдi           

     пайдаланып, толықтыруды қамтамасыз етедi;

     ұлттық валюта теңгемен есептеліп, евро, экю немесе басқа да валюта   

     бағамдарының өзгерiсiне байланыстырылмайды;

     мұнай өнімдерi өндiрiсi мен сату процестерiне барлық қатысушылар     

     арасында акциз төлеу жауапкершілiгiн бөлiседi.


 
       Мұнай өнiмдерiне акциз алымын реформалауды мұнай өңдеу зауыттары мен бөлшек сауда ұйымдары арасында акциз ставкаларын кезең-кезеңiмен бөлуден бастау қажет. Мұндай көзқарастың қолайлығы автожанармай құю станцияларды паспорттау жүргізiлуiмен және әрбiр май құю құбырын бақылау әдiстемесiн енгізу мүмкіндiгімен айқындалуда. Мұның өзiнде ресми емес айналымның негізгі бөлiгі нақ сол бөлшек саудаға келiп, мұнай өнiмдерi рыногының осы секторында салық салынатын базаны кеңейтудiң резервтерi жасырылуда.
 
      Акциздi мұнай өңдеу зауыттары мен бөлшек сауда ұйымдары арасында бөлу отандық өндiрушiлер қызметінiң экономикалық тиiмділігін арттыруға жәрдемдеседi. Сонымен бiрге, акциз ставкаларының өзгеруi салдарынан, мұнай өңдеу зауыттарында шығарылатын мұнай өнiмдерi бағасының төмендеуi автожанармай құю станциялардың бөлшек саудасындағы баға деңгейінің көтерiлуi процесiн теңдестiруi тиiс. Бастапқы кезеңде акциздердiң ставкаларын мұнай өңдеу зауыттарында толық ставкасы - 90 % және бөлшек саудада 10 % ету қолайлы үйлестіру болып табылады. Акциздердің ставкалары ұлттық валюта - теңгемен есептелiп, кейiн акциздiң бiр бөлiгінiң бөлшек саудаға, содан кейiн көтерме саудаға ауысуын қамтамасыз етуi тиiс. Акциздiң базалық ставкасы кезiнде өндiрушi ұйымдар мен сату саласындағы ұйымдар арасындағы бөлiнетін 2000 жылғы бензин мен дизельдiк отынға акциздерден болжамды түсiмдер бағасы 12 млрд.теңге (Бағдарламаға қосымша) құрайды.
      Акциздiк реттеудi көтерме саудаға жедел тарату қиындығы көтерме саудамен айналысатын фирмалардың 50 %-де мұнай өнiмдерiн сақтайтын өз қоймаларының болмауы фактiсiмен айқындалуда, мұның өзi көтерме желi арқылы сату көлемiнiң мониторингін жүргізу мiндетiн орындауды күрделендiруде. Осы саланы кейiн мемлекет бақылауына тарту және акциздiк салымды көтерме саудаға тарату үшiн көтерме сату ұйымдарының лицензиялау қызметi тетігін әзiрлеу қажет, онда көтерме сауда компанияларын құру мен жұмыс iстеуiнiң өлшемдерiн жіті реттеу көзделедi. Өзiнiң қоймасы болуы, лицензиарға мәлiметтердi автоматтандырылған түрде беруге арналған арна бөлініп, электрондық есепке алу, ал болашақта және акциз постының болуы да осындай өлшемдер болады.
      Көтерме сауда ұйымдарын лицензиялауды енгізу көлiк немесе сауда ұйымдары ретiнде тiркелген, бiрақ iс жүзiнде бензин мен дизельдiк отын алыпсатарлық операцияларымен айналысатын шаруашылық жүргізушi субъектiлердiң қызметін тыюға мүмкiндiк туғызады. Республиканың шаруашылық жүргiзушi субъектілерiнiң бiр бөлiгі мұнай өнiмдерін өндiрiс мұқтаждары үшiн (ЖЭС) сатып алатынын ескеру қажет. Мұнай өнiмдерiн пайдаланып бензин мен дизельдiк отынмен бартерлiк операцияларын, өзара есептемелер жүргізу орын алуда. Республикадағы мұнай өнiмдерi рыногында қызметін жүргізуге құқығы бар заңды тұлғаларды олардың жұмыс iстеуiн жiті реттеп айқындау жөнінде нормативтiк құқықтық базаны әзiрлеу осы саладағы мемлекеттік бақылау жүйесiн құруға мүмкiндiк бередi.
       Бөлшек сауда секторындағы мемлекеттік реттеудi күшейту үшiн салық органында тіркелмеген шаруашылық жүргізушi субъектiнiң кез келген қызметi заңсыз деп саналып, мемлекеттiң тарапынан заңда көзделген санкциялар қолданылуы мүмкiн мұнай өнiмдерi рыногында тiркеу-рұқсат ету жүйесiн енгiзу жөнiнде iс-шаралар кешенiн жүргізу қажет.
      Автожанармай құю станциясының бiлiктiлiк сипаттамасы бар автожанармай құю станция паспорты шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң салық органдарында тiркелу құжаты болып табылып, тиiстi қызмет түрiмен айналысуға құқық бередi. Мұның өзінде, тек қана тұрақты автожанармай құю станциялардың жұмыс iстеуiне рұқсат етілетiн болады, яғни қатаң бақылауға алынуы бензин мен дизельдiк отынның тiркелмеген бөлшек сауда айналымын шектеудi қамтамасыз етiп, республикада автоқызмет көрсетудiң өркениеттi жүйесiн жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Оған паспорттаудың мәлiметтерi енгiзiлетiн елдiң барлық автомай құю станцияларының бiрыңғай тізiлiмiн енгізу елдiң фискалдық органдарының автоматтандырылған жүйесiн құруды қамтамасыз етедi.
      Нақты сатылған көлемiн жасырудың жолын кесу, сондай-ақ мемлекеттік органдар тарапынан артық тексерулерден осы ұйымдарды қорғау арқылы тұрақты автожанармай құю станцияларының қалыпты жұмыс iстеу режимiн қамтамасыз ету мақсатында әрбiр автомай құю станциясында салық органдарының пломбалары бар бақылау-өлшеу приборларын (есептегіштер) қондыру қажет. Сату көлемiнiң ауытқуына қарай салық алымдарына түзету енгiзу және сатылатын өнiмнің

 

сапасы, қауiпсiздiк ережелерінің сақталуын тексеру мақсатында салық

органдарының есептегiштер көрсеткіштерін бақылауы мүмкiн.



     2.3. Бензин мен дизельдiк отын айналымын бақылау жүйесiн құру


     Мұнай өнiмдерi айналымын бақылауды күшейту қажеттiгi мынадай шаралар

кешенiн iске асыруды көздейдi.


     -  Мұнай өнiмдерi көтерме саудасымен айналысатын ұйымдарды           

     лицензиялау қызметiн енгiзу.

     -  Көтерме саудаға көтерме қоймалар мен сақтау орындарында           

     тiркелгеннен кейiн ғана рұқсат ету.

     -  Ол бойынша мұнай өңдеу зауыттарынан, сондай-ақ тек қана тiркелген 

     және лицензиясы бар iрi көтерме сауда ұйымдарына мұнай өнiмдерінің   

     импорты жөнелтiлетiн тәртiп белгiлеу олар мынадай талаптарға жауап   

     беруi тиiс:

     өз қоймасы болуы;

     электрондық есепке алынуы;

     лицензиарға автоматтандырылған мәлiметтер беру арнасының бөлiнуi;

     акциз постының болуы.

     -  Салық органдарында тиiсiнше тiркеп, оны бiрыңғай электрондық      

     мәлiметтер базасына енгізусiз бензин мен дизельдiк отынды экспортқа  

     да, республика ішінде де жөнелтуге рұқсат етiлмейтін тәртiп айқындау.

     -  Көтерме сауда партияларының өлшемдерiн айқындау және теңестірудi  

     енгiзу.

     -  Автожанармай құю станцияларда бөлшек саудаға арналған             

     тiркеу-рұқсат ету жүйесiн енгізу.

     -  Автожанармай құю станцияларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын     

     әзiрлеу және бекiту.

     -  Салмағын, температурасын, көлемiн, жанар-жағармай материалдары    

     деңгейi мен тығыздығын қолданыстағы нормативтiк актiлерге            

     сәйкестігiне өлшеуге арналған өлшеу приборларын автожанармай құю     

     станцияларда қондыру.

     -  Салық органдарының пломбаларымен бензин және дизельдiк отын       

     сату көлемiн өлшеу үшiн автожанармай құю станцияларда есептегіштер   

     қондыру.

     -  Мұнай өнімдерi өндiрiсi балансын жүргізу, атап айтқанда - өндiрiсi

     мен айналымы балансын, көтерме сауда балансын, бөлшек сауда          

     балансын. Өндiрiсi мен айналымы балансы декларациясын жүргiзу үшiн   

     акциздiк постылардың мәлiметтерiн, бақылау-өлшеу приборларының       

     көрсеткiштерiн, соның ішінде мұнай өңдеу зауыттарына жiберiлетiн шикі

     мұнайдың сапалық құрамының есептерiн пайдалану.

     -  Салық органдарында мұнай өнiмдерiнің көтерме партияларын сатып    

     алу-сату (беру) шарттарын (келiсiм-шарттарын) тiркеу тәртiбiн және   

     бiрыңғай электрондық мәлiметтер базасын құруды жасау және бекіту.

     -  Мұнай өнiмдерiнiң көтерме партияларының қозғалысын бақылауды      

     жетiлдiру мақсатында фискалдық органдар бақылауға арналған бiрыңғай  

     электрондық мәлiметтер базасына iлеспе құжаттардың мәлiметтерiн      

     енгiзiп бiрыңғай көлiктiк iлеспе құжаттарды бекiту. Бензин мен       

     дизельдiк отынды босатудың көлiктiк iлеспе құжаттарының бiрыңғай

     нысанын енгізу мұнай өнiмдерiнiң қозғалысын есепке алу мен бақылауды 

     қамтамасыз етуге мүмкіндік бередi.



     2.4. Нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру



 
       Республика экономикасындағы мұнай өнiмдерi рыногының айрықша ролi ескерiліп, бензин және дизель отыны өндiрiсi мен айналымы саласын нормативтiк құқықтық актiлермен реттеу қажет. Осы салада кешендi мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету үшiн мұнай өнiмдерiнiң өндiрiсi мен айналымының бүкiл саласын реттейтiн нормативтiк құқықтық акт қабылдау қажет. "Мұнай өнiмдерiн өндiру және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заң осындай нормативтiк құқықтық акт болуы тиiс.
      Осы заңның қолданылуы тиiмдiлiгін күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы аумағында мұнай өнiмдерiнiң айналымы саласындағы тәртiп бұзушылықтарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сонымен бiр мезгiлде өзгерiстер мен толықтырулар енгізу қажет.
 
      2.5. Аймақтық саясат
 
      Жергiлiктi жерлерде мұнай өнiмдерiнiң айналымын мемлекеттiк бақылауды

 

жүзеге асыру мақсатында республикалық және жергілiктi бюджеттер арасында

бөлшек сауда акциздерiнен түскен түсiмдердi бiрте-бiрте ажырату көзделуде.

Мұның өзiнде, акциз алымдарының барынша толық түсуiне жергілiкті өкiмет

органдарының мүдделi көзқарасын қамтамасыз ету тетiгiн жасау қажет, соның

iшiнде аймақтағы автомобиль жолдарын салу мен ұстауға арналған аталған

қаражатты пайдалану арқылы да.




     3. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ ТЕТIГI





 
       Бағдарламада оны iске асыру жөнiндегі Іс-шаралар тiзбесiн

 

кезең-кезеңiмен орындау және өнеркәсiптегі өндiрiстi көтеру мен дамыту

және бюджеттiң жоғары кiрiсiн қамтамасыз етудi жалпы мемлекеттiк саясатпен

ұштастыру көзделедi.

     Бағдарламаны iске асыру жөнiндегі Iс-шаралар "Мұнай өнiмдерiн өндiру

және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

қабылданғаннан кейiн iске асырылатын болады.




     4. БАҒДАРЛАМАНЫ РЕСУРСТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ





 
       Салық әкiмшiлiгiн жүргізу (компьютерлендiру, ақпараттық қамтамасыз етудi және мәлiметтер базасын ұйымдастыру және т.с.с.) бөлiгінде "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1999 жылғы 11 қарашадағы N 473-1 Қазақстан Республикасы Заңында көзделген Қазақстан Республикасы

 

Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінің шығындар сметасы есебiнен, ал техникалық

қамтамасыз ету бөлiгiнде (автожанармай құю станцияларда есептеуiштер,

операциялық-компьютерлiк жүйелердi сатып алу және орнату ) - шаруашылық

жүргізушi субъектiлер қаражаты есебiнен жүргізiлетiн болады.




     5. КҮТІЛЕТІН НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕР



     Бағдарламаны іске асыру мыналарға мүмкіндік береді:

     мұнай өнімдерінің айналымын тиімді мемлекеттік бақылаудың жүйесін    

     құруға;

     2000 жылы бензин мен дизельдік отынға акциздерден 9-12 млрд.теңге    

     түсімін (1999 жылмен салыстырғанда күтілген түсімнен 25 %-ке артық)  

     қамтамасыз ету;

     баға құрау процестерін жанама реттеу арқылы отандық мұнай өнімдерін  

     өндірушілерді қолдау;

     мемлекет бақылайтын мұнай өнімдері рыногының ресми емес рыноктан     

     басым болуын қамтамасыз ету.



                                                     Бағдарламаға қосымша


---------------------------------------------------------------------------

  Мұнай    !  Акциз   ! Күтілетін !              І-ІІІ тоқсандар     

өнімдерінің!төлеушілер!сату көлемі!---------------------------------------

  түрлері  !          !  (тонна)  !  сату    !   Акциздер    !  Акциздер

           !          !           ! (тонна)  !   ставкасы    !сомасы (млн.

           !          !           !          !               !   теңге)

           !          !           !          !---------------!

           !          !           !          ! теңге !  %    !

---------------------------------------------------------------------------

  Бензин   !   МӨЗ    !  2268216  ! 1701162  ! 4500  !  90   !   7655,2

           !--------------------------------------------------------------

           !   АМС    !  2268216  ! 1701162  !  500  !  10   !    850,6

---------------------------------------------------------------------------

Жиынтығы  !    Х     !     Х     !    Х     ! 5000  !  100  !   8505,8

---------------------------------------------------------------------------

  Дизель   !   МӨЗ    !  1602264  ! 1201698  !  540  !  90   !    648,9

  отыны    !--------------------------------------------------------------

           !   АМС    !  1602264  ! 1201698  !   60  !  10   !     72,1

---------------------------------------------------------------------------

Жиынтығы  !    Х     !     Х     !    Х     !  600  !  100  !     721

---------------------------------------------------------------------------

Барлығы   !    Х     !     Х     !    Х     !   Х   !   Х   !   9226,8

---------------------------------------------------------------------------


таблицаның жалғасы:

---------------------------------------------------------------------------

            ІV тоқсан            !Акциздердің!          Анықтамалық      

---------------------------------!   жалпы   !----------------------------

  Сату  !   Акциздер   !  Акциз  !  сомасы   !1 литр үшін!1 литрдегі акциз

(тонна)!   ставкасы   ! сомасы  !млн. теңге)!баға (1999 !сомасы  І-ІІІ   

        !--------------!  (млн.  !           !   жылдың  !тоқсандар, IV

        ! теңге !  %   !  теңге) !           !қазаны үшін!    тоқсан

        !       !      !         !           !мәліметтер,!----------------

        !       !      !         !           !  теңге)   !  І-ІІІ !   IV

        !       !      !         !           !           ! тоқсан.! тоқсан

        !       !      !         !           !           !   дар  !

---------------------------------------------------------------------------

567054 ! 4000  !  80  ! 2268,2  !  9923,4   !    28     !   3,4  !   3

---------------------------------------------------------------------------

567054 ! 1000  !  20  !  567,1  !  1417,7   !    43     !   0,4  !  0,8 

---------------------------------------------------------------------------

   Х    ! 5000  ! 100  ! 2835,3  ! 11341,1   !     Х     !   3,8  !  3,8

---------------------------------------------------------------------------

400566 !  480  !  80  !  192,3  !   841,2   !    19     !   0,46 !  0,41

---------------------------------------------------------------------------

400566 !  120  !  20  !   48,1  !   120,2   !    21     !   0,06 !  0,11

---------------------------------------------------------------------------

   Х    !  600  ! 100  !  240,4  !   961,4   !     Х     !   0,52 !  0,52

---------------------------------------------------------------------------

   Х    !   Х   !  Х   ! 3075,7  ! 12302,5   !     Х     !    Х   !    Х

---------------------------------------------------------------------------


     - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу,            

     бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі           

     агенттігінің мәліметтері            



                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                             2000 жылғы 2 наурыздағы

                                                 N 339 қаулысымен

                                                    бекітілген


       Қазақстан Республикасының аумағында мұнай өнімдерінің айналымын    

   мемлекеттік реттеуді күшейту туралы бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі

                                іс-шаралар

                                 ТІЗБЕСІ


     1. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру


---------------------------------------------------------------------------

N  !    Іс-шараның атауы      !    Аяқтау нысаны       !Орындалу!Орындауға

р/с!                          !                        ! мерзімі! жауап.  

   !                          !                        !        ! тылар 

---------------------------------------------------------------------------

1 !           2              !           3            !   4    !    5

---------------------------------------------------------------------------

1.1!"Мұнай өнімдерінің айналы.!Қазақстан Республикасы. !  2000  !МКМ,ҚарМ,

   !мын мемлекеттік реттеу ту.!ның Заңы                ! жылдың !ӘдМ,ЭИСМ

   !ралы" Заңды әзірлеу және  !                        !  ІІІ   !

   !қабылдау                  !                        !тоқсаны !  

   !                          !                        !        !

---------------------------------------------------------------------------

1.2!Мұнай өнімдерін көтерме   !Қазақстан Республикасы  !  2000  !ЭИСМ,МКМ,

   !сату жөніндегі қызметтің  !Президентінің "Лицензия.! жылдың !ҚарМ,ӘдМ

   !тіркеу-рұқсат ету жүйесін !лау туралы" Жарлығына   !ІІI тоқ.!

   !енгізу                    !өзгерістер мен толықты. !саны    !

   !                          !рулар енгізу туралы"    !        !

   !                          !Заңы                    !        !

---------------------------------------------------------------------------

1.3!Құқықтық-нормативтік акті.!"Қазақстан Республикасы.!  2000  !ІІМ, МКМ

   !лерге өзгерістер мен то.  !ның кейбір заң актілері.! жылдың !

   !лықтырулар енгізу (Мұнай  !не өзгерістер мен толық.!ІІI тоқ.!

   !өнімдерімен сауда жасауда.!тырулар енгізу туралы"  !саны    !

   !ғы құқық бұзушылықтары    !Қазақстан Республикасы. !        !

   !үшін)                     !ның Заңы                !        !

---------------------------------------------------------------------------

1.4!Бензин мен дизель отыны   !Қазақстан Республикасы  !  2000  !ҚарМ, МКМ

   !өндірісі мен айналымынан  !Қаржы Министрінің       ! жылдың !

   !салық түсімдерін көрсету  !бұйрығы                 !ІІ тоқ. !

   !жөніндегі бюджет жіктеме. !                        !саны    !

   !сіне өзгерістер енгізу    !                        !        !

---------------------------------------------------------------------------



     2. Мұнай өнімдерінің айналымын бақылау жүйесін құру


---------------------------------------------------------------------------

2.1!Салық органдарының пломба.!Қазақстан Республикасы  !  2000  !ЭИСМ,

   !ларымен мұнай өнімдерінің !Үкіметінің қаулысы      ! жылдың !Стандарт.

   !өткізу көлемін өлшеу үшін !                        !ІІІ тоқ.!тау,метр.

   !АЖС-да есептегіштерді ор. !                        !саны    !ология

   !натуды көздейтін АЖС-на   !                        !        !және сер.

   !біліктілік талаптары мен  !                        !        !тифика.

   !тіркеу тәртібін енгізу    !                        !        !циялау

   !                          !                        !        !комитеті

   !                          !                        !        !(ЭИСМ    

   !                          !                        !        !СМСК),МКМ

---------------------------------------------------------------------------

2.2!Қазақстан Республикасы ау.!Қазақстан Республикасы  !  2000  !ЭИСМ,МКМ,

   !мағындағы МӨЗ-на мұнай    !Үкіметінің қаулысы      ! жылдың !МБА

   !өнімдерін сатудың тәртібін!                        !ІІI тоқ.!

   !белгілеу                  !                        !саны    !

---------------------------------------------------------------------------

2.3!Көтерме сауда фирмалардың !Қазақстан Республикасы  !  2000  !ЭИСМ,МКМ,

   !теңестірмесін енгізу, сон.!Үкіметінің қаулысы      ! жылдың !

   !дай-ақ мұнай өнімдерінің  !                        !ІІI тоқ.!

   !көтерме партияларын айқын.!                        !саны    !

   !дау                       !                        !        !

---------------------------------------------------------------------------

2.4!МӨЗ-на салық органдарының !Мемлекеттік кіріс Мини. !  2000  !МКМ,облыс.

   !акциздік посттарын енгізу !стрінің бұйрығы         ! жылдың !тық салық

   !                          !                        !1 тоқса.!комитет. 

   !                          !                        !ны      !тері

---------------------------------------------------------------------------

2.5!Мұнай өнімдері рыногындағы!Тексеру материалдары    ! Тұрақты!МКМ,ІІМ,

   !құқық бұзушылықтың жолын  !бойынша актілер         !        !ЭИСМ,    

   !кесу жөнінде жедел жұмыс  !                        !        !облыстық 

   !жүргізу                   !                        !        !салық ко.

   !                          !                        !        !митеттері

---------------------------------------------------------------------------

2.6!МӨЗ-нан мұнай өнімдерін   !Мемлекеттік кіріс Мини. !  2000  !МКМ,ЭИСМ

   !босату үшін ілеспе жүк құ.!стрінің бұйрығы         ! жылдың !

   !жаттамасының бірыңғай ны. !                        !ІІI тоқ.!

   !санын енгізу              !                        !саны    !

---------------------------------------------------------------------------

2.7!Мұнай өнімдерін өндіру мен!Энергетика, индустрия   !  2000  !ЭИСМ,МКМ,

   !оның айналымына, көтерме  !және сауда Министрінің  ! жылдың !МБА

   !саудаға, бөлшек саудаға   !бұйрығы                 ! ІІ-ІІІ !

   !баланстар жүйесін енгізу  !                        !тоқсан-ы!

---------------------------------------------------------------------------

2.8!Бөлшек сауданың жаңа ере. !Энергетика, индустрия   !  2000  !ЭИСМ,МКМ

   !желерін әзірлеу           !және сауда Министрінің  ! жылдың !МБА

   !                          !бұйрығы                 !ІІI тоқ.!

   !                          !                        !саны    !

---------------------------------------------------------------------------

2.9!Мұнай өнімдерінің көтерме !Мемлекеттік кіріс Мини. !  2000  !МКМ,ЭИСМ

   !партияларының сатып алу-  !стрінің бұйрығы         ! жылдың !

   !сату шарттарының (келісім-!                        !ІІI тоқ.!

   !шарттарының) тіркеу тәрті.!                        !саны    !

   !бін әзірлеу және бекіту   !                        !        !

---------------------------------------------------------------------------

2.10!АЖС-на талаптарды әзірлеу!Энергетика, индустрия   !2000 ж. !ЭИСМ,МКМ,

    !және бекіту              !және сауда Министрінің  !ІІI тоқ.!МБА

    !                         !бұйрығы                 !саны    !

---------------------------------------------------------------------------

2.11!Стандарттар және өрт қау.!ЭИСМ СМСК және ТЖА бұй. !2000 ж. !ЭИСМ СМСК

    !іпсіздігі талаптарына    !рығы                    !ІІ тоқ. !ТЖА

    !АЖС-ың сәйкестігі туралы !                        !саны    !

    !куәлік нысанын әзірлеу   !                        !        !

    !және бекіту              !                        !        !

---------------------------------------------------------------------------


     3. Салық салуды жетілдіру

---------------------------------------------------------------------------

3.1!Мұнай өнімдері рыногінің  !Қазақстан Республикасы  !  2000  !МКМ,ҚарМ,

   !бүкіл субъектілері арасын.!Үкіметінің қаулысы      ! жылдың !ЭИСМ,ӘдМ

   !да акциз ставкаларын ке.  !                        !І-ІІІ,ІV!

   !зең-кезеңімен бөлу        !                        ! тоқсан.!

   !                          !                        !  дары  !        

---------------------------------------------------------------------------

3.2!Мұнай өнімдерінің бөлшек  !Қазақстан Республикасы  !Жыл бойы!МКМ,ҚарМ,

   !саудасында бензин мен ди. !Үкіметінің қаулысы      !тұрақты !ЭИСМ

   !зельдік отынға акциздер   !                        ! түрде  !

   !ставкаларын жетілдіру     !                        !        !

---------------------------------------------------------------------------


     4. Аймақтық саясат

---------------------------------------------------------------------------

4.1!Аймақтар бойынша мұнай    !Нормативтік құқықтық    !Тұрақты !ЭИСМ,МБА,

   !өнімдерін шығарушылар үшін!        акті            !        !МКМ

   !экономикалық және өзге де !                        !        !

   !тең жағдайларымен қамтама.!                        !        !

   !сыз ету                   !                        !        !

---------------------------------------------------------------------------

4.2!Республикалық және жергі. !       Ұсыныс           !  2000  !ҚарМ,жер.

   !лікті бюджет арасында бен.!                        ! жылдың !гілікті

   !зин мен дизель отыны бөл. !                        !ІІІ тоқ.!атқарушы

   !шек саудасынан түскен ак. !                        !саны    !органдар.

   !циздерді бөлу туралы мәсе.!                        !        !дың бас.

   !лені қарау                !                        !        !шылары

---------------------------------------------------------------------------





                                         Қазақстан Республикасы Үкiметiнің

                                           2000 жылғы 2 наурыздағы N 339

                                                 қаулысына қосымша




          Қазақстан Республикасының аумағында мұнай өнiмдерiнiң

            айналымын мемлекеттiк реттеудi күшейту жөнiндегі

                бағдарламаны iске асыру бойынша жұмысты

              үйлестiруге арналған ведомствоаралық топтың

                                құрамы





Ахметов                             - Қазақстан Республикасы Премьер-

Даниал Кенжетайұлы                    Министрiнің орынбасары, басшы


Школьник                            - Қазақстан Республикасының Энергетика,

Владимир Сергеевич                    индустрия және сауда министрi,

                                      басшының орынбасары


Кәкiмжанов                          - Қазақстан Республикасының

Зейнолла Халидоллаұлы                 Мемлекеттiк кiрiс министрi,

                                      басшының орынбасары



                            Топ мүшелерi:


Тiлеубердин                         - Қазақстан Республикасы Табиғи

Алтай Абылайұлы                       монополияларды реттеу, бәсекелестiктi

                                      қорғау және шағын бизнестi қолдау

                                      жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы


Котенко                             - Қазақстан Республикасы Премьер-

Наталья Леонидовна                    Министрi Кеңсесiнiң Экономика

                                      бөлiмiнің меңгерушiсi


Жәмішев                             - Қазақстан Республикасы Қаржы

Болат Бидахметұлы                     бiрiншi вице-министрi


Мусина                              - Қазақстан Республикасы Ауыл

Лилия Сәкенқызы                       шаруашылығы вице-министрi


Аймақов                             - Қазақстан Республикасы Қаржы

Бауыржан Жаңабекұлы                   министрлiгiнiң департамент директоры


Баймұрзин                           - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк

Дәулетхан Қалымұлы                    кiрiс министрлiгiнiң департамент

                                      директоры


Демеу                               - Қазақстан Республикасы Энергетика,

Айдар Сағадатұлы                      индустрия және сауда министрлiгінiң

                                      департамент директорының мiндетiн

                                      атқарушы


Әбдiрахманова                       - Қазақстан Республикасының Табиғи

Сәуле Нығметжанқызы                   монополияларды реттеу бәсекелестiктi

                                      корғау және шағын бизнестi қолдау

                                      жөнiндегi агенттiгі департамент

                                      директорының орынбасары


Әмiрин                              - Қазақстан Республикасының Әдiлет

Асқар Кемеңгерұлы                     министрлігі департамент директорының

                                      орынбасары




  |

    Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.        





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады