"Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңының 4-бабына сәйкес және 2000 жылға арналған республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен капиталдың халықаралық рыноктарында орналастырылатын мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясын 200-500 (екi жүз-бес жүз) миллион АҚШ долларына бара-бар жалпы сомаға жүзеге асыруды, сондай-ақ оларды орналастырудан түскен қаражаттың республикалық бюджетке түсуiн қамтамасыз етсiн.
2. Қоса берiлiп отырған:
капиталдың халықаралық рыноктарында орналастырылатын мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясының жетекшi менеджерiн таңдауға арналған ведомствоаралық комиссияның құрамы;
капиталдың халықаралық рыноктарында орналастырылатын мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясының заң кеңесшiсiн таңдауға арналған ведомствоаралық комиссияның құрамы бекiтiлсiн.
3. Көрсетiлген комиссияларға заңдарда белгiленген тәртiппен тендер өткiзу және капиталдың халықаралық рыноктарында орналастырылатын мемлекеттiк бағалы қағаздардың алдағы эмиссиясының жетекшi менеджерi мен заң кеңесшiсiн таңдау тапсырылсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі капиталдың халықаралық рыноктарында мемлекеттiк бағалы қағаздарды орналастырудан республикалық бюджетке түсетiн қаражаттың есебiнен алдағы эмиссияға қызмет көрсету жөнiндегi жетекшi менеджерге, заң кеңесшiсiне және халықаралық рейтингтiк агенттіктерге комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығыстарды көздесiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң атынан шығарудың және өтеудiң мерзiмiн, шарттарын айқындай
отырып, капиталдың халықаралық рыноктарында орналастырылатын мемлекеттiк
бағалы қағаздардың эмиссиясына байланысты келiссөздер жүргiзсін және
құжаттарға қол қойсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 3 наурыздағы
N 352 қаулысымен
бекітiлген
Капиталдың халықаралық рыноктарында
орналастырылатын мемлекеттік бағалы қағаздар
эмиссиясының заң кеңесшiсiн таңдауға арналған
ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы - Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрi, төраға
Құзытбаева Ажар Қилымбекқызы - Қазақстан Республикасының
Әдiлет вице-министрi
Әбдiқалыков Қанат Әлiмбайұлы - Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Заң қызметi департаментiнiң
директоры
Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік қарыз алу
департаментi директорының
мiндетiн атқарушы
Рахымбеков Боран Ғизатұлы - Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі Тіркеу
қызметi комитетінiң төрағасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 3 наурыздағы
N 352 қаулысымен
бекiтiлген
Капиталдың халықаралық рыноктарында
орналастырылатын мемлекеттiк бағалы қағаздар
эмиссиясының жетекшi менеджерiн таңдауға арналған
ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Өтембаев Ержан Әбiлхайырұлы - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасары, төраға
Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы - Қазақстан Республикасының
Қаржы министрi
Жолдасбеков Азамат Мырзаданұлы - Қазақстан Республикасы
Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық
комиссиясының төрағасы
(келiсiм бойынша)
Марченко Григорий Александрович - Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң төрағасы
(келiсiм бойынша)
Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы - Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрi
Сартбаев Медет Мақсұтұлы - Қазақстан Республикасының
Экономика вице-министрi
Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
Мемлекеттiк қарыз алу
департаментi директорының
мiндетiн атқарушы, хатшы
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Икебаева Ә.Ж.