Мал шаруашылығы өнімінің жекелеген түрлерi бойынша анықтауды бастау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 наурыздағы N 399 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 171 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20.  N 171  Қаулысымен.

      1998 жылдың 28 желтоқсанындағы "Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және мал шаруашылығы өнiмiнiң iшкi рыноктағы бәсекелестiк шарттарының бұзылуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Антидемпингтiк бақылау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасының аумағына, ұқсас немесе тiкелей бәсекелесетiн тауарлар импорты кезiнде отандық өндiрушiлерге келтiрiлген шығын немесе келтiрiлуi мүмкiн шығын мөлшерiн анықтау үшiн, қосымшаға сәйкес тауарларға қатысты анықтауды бастасын. 
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Антидемпингтiк бақылау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгімен бiрлесiп бiр ай мерзімде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiн, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық комитетiн және Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжiкстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының Орталық Азия Экономикалық Қауымдастығы Мемлекетаралық Кеңесінің Атқарушы комитетiн қорғау шараларын қолдану мүмкiндiгi мақсатында қосымшада көрсетiлген тауарларға қатысты анықтауды бастайтын шешiм туралы хабарласын. 
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi анықтау рәсiмi аяқталғанға дейiн заңдарда белгiленген тәртiпте қосымшада көрсетiлген тауарлар импортын лицензиялауды жүзеге асырсын.
      4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының
Үкiметiнiң
2000 жылғы 15 наурыздағы
N 399 қаулысына
қосымша

        Анықтау рәсiмін жүргiзуге негiз болған тауарлардың
                            ТIЗБЕСI

-------------------------------------------------------------------
              Тауар атауы               !         СЭҚ ТН коды
-------------------------------------------------------------------
Ет және жас, мұздатылған                                     020711
немесе тоңазытылған Gallus                                   020712 
domesticus [үйтауығы]                                        020713
түрiндегi үй құсынан жасалған,                               020714
ұқсатылған тағамдық азық-түлiк

Шұжықтар және еттен,                                         160100
ұқсатылған ет-тағамдық азық-
түлiктен немесе қаннан
жасалған соған ұқсас өнiмдер;
олардың негiзiнде әзiрленген
дайын азықтық тағамдар

Еттен, ұқсатылған ет-тағамдық                                160250
азық-түлiктен немесе қаннан
жасалған басқа дайын немесе
консервiленген өнiмдер

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады