Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 сәуірдегі N 558 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 наурыз N 406 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.03.19. N 269 қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі Заңының  71-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген тәртіппен төленетін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын импортталған тауарлардың, сондай-ақ импортталған жабдықтардың, шикізаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, дәрі-дәрмектердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 сәуірдегі N 558 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 16, 131-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құнға салынатын салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілеген тәртіппен төленетін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын импортталған тауарлардың, сондай-ақ импортталған жабдықтардың, шикізаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, дәрі-дәрмектердің тізбесі:
     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 67-1-жолмен толықтырылсын:

"67-1. Электр тізбектеріне арналған магистральдік, 3925 90 200";
        арналық және кабельдік науалар

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 75-1-жолмен толықтырылсын:
 75-1. Асбесцементтік құбырлар*        6811 30 000-ден";

     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 96-1, 96-2-жолдармен толықтырылсын:
     "96-1. Антенналық діңгектер*                          7308 20 000-ден
     96-2. Телекоммуникациялар желілеріне арналған
           әуе сымдары*                                    7614-тен";

     реттік нөмірі 118-жолдағы 3-баған "8415 82 800, 8415 90 100, 8415 90 900-ден" деген сандармен толықтырылсын;

     реттік нөмірі 181-жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "181. Есептеу машиналары мен олардың блоктары;
           магниттік немесе оптикалық санағыш
           құрылғылар, деректерді кодталған нысанда
           ақпаратты таратқыштарға көшіруге арналған          8471
           машиналар мен басқа жерде аты аталмаған            (8471 30 000-
           осындай ақпаратты өңдеуге арналған машиналар      ден басқа)";

     реттік нөмірі 182, 183, 184, 185, 185-1-жолдар алынып тасталынсын;
     реттік нөмірі 212-жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "212. Өлшеу трансформаторлары; түзеткіштер;              8504 10 910,
           инвенторлар;                                       8504 32 300,
           индуктивтілік катушкалары мен                      8504 40 940-
           дросселдер*                                        8504 50";

     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 212-2, 212-3-жолдармен толықтырылсын:
     "212-2. Қорғасын аккумуляторлар:
             күштік, сұйық электролитпен жұмыс                 8507 20 310,
             істейтін, басқалары; стационарлық                8507 20 390,
                                                              8507 20 980
                                                              -ден

      212-3. Кадмий-никельді аккумуляторлар:                  8507 30 910,
             герметикалық;                                    8507 30 930,
             күштік; басқалары                                8507 30 980";

      реттік нөмірі 217-жолдағы 2-баған "шкафтар, жәшіктер, телефон қораптары, таратқыш шкафтар, тіреулер*"; деген сөздермен толықтырылсын;
     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 217-1, 217-2, 217-3-жолдармен толықтырылсын:
    "217-1. Магнитті дискілер                                8523 20

     217-2   Күйтабақтар, таспалар және дыбыс                 8524-тен
             жазуға немесе осыған ұқсас
             жазбаларға арналған басқа да
             таратқыштар, жазылғандар*
     217-3   Өзіне қабылдау құрылғысын қамтитын               8525 20";
             беруші аппаратура

     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 218-1-жолмен толықтырылсын:
     "218-1. Радиотелефондық, радиотелеграфтық
             байланысқа немесе радиохабарларына
             арналған, дыбысты жазатын немесе                 8527 19 000,
             дыбысты шығаратын аппаратурамен бір              8527 21,
             корпуста бірге немесе бөлек                      8527 90 100,
             орналастырылған қабылдау аппаратурасы            8527 90 990";

     реттік нөмірі 219-жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "219.   Антенналар және барлық үлгілердегі
             антенналық бейнелегіштер; осы бұйымдармен
             бірге пайдаланылатын бөліктер                    8529 10";

     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 219-1, 219-2, 219-3, 219-4-жолдармен толықтырылсын:
     "219-1. Ғимараттарда пайдаланылатын, өрт
             қауіпсіздігін қамтамасыз етуге немесе
             сындырудан қорғауға арналған электрлі
             дабылқаққыш құрылғылары*                         8531 10 300
     219-2.  Коммутацияға немесе электр тізбектерін
             қорғауға арналған немесе электр тізбектеріне
             немесе 1000 В-тен артық кернеудегі электр
             тізбегіне қосуға арналған электр аппаратурасы
             (мысалы, ажыратқыштар, ауыстырып қосқыштар,
             бөлгіштер, сақтандырғыштар, жай тартқыштар,
             кернеуді шектегіштер, кернеудің                  8535
             секірмелілігін тежегіштер, байланыстырғыш        (8535 29 000
             қораптар, ток қабылдаушылар, ток алушылар)       -ден басқа)
     219-3.  Коммутацияға немесе электр тізбектерін
             қорғауға арналған немесе электр тізбектеріне
             немесе электр тізбегіне қосуға арналған
             электр аппаратурасы;
             басқа да құрылғылар                              8536 90
     219-4.  Пульттер, панельдер, консолдар, столдар,
             таратқыш қалақандар және электр
             аппаратуралары үшін негіздер, 1000 В-тан
             аспайтын кернеудегі 8517 тауар позициясының
             коммутациялық құрылғысынан басқа, оның ішінде
             өзіне аспаптарды немесе 90 топтағы құрылғыларды
             және сандық басқару аппаратын қосқан, электр
             тогын басқару немесе таратуға арналған 8535
             немесе 8536 тауар позициясымен екі немесе одан
             көп құрылғымен жабдықталған басқалары            8537 10";

     реттік нөмірі 220-жол мынадай редакцияда жазылсын:
     "220.   Пульттер, панельдер, консолдар, столдар,
             таратқыш қалқандар және 8537 тауар позициясының
             бұйымдарына арналған, бірақ тиісті аппаратурамен
             жинақталмаған басқа негіздер                     8538 10 000";

     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 220-3, 220-4, 220-5-жолдармен толықтырылсын:
     "220-3. Термокатодты, суық катодты немесе
             фотокатодты шамдар мен электронды түтіктер
             (мысалы, вакуумдық немесе бумен не газбен
             толтырылған шамдар мен түтіктер және сынаптық
             түзеткіштерге арналған шамдар мен түтіктер,
             электронды сәулелі түтіктер, беруші теледидарлық
             түтіктер)                                        8540
     220-4   Диодтар, транзисторлар және осындай жартылай
             өткізгішті аспаптар; модульге жинақталған немесе
             жинақталмаған, панелге енгізілген немесе енгізілмеген
             фотогальваникалық элементтерді қоса алғанда,
             фотосезімтал жартылай өткізгішті аспаптар; жарықты
             сәулелендіруші диодтар; жиналған пьезоэлектрлік
             кристалдар                                       8541
     220-5   Электронды интегральдық сызбалар мен
             микроқұрастырулар                                8542";

     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-1-жолмен толықтырылсын:
     "222-1. 80-В-тан аспайтын кернеуге арналған электр
             өткізгіштер, басқа жалғастырғыш тетіктермен
             жарақтандырылған және телекоммуникацияларда      8544 41 100
             қолданылатын басқалары                           8544 49 200";

     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 236-1-жолмен толықтырылсын:
     "236-1. Кинематографиялықтан басқа, бейнелеу             9008 10 000
             проекторлары                                     9008 30 000
                                                              -ден";

     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 259-1-жолмен толықтырылсын:
     "259-1. Сезімталдық шегі номинальдық токтың 0,05%-нен
             аспайтын электрондық, микропроцессорлық электр
             энергиясын есептегіштер, электр энергиясының
             есептегіштеріне арналған бөлшектер мен          9028 30-
             керек-жарақтар*                                 9028 90-нан".
     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады