"1941-1945 жж. соғыс ардагері" бірыңғай үлгідегі естелік белгісімен марапаттаудың және тапсырудың тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 наурыз N 448

      1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығын мерекелеуге байланысты және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкіметтерінің басшылары кеңесінің 1999 жылғы 8 қазандағы шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған "1941-1945 жж. соғыс ардагері" бірыңғай үлгідегі естелік белгісімен марапаттаудың және тапсырудың тәртібі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы N 448 қаулысымен бекітілген
 
 
           "1941-1945 жж. соғыс ардагері" бірыңғай үлгідегі естелік
          белгісімен марапаттаудың және тапсырудың тәртібі жөніндегі
                              нұсқаулық
 
      1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығы құрметіне "1941-1945 жж. соғыс ардагері" бірыңғай үлгідегі естелік белгісімен мыналар марапатталады:
      СССР Қарулы Күштерінің қатарында Ұлы Отан соғысының майдандарында ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер мен ерікті жалдамалы құраманың адамдары; Ұлы Отан соғысының партизандары, астыртын майданға қатысушылар, Ұлы Отан соғысы кезеңінде СССР Қарулы Күштерінде қызмет еткен әскери қызметшілер мен ерікті жалдамалы құраманың адамдары;
      "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін", "Жапонияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медалінің куәлігі немесе 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігі бар адамдар;
      Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегі үшін СССР ордендерімен, "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы айбынды еңбегі үшін", "Еңбектегі ерлігі үшін", "Еңбекте үздік шыққаны үшін", "Ленинградты қорғағаны үшін", "Москваны қорғағаны үшін", "Одессаны қорғағаны үшін", "Севастопольді қорғағаны үшін", "Сталинградты қорғағаны үшін", "Киевті қорғағаны үшін", "Кавказды қорғағаны үшін", "Советтік Заполярьені қорғағаны үшін" медальдарымен марапатталған тылдағы еңбеккерлер, сондай-ақ "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған не "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы айбынды еңбегі үшін" медалінің куәлігі бар адамдар.
      2. Естелік белгісімен марапатталатын Қазақстан Республикасы азаматтарының тізімін жасау және бекіту мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      осы нұсқаулықтың 1-тармағында көрсетілген адамдар қатарындағы азаматтарға тізімдерді N 1 нысан бойынша (қоса беріліп отыр):
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Республикалық ұланның, Президенттің Күзет қызметінің басқармалары мен бөлімшелері - осы органдарда есепте тұратын адамдарға;
      жергілікті атқарушы органдар - тұрғылықты мекен-жайлары бойынша жасайды.
      Тізімдерге, оларды жасауға жауапты лауазым иелерінің қолы қойылады және сол органдардың басшылары бекітеді.
      Марапаттауға арналған тізімдерге бір адамның қайта еніп кетуін болдырмау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Республикалық ұланның, Президенттің Күзет қызметінің басқармалары мен бөлімшелері тізімдерді тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органдармен келіседі.
      3. Осы Нұсқаулықтың 1-тармағына сәйкес естелік белгісімен марапаттау құқығын айғақтайтын зейнетақылық істеріндегі құжаттар естелік белгісімен марапатталуға арналған тізімдерді жасауға негіз болып табылады.
      Ондай құжаттарға мыналар жатуы мүмкін:
      қызыл әскер кітапшасы;
      әскери билет;
      әскери қызметті атқарғаны немесе жұмыс істегені туралы әскери бөлім басшылығы немесе тиісті мұрағат органдары берген анықтама;
      Ұлы Отан соғысының майдандарында, милитаристік Жапониямен соғыста алған жарақаты (контузиясы) туралы анықтама;
      "Ұлы Отан соғысы мүгедегінің куәлігі";
      "Соғысқа қатысушының куәлігі";
      Ұлы Отан соғысының кезеңдерінде ұрысқа қатысушы армияның құрамына кірген әскери бөлімдердің ерікті жалдамалы құрамының адамдарына берілген "Жеңілдіктерге құқығы туралы куәлік" (ашық-жасыл түсті);
      "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін", "Жапонияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталғаны туралы куәлік;
      "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы айбынды еңбегі үшін" медаліне куәлік;
      Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегі үшін СССР ордендерімен, "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы айбынды еңбегі үшін", "Еңбектегі ерлігі үшін", "Еңбекте үздік шыққаны үшін", "Ленинградты қорғағаны үшін", "Москваны қорғағаны үшін", "Одессаны қорғағаны үшін", "Севастопольді қорғағаны үшін", "Сталинградты қорғағаны үшін", "Киевті қорғағаны үшін", "Кавказды қорғағаны үшін", "Советтік Заполярьені қорғағаны үшін" медальдарымен, "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталғандығын растайтын құжаттар.
      Көрсетілген наградаларымен марапатталғандығын растайтын құжаттар жоғалған жағдайда естелік белгісін мемлекеттік мекемелердің марапатталғандығы жөнінде растап куәландыратын құжаттарының негізінде, не жоғарыда аталған медальдермен марапатталғандығы туралы еңбек кітапшасындағы жазудың негізінде тапсыруға болады.
      Куәлердің көрсетулері азаматтарды естелік белгісімен марапатталуға арналған тізімге енгізу үшін негіз бола алмайды.
      4. "1941-1945 жж. соғыс ардагері" естелік белгісін тапсыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының басшылары жүргізеді.
      Естелік белгісін тапсыру тәртібі тиісті атқарушы органдармен келісіледі.
      Марапатталғандарға естелік белгісімен бірге белгіленген нысандағы куәлік тапсырылады.
      1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығы құрметіне "1941-1945 жж. соғыс ардагері" бірыңғай естелік белгісі омыраудың оң жағына, басқа әскери белгілердің барлығынан жоғары тағылады.
      марапаттауға арналған тізімге естелік белгісінің тапсырылғандығы туралы тиісті жазу жазылады. Естелік белгілерін тапсыру аяқталғаннан кейін марапатталғандардың тізімі белгіленген тәртіппен тұрақты сақтауға жатады. Естелік белгісін тапсырудың өткізілгендігі туралы мәліметтерді (N 2 нысан) орталық және жергілікті атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар 2000 жылдың 1 маусымына қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне береді. Жергілікті жерлерден мәліметтерді берудің мерзімдерін атқарушы органдар белгілейді. N 1-нысан Бекітемін _______________ _______________ қала, аудан, облыс М.О. "1941-1945 ж.ж. соғыс ардагері" естелік белгісімен марапатталатын адамдардың Тізімі _____________________________________________________________________ N ! Тегі, аты, әкесінің!Үйінің мекен-жайы,!Тізімге!Белгі тапсырылған р/р! аты ! телефоны !енгізу !күн ! ! !үшін не! ! ! !гіз бол! ! ! !ған құ.! ! ! !жат ! ___!____________________!__________________!_______!_________________ 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ___!____________________!__________________!_______!_________________ ___________________________________________________ (лауазымы) (қолы, Т.А.Ә.) М.О. 2000 "____"____________ Осы тізім бойынша марапатталғандарға белгі тапсырылғанын куәландырады_______________________ (лауазымы) М.О. ________________________ (қолы, Т.А.Ә.) 2000 ж."____"_________ N 2 нысан _____________________________________________бойынша (қаласы, облысы, министрлігі, ведомствосы) "1941-1945 жж. соғыс ардагері" естелік белгісін 2000 жылғы___________________________ тапсыру туралы Мәліметтер ____________________________________________________ !Естелік белгісімен !Естелік белгілерінің бар. ! !марапатталғандардың ! лық тапсырылғаны ! !тізіміне барлық ! ! !енгізілгені ! ! !_______________________!__________________________! ___________________________________________________ ___(Жергілікті атқарушы органдардың, ҰҚК-нің, ІІМ-нің, Қорғаныс Министрлігінің, Республикалық ұланның, Президенттің күзет қызметінің басшылары) 2000 ж."___"_______ ____________________ ______________ (қолы, Т,А,Ә,) Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Икебаева А.Ж.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады