Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің қаулысы 2000 жылғы 28 наурыз N 450. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.14. N 674 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы" 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N  1917  және "Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауды жүзеге асырудың тәртiбi мен Қазақстан Республикасына әкелiнетiн экспорттық бақылауға жататын өнiмдi пайдалану жөнiндегi мiндеттемелердi ресiмдеу және олардың атқарылуын бақылаудың тәртiбiн бекiту туралы" 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N  1919  қаулыларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзиттің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N  1143  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: 
      1) 2-тармақтың 2)-тармақшасының күшi жойылды деп танылсын; 
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Экспорттық бақылауға жататын өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсатын берудің тәртiбiнде: 
      3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "Шешiмдердiң жобаларын дайындауды Қазақстан Республикасы Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттік комиссиясының жұмыс органы - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi (бұдан әрi - Жұмыс органы) жүзеге асырады"; 
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "6. Өтінiш Жұмыс органына өтiнiш берушi елiнiң ресми органдары арқылы берiледi."; 
      8-тармақтағы "Комиссияның" деген сөз "Жұмыс органының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      10-тармақта: 
      бiрiншi және екiнші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Жұмыс органына келiп түскен өтiнiш қоса берiлген құжаттармен бiрге Қазақстан Республикасы Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттік комиссиясының экспорттық бақылауына жататын өнiмдердiң экспорты-импорты және транзитi мәселелерi жөнiндегi кiшi комиссия мүшелерiне келiсуге жолданады. 
      Сараптама жүргiзу және Рұқсат берудің орындылығы туралы қорытындыны ресiмдеу үшiн құжаттар мынадай номенклатура бойынша тиiстi мемлекеттік органдарға келiсуге қосымша жолданылуы мүмкiн:"; 
      үшiншi абзацта "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Атом энергетикасы жөнiндегi комитетiне" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "қызметтiк және азаматтық қару, оқ-дәрi, жарылғыш заттар, жару құралдары және пиротехника - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне."; 
      алтыншы абзац алынып тасталсын; 
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Жұмыс органы Рұқсат беру туралы қаулының жобасын не өтiнiш берушiге Рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды және тиiстi құжатты Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөнiндегi мемлекеттік комиссиясы экспорттық бақылауға жататын өнiмдердің экспорты-импорты және транзитi мәселелерi жөнiндегi кiшi комиссиясының қаруына енгiзедi.";
      13-тармақтағы:
      "Кәсiпорын" деген сөз "Жұмыс органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Транзитке рұқсат" берiлгенi үшiн көлемi заңнамаға сәйкес белгiленетiн ақы алынады" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.     

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады