Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы N 483 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1144 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.10.2014 № 1144 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.02. N  900 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 заң күші бар Жарлығының 30-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2011.08.02. N 900 Қаулысымен.

     2. Осы қаулы 1999 жылдың 7 сәуірінен қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің
     бірінші орынбасары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің     
2000 жылғы 31 наурыздағы        
N 483 қаулысымен бекітілген        

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тұрғын үйді
ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы
алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері
лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.02. N 900 Қаулысымен.

      1. Қалалық, аудандық, желілік және кенттік ішкі істер басқармаларының (бөлімдерінің, бөлімшелерінің, пункттерінің) бастықтары мен олардың жедел жұмыс жөніндегі және тергеу жөніндегі орынбасарлары
      2. Тергеу (анықтау) және әскери тергеу департаменттерінің, бас басқармаларының, басқармаларының, қызметтерінің (бөлімдерінің, бөлімшелерінің) бастықтары және бастықтарының орынбасарлары
      3. Ішкі істер органдарының айрықша маңызды істер жөніндегі аға тергеушілері, айрықша маңызды істер жөніндегі тергеушілері, аға тергеушілері, тергеушілері, кіші тергеушілері, тергеушілердің көмекшілері, бас мамандары, аға инспекторлары мен инспекторлары, тергеу бөлімшелерінің, арнаулы полиция бөлімшелерінің жүргізуші-қызметкерлері, әскери тергеу бөлімшелерінің аға офицерлері, офицерлері және жүргізуші-қызметкерлері
      4. Барлық органдардың және бөлімшелердің айрықша маңызды істер жөніндегі аға анықтаушылары, айрықша маңызды істер жөніндегі анықтаушылары, аға анықтаушылары, анықтаушылары, анықтау инспекторлары мен жүргізуші-қызметкерлері, сондай-ақ анықтаушылардың функцияларын тікелей жүзеге асыратын бөлімдердің, бөлімшелердің бастықтары, әскери полицияның аға офицерлері, офицерлері және жүргізуші-қызметкерлері
      5. Құпия
      6. Қазақстан Республикасының ІІМ жанындағы "Сұңқар" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің командирі мен оның орынбасарлары, штаб бастығының орынбасары, аға инспекторы, кезекші бөлімнің бастығы, кезекшінің көмекшісі, бөлім бастығы, қопарғыш-инспекторы, бөлімше бастығы, мерген-шабуылшысы, қопарғыш-шабуылшысы, байланысшы-шабуылшысы, атқыш-шабуылшысы, автоброндытанк, арттехқару-жарақ, медициналық қызметтерінің бастықтары, жүргізуші-қызметкері, техник-байланысшысы
      7. Ішкі істер министрлігі бөлімшелерінің, Астана қаласы ішкі істер басқармасының, Алматы қаласы ішкі істер бас басқармасының, облыстардың ішкі істер бас басқармаларының (басқармаларының), көліктегі ішкі істер басқармаларының, қалалық, аудандық, желілік және кенттік ішкі істер бөлімдерінің (бөлімшелерінің, пункттерінің) мынадай қызметтері:
     криминалдық полиция
     Күзетке алу орындары департаментi
     Тоғызыншы департамент
     арнаулы техника
     жедел-криминалистикалық қызмет
     криминалдық барлау
     "Интерпол" ұлттық орталық бюросы
     ішкі қауіпсіздік
     арнайы полиция
     Әскери полиция департаменті
     Әскери-тергеу департаменті
     департаменттерінің, бас басқармаларының, басқармаларының, қызметтерінің (бөлімдерінің, бөлімшелерінің) бастықтары және бастықтарының орынбасаралары, айрықша маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілдері, айрықша маңызды істер жөніндегі жедел уәкілдері, аға жедел уәкілдері,жедел уәкілдері, кіші жедел уәкілдері, жедел уәкілдерінің көмекшілері, аға учаскелік инспекторлары, учаскелік инспекторлары, бас криминалистері, аға криминалистері, криминалистері, техниктері мен жүргізуші-қызметкерлері
      Ескерту. 7-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1755 қаулысымен.
      8. Ішкі істер министрлігінің, Астана қаласы ішкі істер басқармасының, Алматы қаласы ішкі істер бас басқармасының, облыстардың ішкі істер бас басқармаларының (басқармаларының), көліктегі ішкі істер басқармаларының, қалалық, аудандық, желілік және кенттік ішкі істер бөлімдерінің (бөлімшелерінің, пункттерінің), мамандандырылған күзет қызметi Республикалық бас басқармасының, облыстық (қалалық) басқармаларының, қалалық және аудандық бөлiмдерiнiң (бөлiмшелерiнiң) Жедел басқару орталығының бастығы, оның орынбасарлары, жедел қимылдау басқармасының, бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы, оның орынбасары, кезекші бөлімнің бастығы және оның орынбасарлары, жедел қимылдау басқармасы бастығының көмекшілері - жедел кезекшісі, жедел кезекшілері, аға инспектор-кезекшілері, инспектор-кезекшілері, ЭЕМ техниктері, "02" операторлары, жедел қимылдау басқармалары мен кезекші бөлімдері кезекшілерінің көмекшілері және жүргізуші-қызметкерлері.
      Ескерту. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.04. N 321 қаулысымен.
      9. Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң төрағасы және оның жедел iздестiру жұмысы, анықтау, қылмыстық-атқару инспекциясы, iшкi қауiпсiздiк қызметi, режим, қадағалау және күзет жөнiндегi орынбасарлары, ҚАЖ комитетi аумақтық органдарының бастықтары және олардың жедел iздестiру жұмысы, анықтау, iшкi қауiпсiздiк қызметi, режим, қадағалау және күзет жөнiндегі орынбасарлары, Ішкі істер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң және оның аумақтық органдарының жедел басқармасы (бөлiмi, бөлiмшесi), режим, қадағалау және күзет басқармасы (бөлiмi, бөлiмшесi), «А» бөлiмшесiнiң, қылмыстық-атқару инспекциясы бөлiмiнiң (бөлiмшесiнiң) бастықтары және бастықтарының орынбасарлары, аса маңызды iстер жөнiндегi аға жедел уәкiл, аға жедел уәкiл, жедел уәкiл, кезекшi бөлiм бастығы, аға кезекшi-инспектор, кезекшi-инспектор.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.02. N 900 Қаулысымен.
      10. Жедел-iздестiру жұмысы, режим, қылмыстық жазалауды орындау жөнiндегi бастықтар мен олардың орынбасарлары, жедел және режимдiк бөлiмдердiң (бөлiмшелердiң), режим және күзет бөлiмi бақылау қызметi бөлiмiнiң бастықтары мен бастықтардың орынбасарлары, аса маңызды iстер жөнiндегi аға жедел уәкiлдер, аға жедел уәкiлдер, жедел уәкiлдер, аға анықтаушылар, анықтаушылар, бастықтардың көмекшi кезекшiлерi, бастықтардың кезекшi көмекшiлерiнiң орынбасарлары, жасақтар, нарядтар, қарауылдар бастықтары, корпус бойынша аға, аға бақылаушылар, бақылаушылар, аға инспекторлар, режим және күзет бөлiмiнiң инспекторлары, пост полицейлерi, жүргізушi қызметкерлер, кезекшi инспекторлар, түзету мекемелерiнiң, тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының, белгiлi бiр тұратын жерi жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлушiлердiң кезекшiлерi.
     Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1755 қаулысымен.
       11. Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінде:
     жеке мамандандырылған және арнаулы батальондарда, роталарда, взводтарда, бөлімшелерде
     жеке батальондарда, роталарда, взводтарда
     батальондарда, роталарда, взводтарда, бөлімшелерде
     жедел қимылдау батальондарында, роталарында, взводтарында
     арнаулы мақсаттағы роталарда, взводтарда
     айрықша мақсаттағы отрядтарда, роталарда және взводтарда
     айдауыл қызметі роталарында, взводтарында, бөлімшелерінде
     моторландырылған взводтарда, бөлімшелерде
     патрульдік-күзет қызметінің батальондарында, роталарында,
взводтарында, бөлімшелерінде
    көлік полициясының роталарында, взводтарында, бөлімшелерінде, топтарында
     ішкі істер органдарының ғимараттарын күзету бөлімшелерінде
     санитарлық және табиғат қорғау қызметінің бөлімшелерінде
     полиция топтарында, учаскелерінде, жылжымалы пункттерінде және бақылау бекеттерінде қызмет өткеріп жатқан, қаржы-шаруашылық, кадр қызметтерінің, психологиялық жеңілдету бөлімшелерінің (топтарының) хатшылықтардың қызметкерлерін қоспағандағы саптық бөлімшелер: командирі, командирдің орынбасары мен көмекшісі, штаб бастығы және штаб бастығының көмекшісі, бөлім, бөлімше бастығы және бастығының орынбасары, кезекші бөлімнің, орталықтандырылған күзет пунктінің, техникалық бөлімнің, ветеринарлық қызметтің бастығы, аға инспектор-кезекші, аға инспектор, аға мемлекеттік автоинспектор, аға инженер, инспектор-кезекші, инспектор, мемлекеттік автоинспектор, инженер механик, кіші инспектор, полицей, техник, старшина, нұсқаушы, катер командирі, мерген, қопарғыш, аға жауынгер, шабуылшы топтың жауынгері, ветеринарлық фельдшер, кезекші

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады