Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1144 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 29 қазандағы
№1144 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 483 қаулысы.
      2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 49-50, 590-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы.
      3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі № 321 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы.
      4. «Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 695-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады